орнамент

Діни сауаттылықтың маңызы зор

Павлодар облыстық дін істері басқармасы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» Екібастұз әкімдігі ішкі саясат бөлімі жанындағы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығымен бірлесе отыра, «Қазіргі кездегі дінтану және исламтану өзектілігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Басқосуға мемлекеттік мекемелер мен дәстүрлі дін өкілдері, студент жастар шақырылды.

Толығырақ
DSC_6361

«Балапан» қанаттандырды

«Кайнар» балалардың бос уақытын қамту орталығының ұйымдастыруымен  «Өнер» қалалық мәдениет сарайында «Балапан – 2015» облыстық балалар шығармашылық сайысының қорытынды концерті болды.Облыстың барлық өңірінен қатысқан талантты оқушылардың өнер сайысы көрермен көңілінен шықты.

Толығырақ
Шушаева-2

Мәдениет саласының үздігі атанды

Таяуда екібастұздық әнші Ләззат Шушаева «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды. Ләззат Салықызы – Екібастұз қаласының мәдени бастауында тұрған өнерпаз, ұйымдастырушы. Қазақтың салт-дәстүрін жаңғырту, ұлттық өнерді насихаттауда ерен еңбегі бар қызметкер.

Толығырақ
124

Картиналар каталогқа енгізілді

Суретші Л.В.Брюммердің туғанына 125 жыл толуына орай «Туған өлкем, сені жырлаймын!» атауымен балалар көркемсурет туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Павлодар облыстық көркемсурет музейінде ашылған көрмеге облыс көлемінен 47 картина ұсынылды. Көрмеге Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының көркемсурет мектептері мен студияларында оқып жүрген шәкірттердің жұмыстары қойылды.

Толығырақ
орнамент

ГЕРАҒА немесе халықтар достығының дәнекері

Герольд Бельгер!

Бұл есім қаймана қазақтың құлағына әлдеқашан сіңісті болып кеткен. Неге? Не себеп? Оның сыры тереңде…

Ұлы Отан соғысы басталған жылы ата-анасымен Еділ бойынан қазақ жеріне күштеп көшірілген неміс жұртының арасында жеті жасар бала Гера да бар еді.

Толығырақ
алиб

Әлібектен өнеге алайық!

Өткен аптада қаламыздағы №18 жалпы орта білім беретін мектебінде осы білім ордасының 10 «Ә»-сынып оқушысы Әлібек Рахымжановтың ән кеші өтті. Әлібектің бұл кеші әдеттегі концерттерден өнегесімен ерекшеленіп, қайырымдылық мақсатты көздеді.Қала көлеміндегі қайырымдылық шарасы дегенде, еске алдымен жылына екі мәрте ұйымдастырылатын марафон түседі.

Толығырақ
аф

«Нұр-Жұлдызға» — 10 жыл

«Ән салмаса құрысын ән салмаған, ән сал, жаным, әніңмен жан сал маған…» деп Мұқағали ақын жырлап кеткеніндей, ән өнеріне тамсанбайтын, табынбайтын адам кемде-кем. Ал оның қыры мен сырына жете үңіле, бейнетін зейнетке айналдырып, тарыдай талантына таудай талабын ұштастыра білген азаматтар қаншама?!

Толығырақ