Болашақ ұстаның жұлдызы жарқырады

«Өнер» қалалық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен қарашаның 6-шы жұлдызы күні студент жастар арасында «Екібастұз жұлдыздары» атты байқау өтті. Оған қаламыздағы түрлі колледждерде дәріс алып жүрген 10 өнерлі жас қатысып, бақ сынады.

Толығырақ

Аңсаған арман

Жақында Солнечный кентіндегі «Мақпал» мәдениет үйінде Гүлжамал Әбілова «Аңсаған арман» атты жеке шығармашылық концертін берді.  Сәні келіскен сахна  шымылдығын  ару қыз «Аққу» биімен ашып, көрерменді бірден өзіне баурап алды. Гүлжамалдың орындауындағы грузин,түрік, үнді, испан халқының билері талғампаз көрерменнің көнілінен шықты. «Ана – әке», «Перзент парызы», «Асыл досым», «Қазақ елі», «Осень», «Водолей» әндері кеш сәнін кіргізе…

Толығырақ

«Қамажайдың» тарихында жаңсақтық жоқ

-Ырғақтан қалмаңыздар. Әнді айғайламай айтамыз,- деп «Қамажай ансамблінің жетекшісі Гауһар Кәрімова басын изеп еді, ұлттық киімдегі әжелер халық әндерін тамылжыта шырқай жөнелді. Сахнада халық көңілінен жиі шығып жүрген әжелердің кейбіреуі әннің ырғағымен үйлесімді билеп, образға енген.  Құдды халық әндері әжелер хорына арналып жазылған ба дерсің!

Толығырақ

Айшықты өнер додасы

Қазақтың қанын қыздырып, деле-бесін қоздыратын халқымыздың төл өнерінің бірі — айтыс. «Айтыс – қазақ-тың ұяты, намысы, рухы» деген екен осы өнерді көзінің қарашығындай аялап, кейінгі ұрпаққа жеткізе білген Жүрсін Ерман. Айтыс біткеннің тартыссыз өтпейтіні де сондықтан болар, бәлкім. Осындай тарысты да, қызықты айтыс жексенбі күні «Өнер» ҚМО-да өткізілді. Қаламыздағы қазақы орда — «Атамұра» мәдениет орталығының…

Толығырақ

Рухани жұтаңдық жақсылыққа апармайды

Өткен сәрсенбіде №25 қазақ қыздар гимназиясында жалпы орта білім беретін мекемелерде конфессияаралық қатынастарды дамытуда ақпараттық-насихат тобының жұмысын жетілдіру мақсатында жиын болып өтті. Оған қаладағы қазақ мектептерінің мұғалімдері  қатысты.

Толығырақ

Діни сауаттылықтың маңызы

Алды-артын болжап үлгермеген албырт жас әдетте тосын жаңалыққа құмар, әр нәрсеге еліктегіш келеді. Мұндайда оларға бағыт-бағдар беретін ұстаздың ықпалы зор. Ұстараның жүзіндей аумалы-төкпелі мына заманда жастардың теріс ағымдардың жетегіне ермеуі үшін діни сауаттылықтың маңызы зор. 

Толығырақ
DSCN3065

Қояндыдағы әдеби кеш

1 қарашада жол түсіп Қоянды ауылында болдық.  Бұл күні мектеп балаларынан құрылған «Шабыт» шығармашылық тобы өзінің 1 жылдық есеп беру шарасын өткізді. Әдеби кешті тамашалауға топ мүшелерінің ата-аналары, ауыл үлкендері жиналыпты. Кішісінің таңдайы тақылдап, үлкені образға ене оқыған өлеңдерді сүйсіне тыңдаған көрермен қошемет көрсетуде алақан аяған жоқ. Немерелерінің тебірене оқыған өлең жолдарын құлақ түре тыңдаған әжелер қөздеріне мөлдіреп келген жасты да жаулық ұшымен сылып қояды.

Толығырақ

Жеке би қашан дамиды?

«Біздің қазақ — дарынды, өнерпаз халық, ән,күй деген мұрамызда шек жоқ. Ал бұл қазақ халқынан қалған биден мұра өте аз. Жаңа ұрпақ осы биді қолға алғаны жөн. Қазақтың мидай даласы… Көкпарды көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Бәйгені көрдіңіз бе? Жорғаның жүрісін көрдіңіз бе? Міне, осының бәрі қимыл-қозғалыс. Аттың желісі, жәй жүрісі, сылбыр жүрісі – осының бәрі би емес пе, би. Қазақтың күйін тыңдап көріңіз, қандай әуен иірімдері, ырғақтар жатыр. Қол өнері, ағаш үйдің өзі, ою, кілем тоқу, өрмек тоқу, ши орау, осының бәрі қимыл, осының бәрін ойлап музыкасын тауып, сәйкестірсең би болып шығады».

Толығырақ

«Шие бағы» пьесасына жаңаша көзқарас

А.П.Чехов өз пьесаларындағы кейіпкерлердің ішкі шиеленісін суреттеуде характерлердің әлеуметтік-психологиялық маңызына ерекше мән берген. Оның назарын ішкі жан дүниесі аударады. Суреткер өз кейіпкерлерінің жеке басының ерекшеліктеріне тереңірек үңіледі. Барлық оқу құралдарында Раневская мен Гаев — «Шие бағы» пьесасының басты кейіпкерлері. Авторлар Чехов осы комедиясында өз кейіпкерлерінің әрекетімен дворян ошағының талқандалуын, жаңа заманға деген бейімсіздікті және жаңа қожайынның үстемдігін көрсетуге тырысқан деп келді. Бірақ заман өзгерді. Араға уақыт салып шығармаға қайтадан үңілгенде басқаша ой келеді.

Толығырақ