Суретші Тюмин

Екібастұз тарихи-өлкетану музейінің көрме залында қарағандылық  суретші, Бүкілодақтық Үшінші суретшілер сайысының лауреаты Вячеслав Федорович  Тюминнің  дербес көрмесінің  ашылу салтанаты  өтті. Оған Екібастұз қаласының атақты суретшілері мен көркемөнер сурет мектебінің шәкірттері және осы көрменің ұйымдастырылуына ұйытқы болған Елена Вячеславовнаның қа-дірменді қонақтары, достары, жақын-жуықтары қатысты. Кеш барысында жанашыр қыздары мен жиені В.Ф.Тюминнің шығармаларын оқып, сүйікті әндерін шырқады.…

Толығырақ

Асыл дінің үмбетіңе аманат

Екі дүние сардары сүйікті Мұхамед (с.а.с.) пайғамбарымыздың туған күні — Мәуліт мейрамын атап өту дәстүрге айналды. Қалалық мұсылмандар мешітінің ұйымдастыруымен «Өнер» мәдениет орталығында өткізілген шараға жиналған қауымға қала әкімінің кеңесшісі Нияз Макраев қала әкімінің құттықтауын жеткізді. Осыдан кейін экраннан Мұхамед пайғамбардың өмірі мен ислам дінін уағыздаудағы ерен қайраткерлігі жайында бейнефильм көрсетілді. Екібастұз мұсылмандар мешітінің бас…

Толығырақ
_DSC0300

Нұргүл Қуандық: «ПЛАСТИКАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ СӘНГЕ АЙНАЛҒАН»

Алматыдағы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның соңғы курсында дәулескер домбырашы Айгүл Үлкенбаеваның класында оқып жүрген Нұргүл Қуандық таяуда редакцияға бас сұқты. Қос ішекті домбыра мен жетігенді өзіне серік еткен Нұргүл өткен күзде Оңтүстік Кореяда болыпты.

Толығырақ

Батырлар рухына тағзым

Биыл халық қамқоршысы, жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күреске қатысқан Олжабай Толыбайұлының 305 жылдық мерейтойы жер-жерде аталып өтуде. Екібастұз қалалық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында «Елдік пен ерліктің өшпес рухы» атты еске алу кеші өтті. Шара барысында қазақ тарихында өр рухты батырлар қатарынан орын алған Олжабай Толыбайұлының өмірі, батырлығы жайлы сыр шертілді. Жаугершілік заманда ерлік көрсетіп, халық…

Толығырақ
DSC_9487

Асыл дінің үмбетіңе аманат

Екі дүние сардары сүйікті Мұхамед (с.а.с.) пайғамбарымыздың туған күні — Мәуліт мейрамын атап өту дәстүрге айналды. Қалалық мұсылмандар мешітінің ұйымдастыруымен «Өнер» мәдениет орталығында өткізілген шараға жиналған қауымға қала әкімінің кеңесшісі Нияз Макраев қала әкімінің құттықтауын жеткізді. Осыдан кейін экраннан Мұхамед пайғамбардың өмірі мен ислам дінін уағыздаудағы ерен қайраткерлігі жайында бейнефильм көрсетілді.

Толық нұсқасын газеттен оқисыздар

Қобыз сыры

Музыка мектебі тұңғыш рет жас қобызшылардың «Қобыз сыры» байқауын ұйымдастырды. Қорқыттан қалған қобызда ойнауда он бір оқушы шеберлік көрсетті. Олар халық, шетел композиторлары, сондай-ақ классикалық шығармаларды орындады.  Нәтижесінде орта топ бойынша Ш.Темірғалиеваның шәкірттері Айана Шортанбаева мен Жәкіш Сымбат, үлкен топта Әсия Нұртай  І орынға лайықты деп танылып, арнайы кубок иеленді. Орта топта Меруерт Хадірбаева /мұғ.А.Докулова/…

Толығырақ

Тарихты тарқатқан кітаптар

Ғалым әрі қаламгер Серік Жақсыбаев биыл сексеннің сеңгіріне шықты. Жасының ұлғайғанына қарамастан қаламгер соңғы жылдары қазақ тарихына қатысты шығармалар жазып жүр. Орталық кітапханада С.Жақсыбаевтың «Об этногенезе народа Казахского» және Қ.Ниязбековпен бірлесе шығарған «Қазақ жайлы сөз» атты кітаптарының тұсаукесері өтті. «Қазақ жайлы сөз» кітабы 164 беттен, 5 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде авторлар Қазақ хандығының құрылуы туралы…

Толығырақ
DSC_5749

Екеуіне адалдық адастырмайды

«Қазақ халқының ислам дінімен таныс болғанына мың екі жүз жылдан астам уақыт өтті. Содан бері салт — санасы, әдет-ғұрпы, әдебиеті мен мәдениеті мұсылмандыққа бейімделіп, ақырында ислам діні халық ділімен біте қайнасып, ұлттық болмыстың ажырамас бөлігіне айналды». Бұл дәйексөз Қазақстан діни басқармасы төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен дәстүр» атты кітабынан алынып отыр.

Толығырақ

Жүрсін есімі «Атамұраға» берілсе…

Құлакөл ауылдық клубында Естай Беркімбайұлының  145 жылдығы мен «Атамұра» мәдениет орталығының 20 жылдығына арналған мәдени кеш өтті. Оған «Атамұра» мәдениет орталығы мен ауыл өнерпаздары ұйытқы болды. Естай ақынның шығармашылығын ел арасында дәріптеп жүрген Серік Занов әйгілі жерлесіміз жайында әңгімелеп берді. Әншілер Жомарт Қабыкенов, Сұңғат Көпежанов Естай әндерін нақышына келтіре орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Ауыл клубының…

Толығырақ