«Шие бағы» пьесасына жаңаша көзқарас

А.П.Чехов өз пьесаларындағы кейіпкерлердің ішкі шиеленісін суреттеуде характерлердің әлеуметтік-психологиялық маңызына ерекше мән берген. Оның назарын ішкі жан дүниесі аударады. Суреткер өз кейіпкерлерінің жеке басының ерекшеліктеріне тереңірек үңіледі. Барлық оқу құралдарында Раневская мен Гаев — «Шие бағы» пьесасының басты кейіпкерлері. Авторлар Чехов осы комедиясында өз кейіпкерлерінің әрекетімен дворян ошағының талқандалуын, жаңа заманға деген бейімсіздікті және жаңа қожайынның үстемдігін көрсетуге тырысқан деп келді. Бірақ заман өзгерді. Араға уақыт салып шығармаға қайтадан үңілгенде басқаша ой келеді.

Толығырақ
SID_0984

Жазира: «Кенен Әзірбаев — нағашы әжемнің бөлесі, Нұрғиса Тілендиев — жиені»

Қазіргі қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар жұбайлық жұптағы әншілер Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова қаламызда өнер сапарымен болып қайтты. Өнер» мәдениет сарайына жиналған қауым әсем сазды әуенге елтіп, қазақы әуенге сусындады.  Концерт алдында әншілермен аз-маз сұхбаттасудың сәті түскен еді.

Толығырақ

Татулық — тірегіміз

Қазақстандықтардың Рухани келісім күні қарсаңында қаламызда діни ұйымдар өкілдері, студент жастар мен олардың ұстаздары бас қосқан дөңгелек үстел өткізілді. Мұнда конфессияаралық қатынасты дамыту және саралау орталығының директоры Айбек Қуандық әр түрлі дін өкілдері арасындағы бейбіт келісім туралы айтып, жиынды ашты.

Толығырақ
DSCN2183

БІЗДЕРДЕ МЫНАДАЙ БАР, МЫНАДАЙ БАР…

№7 гимназия-мектебі қабырғасындағы музей құнды дүниелерге бай. Олай болуының жөні де бар. Қаламызда тарихи-өлкетану музейі ашылмай тұрғанда, бүкіл құнды дүниелерді мұғалімдер қауымы жинақтап, мектеп музейлеріне қойған болатын. Нақты атай кетсек, Ұлы Отан соғысының ардагері, Екібастұз білім саласына еңбегі сіңген ұстаз Федор Ткачтың арқасында елеусіз болып келген қаншама құнды жәдігер халық арасынан жиналып алынған еді. Екібастұз тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Елена Григорьевнаның айтуынша, сол жәдігерлердің бір бөлігі №5 мектепке, тағы бір бөлігі №6 мен №7 мектепке қойылған екен.  Ал қалалық музей ашылғанда №7-мектептегі жәдігерлердің бірталайы өлкетану музейіне тапсырылады.

Толығырақ

Музыка мамандары

Таяуда қаладағы музыка мектебінде халықаралық симпозиум болып өтті. Оған Павлодар облысы, Астана, Ресей, сондай-ақ, Тәжікстан мен Қырғызстаннан музыка саласының мамандары қатысты. Жиын барысында әлемдік деңгейде қолданысқа енгізілген оқу әдістемелері мен менеджменті, жаңа технологиялар егжей-тегжейлі сөз болды.

Толығырақ

Көпшілік Көпей сопыны біле ме екен?

