орнамент

Түркітілдес елдер ақындары бас қосты

«Отарқа» газетінің редакторы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жанаргүл Қадырова Түркияның Адана қаласында өткен түркітілдес елдердің ІҮ Халықаралық поэ-зия және музыка фестиваліне қатысып қайтты. Осы шарада тұсауы кесілген түркі елдері шайырларының антологиясына Жанаргүлдің жырлары қазақ тілінде латын қарпімен енгізілген.

Толығырақ
IRE_1059

Астанадан — ән шашу

Соңғы уақытта «Өнер» мәдениет сарайының сахнасында елімізге танымал өнерпаздар өнер көрсетіп жүр. Күйбең тіршіліктен бір сәт арылуды ұмытпаған екібастұздықтар концертке баруды әдетке айналдырған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Астананың 20 жылдығына орай еліміздің 5 шағын қаласында концерт ұйымдастыру жос-парланыпты.

Толығырақ
орнамент

«Телтума – менің тағдырым»

«Неміс тілінің аудармашысы Рауза Мұсабаева қазақ, орыс, неміс ақындарының өзі сүйетін көптеген жырларын жатқа оқиды. Лессинг, Гёте, Шиллер, Гейне балладаларын және Моритц Хартман өлеңдерін немісше қылдай акцентсіз толғай айтқанда, бағзы қазақ халқына тән ерекшелік – эпостық жадының кереметтігіне бек сүйсінесің».

Айгүл Кемелбаева, жазушы, эссеист

Толығырақ
орнамент

Қош, қазақ тілінің жоқтаушысы!

Ажал айтып келмейді. «Адамзат сапарының мейманымыз, бiр мезет жер бетiне кетер соғып» деп Қасым Аманжолов жырлағандай, дүниеден өту – заңдылық.
Газетімізге қамқор көңілмен қарайтын батагөй қария, ұлағатты ұстаз Қайролла Қостанбеков 92 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қайролла Нұрмағамбетұлы 1927 жылдың 15 тамызында Омбы облысының Дробышев ауданына қарасты Сулықамыс ауылында туды. 

Толығырақ
WhatsApp Image 2018-09-20 at 17.34.40

Жарайсың, Абзал!

Жуырда қала әкімінің баспасөз хатшысы болып еңбек жолын жалғастырған Абзал Қабдраш Бурабай ауданының 90 жылдығына арналған «Арқада Бура-байға жер жетпейді» атты аймақтық айтыста 1-орынды жеңіп алды. Аудан орталығы — Щучинск қаласында өткен айтысқа Ақтөбе, Астана, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Ерейментау және Павлодар өңірінің намысын жыртқан жас ақындар қатысқан.

Толығырақ
Батырлар_жыры.TIF

Дархан даланың данагөйі

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда жасап өткен дала данагөйлерінің бірі – Қанжығалы Бапан би Тұраналыұлы. «Тегінде бар – теріс кетпес» дегендей, Бөгенбай батырдың бел немересі болып табылатын Бапан би өз заманында ағайын арасының даушарынан асып, ақылмандығымен Алашқа танылған тұлға. Оған дәлел – «Бапан айтыпты» деп, бүгінге жеткен әңгімелер.

Толығырақ
орнамент

Тылсым сурет әлемі

Қылқалам тудырған ғажайып дүниелер көңіліңді әр қиырға жетелейді. Бір суретті әр адам өз қиялы тұрғысынан түсінеді. Мұнда тіпті «түсіну» деген сөздің өзі артық іспетті. Дұрысы — тану, сол тылсым әлемге бойлау. Қаламыздағы балалар көркемсурет мектебінде кәсіпқой суретшілер көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда Арайлым Манабаева, Марина Молчанова, Ольга Гензе есімді үш арудың қолынан шыққан өнер туындылары көрермен назарына ұсынылды. Бұл туындылар халықаралық байқаудан жүлделі орын алған болатын. Бірі – тігінші, бірі инженер мамандығы бойынша жұмыс істейтін бұл адамдарды біріктіретін күш – тылсым сурет әлемі. Үшеуі жұмыстан соң осы мектепте сабақ алады.

Толығырақ
DSC_4374

Татулық пен бірліктің ұясы

Татулық пен достықтың ұясына айналған қаламыздағы Достық үйі қос қуанышты қатар қарсы алды. Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қасбеті күрделі жөндеуден өткен ғимараттың есігі айқара ашылды. 

Толығырақ
Айбар Касеналин

Жұрт білмейтін Ақбидайық

Қазақтың салқар даласында төбе де, төбешік те көп. Маңайындағы елдің көзі үйренгендіктен болар, елей бермейді. Бірақ әр төбенің ішіне бүккен сыры бар екені анық. Ондағы тұнған тарих көмбесін дала шарлап, бабалардың ізін қуған археологтар аршып алып, қалың жұртқа әйгілеп жатады. Құлакөл ауылы сыртындағы Ақбидайық шатқалы — көне дәуір ізі тасқа таңбаланған жер. Таяуда осы шатқалда «Жұмбақ жер» экспедициясы болып қайтты.

Толығырақ
орнамент

Жаңғыру жазудан басталады

Қала әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен орталық кітапханада «Жаңғыру жазудан басталады» тақырыбында семинар өтті. Семинарға түрлі кәсіпорындар мен мекемелерде еңбек етіп жүрген тіл мамандары мен аудармашылар қатысты.

Басқосуға қазыналы қария – ғалым Бектемір Кәрім қатысып, латын қарпі туралы ой-пікірін білдірді. «Жазу тарихын оқып-білемін дегендеріңіз болса, «Отарқа» газетінде жарияланған Назымгүл Нұр-таеваның «Қазақ халқының жазу өнері туралы» мақаласын тауып алыңыздар», — деп бастады сөзін Бектемір Кәрімұлы.

Толығырақ