орнамент

ӘСЕРЛІ ӨТКЕН ӘДЕБИ КЕШ

Орталық кітапханада ақын, мемлекеттік және «Тарлан» сыйлықтарының иегері Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған әдеби кеш болып өтті. Оған ЕКИНЕУ студенттері мен «Зерде» мектебінің оқушылары қатысты.

Толығырақ
сурет-1

Суретшілер ұстаханасы

Биыл қаламыздағы балалар көркемсурет мектебінің құрылғанына 30 жыл толды. Осыған орай көркемсурет мектебінде салтанатты кеш ұйымдастырылды. Балалар көркемсурет мектебінің іргесі алғаш 1984 жылы қаланған болатын. Тұңғыш директоры қаламызға белгілі суретші, білім беру ісінің құрметті қызметкері Сергей Пантелеев. Бүгінде сурет мектебін Ғинаят Сыздықов басқарады. Отыз жыл ішінде мектеп түрлі қиындықтарды артқа тастады, қазір шығармашылық даму жолында.

Толығырақ
орнамент

Ұлт өнерінің бесігі

Ұлық мереке қарсаңында өткенге салауат, өркенге ұлағат етіп, өңіріміздің егемендік алғаннан бергі мәдени жолын тағы бір шолып өтуді мақсат еткен «Атамұра» мәдени орталығы «Ұлт өнерінің бесігі — Атамұра» атты мәдени шара ұйымдастырды.

Толығырақ
выставка

Егемендік — ел мұраты

Егемендік мерекесі қарсаңында қалалық өлкетану мұражайы келушілер назарына Тәуелсіздік залын ұсынды. Мұнда сан ғасырлар бойы азаттық аңсаған елдің кешегісі мен бүгіні бейнеленген. Қалалық өлкетану мұражайындағы тәуелсіздік залы 2011 жылдың желтоқсан айында салтанатты түрде ашылған болатын.

Толығырақ