«Жұрт мені қатал дейді…»

Фариза ақынды еске алу«Фариза, Фариза қыз, Фаризажан…» деп ақиық ақын Мұқағали жырға қосқан қазақтың маңдайына біткен ақын қызы Фариза Оңғарсынова қаңтарда дүниеден өтті. Фариза ақын ғана емес, мемлекет және қоғам қайраткері, қарымды жазушы да еді. Махамбеттің өткір жырларымен сусындаған оның ақын болмауы, қылыштың жүзіндей, жебенің өзіндей өткір де шыншыл болмауы мүмкін еместей. Ер мінезді Фариза апамызды еске алу кеші ақпанның соңғы күнінде «Қайнар» ББК-да ұйымдастырылды. Зал көрерменге толы болды.

Толығырақ

Сол бір кеш есімде

2003 жылы 16 ақпанда қазақтың көрнекті ақыны, ҚР  Халық жазушысы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынова  Екібастұз өңірінің өлең сүйер,өнер сүйер қауымымен кездесті. «Өнер» мәдениет орталығында ине шаншар жер болған жоқ және қанша халық сыртта залға кіре алмай тұрды.

Толығырақ
АҚЫН ҚАЛАМБАЕВА

Өмірге құштар жан еді

АҚЫН ҚАЛАМБАЕВА«Қайнар» ББК-да қаламызға белгілі ақын, марқұм Күлшат Қаламбаеваның «Души хрустальные осколки» атты кітабының тұсаукесері болды. Мұнда марқұмның туыстары мен сыйлас достары, онымен шығармашылық байланыстағы азаматтар, басқа да көрермен қауым жиналды.

Толығырақ

Жаңа кітап жарық көрді

Қалалық тарихи-өлкетану музейінде белгілі қолөнер шебері Зылиха Төлегенова жайлы сыр шертетін жазушы Ж.Қоғабаевтың «Оюында ой-орман, өрнегінде аққу-қаз» атты деректі кітабының тұсауы кесілді. Деректі кітапта саналы ғұмырын ұлттық қолөнерді дамытуға арнаған ісмер, көп балалы ана З.Төлегенованың өмірі мен өнер жолы көркем тілмен баяндалған. Сонымен қатар кітапқа әр жылдары қалалық, облыстық басылымдарда жарық көрген ұлттық қолөнерді дамытушы…

Толығырақ

Алып тұлғаның әдеби мұрасы

Биыл  көрнекті жазушы, ақын Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл. Орталық кітапханада ақынның мерейтойына арналып «Алып тұлғаның әдеби мұрасы» атты оқырман конференциясы өткізілді. Поэзия, проза, драматургия саласында қалам тербеген Б.Майлиннің шығармашылығы осы шараға арқау болды. Оқырман конференциясына №2 қазақ орта мектебі мен №25 қыздар гимназиясының оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты. Кітапхана қызметкерлері Күнтай Бәстемиқызы мен Мәдина Қуандыққызы…

Толығырақ
ornamentkz

Талантқа тағзым

Жергілікті тарихи-өлкетану музейі талантты актер, режиссер КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың жүз жылдығын атап өтті. Оған ЕКИНЕУ колледжінің студенттері қатысты.

Толығырақ

Діни экстремизмге қарсы күрес қалғымайды

Қазіргі заманда діни экстремизм қоғам үшін үлкен қауіп-қатер төндіріп отыр. Оның алдын алу мақсатында жергілікті «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту» орталығы ақпан айының басында «Қазақтелеком» АҚ Екібастұз бөлімшесі және Нұржанов атындағы МАЭС-1 стансасының ұжымымен кездесу өткізді. Жүздесудің негізгі мақсаты –  мемлекет тарапынан конфессиялық саясатқа қатысты мәселені егжей-тегжейлі түсіндіру. Өйткені дәл қазіргі уақытта ел көлемінде теріс…

Толығырақ

Халықты қауіпті жолдан сақтандырды

Жақында Екібастұз қаласына Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының бас маманы Сансызбай Шоханов келіп, мұсылман жамағатпен кездесті. Кездесуде сөз алған 70 жастағы ақсақал жоғары білімді немересінің қызметін тастап, сақал өсіріп, шалбарын қысқартып тастағанына шағымданды. — Әке-шешесін де, мені де тыңдамайды. Оған не істесе болады?- деп сұрады. Сансызбай Шоханов баланың адасқанын айтып, мешітке әкеліп, имамға жолықтыру қажеттігін түсіндірді.…

Толығырақ