орнамент

Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ

Екібастұз қаласының әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысында ішкі істер бөлімінің діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы әрекетіне қатысты жұмысы баяндалды. Тақырыпты тарқатқан ҚІІБ басшысы Дамир Сиразидимов іс-шаралар барысында «Хизбут-Тахрир» идеологиясын таратушылардың өңірімізде әрекеттерін тоқтатқанын, бұл идеология тарапынан қауіптің жоқтығын тілге тиек етті.

Толығырақ

Алғыс хат алды

1 маусым- халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени сауық қызметі орталығында «Ертіс-Баян жұлдыздары» өнер фестивалінің аясында «Жауқазын»  көркемөнерпаз балалар шығармашылығы сайысы өтті.

Толығырақ

Балғын суретшілер байқауы

Балғын суретшілердің қалалық «Әсем әлем» конкурсы биылғы жылы осымен алтыншы рет өткізілді. «Қайнар» балалардың бос уақытын қамту кешенінде болып өткен байқауға тек қаладағы мектепке дейінгі мекемелер ғана емес, сонымен бірге,  Байет пен Бесқауға ауылдарындағы шағын балабақша тәрбиеленушілері де қатысты.

«Менің бақытты күнім!» деп аталған биылғы байқауға 25 балабақшадан барлығы 212 жұмыс ұсынылды.

Қазылар алқасы үшін түрлі-түсті суреттердің ішінен ең ерекшесін табу оңайға түспеді. Саралай келе, бас жүлдеге №1 балабақша тәрбиеленушісі Дарья Левашева лайық деп танылды. Енді балғын суретші бір жыл бойы жергілікті балалар көркемсурет мектебінде ақысыз оқитын болады.

Толығырақ
орнамент

Төрайым ауысты

«Достық» үйінде Мұсылман әйелдер лигасының отырысы болып өтті. Оған қала әкімінің орынбасары А.Марданова, қалалық мәслихат депутаты Ғ.Балтабекова, ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Мұхамеджанова, тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің басшысы А.Жұмабаева, лига мүшелері, жергілікті кәсіпорындар мен мекемелердегі әйелдер қауымы қатысты.

Толығырақ