20140325_123026

«Жас толқын» жайып қанатын

Балалардың көктемгі демалысында Астана қаласында жас музыканттардың VIII халықаралық «Ақ көгершін» фестиваль-конкурсы болды. Алматы қаласындағы  «Балалар қоры» ұйытқы болған шараға Екібастұздан да жас домбырашылар барды. Олар жергілікті балалар музыка мектебіндегі домбыра класында сабақ беретін Анаргүл Еркебұланова жетекшілік ететін «Жас толқын» ансамблі. 

Толығырақ

«Очарование» Алматыны бағындырды

16 наурыздаАлматықаласындаөткен «Күншуақ» республикалықфестиваліне 3-7 жасаралығындағыбүлдіршіндерқатысты. Фестивальүшкезеңненөткізілді. Оғанеліміздіңтүпкір-түпкірінентүрлібитоптарыкелді.

Толығырақ
3бет (1)

Дін мен дәстүр – ажырамас ұғым

Газетіміздің өткен санында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әрі Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қолдауымен жарық көрген «Дін мен Дәстүр» атты І кітаптың екібастұздықтарға таратыла бастағанынан құлағдар еткен болатынбыз.

Толығырақ
орнамент

Дәстүрлі дін және жастар

Қазақстан мұсылмандары діни басқар-масы және Бас мүфти Ержан қажы Мал-ғажыұлының қолдауымен «Дін мен дәстүр» атты көпсериялы кітаптар жинағының алғашқы бөлімі жарыққа шықты.

6 наурызда  Екібастұз қалалық «Жастар бастамаларын дамыту» орталығында «Дәстүрлі дініміздің жастарға әсері» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш тақырып аясында жастардың өтінішімен  мағыналы да маңызды шара ұйымдастырылды.

Толығырақ
орнамент

Елімнің дара тұлғасы

4 наурыз күні Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Шәкен Кенжетайұлының 100 жылдығына ар-налған «Елімнің дара тұлғасы» атты көрме ұйымдастырылды.

Толығырақ
орнамент

«Тақиялы періштенің» түсірілгенін көріп едім»

Уақыт қанша жерден алға озғанымен, санада көмескіленген естелік жаңғырып, көз алдыға келеді. Әсіресе, жақсымен өткізген бір сәттің өзі жылға азық. Бақтыбай Бүкірұлы әйгілі жерлесіміз Шәкен Аймановпен жүздескен кезін жадында жаттап қалды. Оған да қырық алты жылдың жүзі болыпты.

Толығырақ

«Жұрт мені қатал дейді…»

Фариза ақынды еске алу«Фариза, Фариза қыз, Фаризажан…» деп ақиық ақын Мұқағали жырға қосқан қазақтың маңдайына біткен ақын қызы Фариза Оңғарсынова қаңтарда дүниеден өтті. Фариза ақын ғана емес, мемлекет және қоғам қайраткері, қарымды жазушы да еді. Махамбеттің өткір жырларымен сусындаған оның ақын болмауы, қылыштың жүзіндей, жебенің өзіндей өткір де шыншыл болмауы мүмкін еместей. Ер мінезді Фариза апамызды еске алу кеші ақпанның соңғы күнінде «Қайнар» ББК-да ұйымдастырылды. Зал көрерменге толы болды.

Толығырақ

Сол бір кеш есімде

2003 жылы 16 ақпанда қазақтың көрнекті ақыны, ҚР  Халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынова  Екібастұз өңірінің өлең сүйер,өнер сүйер қауымымен кездесті. «Өнер» мәдениет орталығында ине шаншар жер болған жоқ және қанша халық сыртта залға кіре алмай тұрды.

Толығырақ