Биылғы жылы Мәшһүр — Жүсіп Көпейұлының туғанына 155 жыл толғанынан хабардармыз. Осы датаға байланысты жан-жақты шаралар дайындалып жатқанын да айттық. Солай десек те, Мәшһүр шығармашылығы, оның азаматтық келбеті, бар бітім-болмысы әлі түгелдей танылып болған жоқ. Бұған себеп, мәшһүртанудың тым кешірек қолға алынуында. Оған кезінде толып жатқан саяси-қоғамдық жағдайлар себеп болғанын білеміз. Ол өз алдына бір бөлек әңгіме. Біздің айтпағымыз, Мәшһүр-Жүсіптің әкесі Көпей сопы Сермұхаммедұлы жайында. Жалпы Көпей сопы деген кім? Оның өмірге деген көзқарасы, таным-түсінігі қандай болған? Нені мұрат тұтқан? Мәшһүрдің тұлға болып қалыптасуына оның ықпалы қандай болды? Міне, Көпей сопыны аузыға алғанда, осы секілді сан сұрақтар ойымызға оралады.

Толығырақ

ЕКІБАСТҰЗ — АҢЫЗ ҚАЛА

Мереке қарсаңында қалалық өлкетану мұражайы ауласында №26 мектептің 5-сынып оқушыларының қатысуымен «Екібастұз – аңыз қала» атты асфальтқа сурет салу сайысы өткізілді. Оқушылар қаланың көрнекті жерлері мен әсем көрінісін сипаттап, көмір мен энергетика орталығы екенін дәріптеуді де ұмытпапты. Сайыс барысында музей қызметкері Гүлзайра Қатпенова балаларға туған өлке туралы әдемі әңгімелер айтса, қазылар Темірхан Жайылханұлы (зейнеткер ұстаз)…

Толығырақ

ҚАЛА МАҚТАНЫШЫ

Дүйсенбі күні қалалық «Өнер» ҚМО-да баспасөз конференциясы өткізіліп, қаламыздағы үлгілі хореографиялық топтардың жарты жылдағы жетістіктері жария етілді. Мәдениет орталығында күрделі жөндеу қолға алынып, дайындық жұмыстарына бірқатар қолайсыздықтар тудырғанымен, шығармашылық топтар ізденуді тоқтатпай, әр түрлі сайыстарда қала намысын қорғап, жүлдері орындарды иеленіп жүр.

Толығырақ

ТУҒАН БАЛАҢ ЖАТ БОЛМАСЫН ДЕСЕҢІЗ…

Қазақ халқы әлімсақтан мұсылмандық жолына түсіп, Имам Ағзам аталып кеткен Әбу Ханифа мәсһабын ұстанып, Алла Тағалаға құлшылық еткен еді. Рас, кеңес өкіметі билігі кезінде атеистік көзқарас үстемдік құрып, діндарлар қудаланып, ел ішінде мұсылмандық әлсіреді. Дегенмен Тәуелсіздікке қол жеткен соң діни наным бостандығы беріліп, кәрі де, жас та имандылыққа бет бұрды. Өкінішке қарай, діни сауаттылықтың кем болуынан, әсіресе жастар арасында дәстүрлі дінімізден ауытқып, пиғылы теріс ағымдардың жетегінде кетушілер көбейді. Жасыратыны жоқ, мұның өзі еліміздің біртұтастығына, тәуелсіздігіміздің баянды болуына қауіп туғызуда. Сол себепті де қазіргі таңда діни экстремизммен күресу қажеттігі өткір тұр.

Толығырақ

Ақын шығармашылығымен танысты

Биыл ғұлама ақын, оқымысты Мәшһүр Жүсіптің 155 жылдығы аталып өтуде. Мәшһүр Жүсіптің көп қырлы талант екені елге мәлім. Қаршадайынан оқыған, көңіліне мол дүние тоқыған білімдар. Ақынның 1907 жылы үш бірдей кітабы – “Көп жасағаннан көрген бір тамашамыз”, “Хал-ахуал”, “Сарыарқаның кімдікі екендігі” атты жыр жинағы жарық көрсе, “Миғраж”, “Хаят-бақшы”, “Қорқыт”, “Гүлшат-Шеризат” деп аталатын қисса-дастандары, публицистикалық этнографиялық еңбектері, халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы қыруар жұмысы бір төбе.

Толығырақ