орнамент

Жыр тұмасы — Тұмағаң

Ақын Тұманбай Молдағалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай «Жыр тұмасы — Тұмағаң» атауымен әдеби музыкалық композиция болып өтті. Қалалық орталық кітапханада ұйымдастырылған жыр кеші дүниежүзілік поэзия күніне орайластырылды. Оған ЕКИнЕУ колледжінің І курс студенттері мен кітапханашылар қатысты.

Толығырақ
театр

«Маска» театры — сахнада

27 наурыз – Халықаралық театр күні. Қаламыздағы «Маска» театр студиясының құрылғанына қыркүйек айында 15 жыл толады. Театр жетекшісі Любовь Ермакованың айтуынша, студияға 50-ден астам мектеп оқушысы қатысып, әртістік қабілетін шыңдап жүр. Соның ішінде 8 мүгедек бала бар.

Толығырақ
орнамент

Терроризмнен төнген қауіп көп

Терроризм мәселесі бүгінгі таңда төрткүл дүниенің бас ауруына айналды. Кейбір мемлекеттер мен белгілі бір топтар террорлық әрекетті бірқатар саяси мәселелерді шешуде пайдаланады. Ондағы мақсат – жан түршігерлік әрекет арқылы субъективтік тұрғыда толғағы жеткен белгілі бір шешімнің қабылдануына қысым жасау не болмаса қарсылық білдіру.

Толығырақ
орнамент

Діни сауаттылықтың маңызы зор

Павлодар облыстық дін істері басқармасы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» Екібастұз әкімдігі ішкі саясат бөлімі жанындағы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығымен бірлесе отыра, «Қазіргі кездегі дінтану және исламтану өзектілігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Басқосуға мемлекеттік мекемелер мен дәстүрлі дін өкілдері, студент жастар шақырылды.

Толығырақ
DSC_6361

«Балапан» қанаттандырды

«Кайнар» балалардың бос уақытын қамту орталығының ұйымдастыруымен  «Өнер» қалалық мәдениет сарайында «Балапан – 2015» облыстық балалар шығармашылық сайысының қорытынды концерті болды.Облыстың барлық өңірінен қатысқан талантты оқушылардың өнер сайысы көрермен көңілінен шықты.

Толығырақ
Шушаева-2

Мәдениет саласының үздігі атанды

Таяуда екібастұздық әнші Ләззат Шушаева «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды. Ләззат Салықызы – Екібастұз қаласының мәдени бастауында тұрған өнерпаз, ұйымдастырушы. Қазақтың салт-дәстүрін жаңғырту, ұлттық өнерді насихаттауда ерен еңбегі бар қызметкер.

Толығырақ
124

Картиналар каталогқа енгізілді

Суретші Л.В.Брюммердің туғанына 125 жыл толуына орай «Туған өлкем, сені жырлаймын!» атауымен балалар көркемсурет туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Павлодар облыстық көркемсурет музейінде ашылған көрмеге облыс көлемінен 47 картина ұсынылды. Көрмеге Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының көркемсурет мектептері мен студияларында оқып жүрген шәкірттердің жұмыстары қойылды.

Толығырақ
орнамент

ГЕРАҒА немесе халықтар достығының дәнекері

Герольд Бельгер!

Бұл есім қаймана қазақтың құлағына әлдеқашан сіңісті болып кеткен. Неге? Не себеп? Оның сыры тереңде…

Ұлы Отан соғысы басталған жылы ата-анасымен Еділ бойынан қазақ жеріне күштеп көшірілген неміс жұртының арасында жеті жасар бала Гера да бар еді.

Толығырақ