«Кешегі ортаңдағы Естай ақын»

«Қыз Қорлан хор қызындай тамсандырған…» деп бүкіл ғұмырында сұлулықтың символына айналған Қорландай сұлуды санамызға ән қылып сіңіріп кеткен Естай Беркімбаевтың туғанына биыл 140 жыл толып отыр. Өмірін өлеңмен өрнектеген ақынның халыққа қалдырған мол мұрасын дәріптеу мақсатында өңірімізде әртүрлі іс-шаралар өткізілуде.

Толығырақ

Қайраңға ұрынған қайық

(Қазақтың тұңғыш қаламгерлерінің бірі — Қадыр Тайшықов жайлы аз сөз)

Уақыт ұзаған сайын соңында жоқтаушысы табылмаған талай жақсының есімі жадымыздан өшіп, көңілімізден көшіп барады. Сондай адамдардың бірі — жазушы-аудармашы, композитор Қадыр Тайшықов. Оның Жүсіпбекпен аталас туыс екенін  «Жүсіпбек Оймауытұлы қай жылы туған?» деп аталатын мақаламызда айтып кеткен болатынбыз. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің жазбаларында бірнеше жерде атап өтетін Танашбайұлы Қуан деген кісіден Ордабай, Дәндебай, Молдабай, Ноғай атты төрт ұл туады. Жүсіпбек осы Дәндебайға немере болса, Қадыр Ноғайға шөбере болып келеді. Анығырақ айтсақ, Ноғайдан — Тайшық, одан Баспақ, Баспақтан Қадыр мен Насыр туады. (Әдебит пен журналистикада, театр өнерінде із қалдырғандардың бірі — Насыр Баспақұлы жайлы әңгіме бөлек).

Толығырақ

Өзгенің қайғысына ортақтастық

12 сәуірде музыка мектебінің үлкен залында қайырымдылық концерті өткізілді. Қайырымдылық концертінен жалпы 372 745 теңге қаржы түсіп, ол қаржы науқас балалардың ата-аналарына табысталды. Богдан Автомоновтың емделуіне — 136 579 теңге, Денис Орловқа — 132 166 теңге, Сара Қайдароваға 104 000 теңге берілді.

Толығырақ

Жас күйшілер жүлдесі

Алматы қаласында ұйымдастырылған «Рауан» республикалық фестиваль-байқауы өз мәресіне жетті. Би, вокал, театр көрмесі, аспапта орындау бағыттарын қамтыған фестивальға Екібастұздың Глинка атындағы музыка мектебінің де өрендері қатысып қайтты. Қайырғазы Дауылбаевтың домбыра сыныбының кіші топ, орта топтарынан Әлішер Мүтеев, Данара Амангелдинова, Баян Нығметова, Сымбат Ақболина, Шыңғыс Ермағамбет орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, фестивальда Динаның «Тойбастарын», А.Айтуғановтың «Балдыз», А.Тілеухановтың «Аңсағаным»,…

Толығырақ

Ғашықтар әлемі сезім ғой әдемі

Осыдан 3-4 жыл бұрын сәуірдің 15-ін ғашықтар күні етіп белгілеу қажеттігі айтылды. Бұл жастардың көңілін жаулаған, ақпанда аталып өтетін “Әулие Валентин күніне” тосқауыл қоюдан туған ой болатын. Мектеп табалдырығында оқып жүргенімізде жүрек пішіндес, “С днем Валентина”, тағы да басқа жазбалары бар сезім парақшалары таратылып жататын. Ал жоғары оқу орнында оқып жүргенімізде сәуірдің 15-і Ғашықтар күні…

Толығырақ

Шебердің қолы ортақ

Екібастұз тарихи-өлкетану музейінде көрме залы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қол-өнер шебері Несіп Ахметованың  шеберлік сабағы өтті. Оған №7 гимназия-мектебінің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Сабақ барысында оқушылар ісмердің ертеректе ашылған көрмесін тамашалап, шығармашылық жетістіктерімен танысты. Шеберлік сабағында Несіп Ахметова қолөнер ісіне қажетті құрал-жабдықтарымен оқушыларды таныстырып, олардың әрқайсысына құрақ құрауға қажетті оюлар мен маталарды таратып берді. Оюдың технологиясын түсіндіре…

Толығырақ

Жастар терроризмге қарсы

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға арналған шара қаламызда апта бойы өткізіліп келеді. Оған дәстүрлі конфессия өкілдері, білім саласындағы және мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтік қызмет көрсетін жұмыскерлер, ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері, мектеп оқушылары, жұмысшы жастар мен ата-аналар қатысты. 11 сәуір күні дәл осындай шара политехникалық колледжде өткізілді. Оған қаламыздағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты. Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Гүлназ Раздықова студенттерді дәстүрлі дін мен жалған діни бірлестіктердің ара жігін айыра білуге шақырып, сананы улайтын сансыз ағымдардан сақтандырды. Сонымен бірге, аталған ұйымдар туралы ақпараттар тарататын сайттар туралы да айтып өтті.

Толығырақ

Қоғам болып жұмылайық!

- Жуырда маған ерлі-зайыпты жандар келіп, бас қайғысын баян етті. Бауыр еті — баласы ата-анасымен бірге бір дастархан басына отырудан бас тартқан. Ол дәстүрлі мереке тұрмақ, ұлттық салт, тәрбиені де мойында-майтынын айтып, әке-шешесіне қарсылық білдіре бастаған. “Әлдебіреулерден дін туралы әңгімелерді тыңдап, намаз оқуға бет бұрғаннан бастап, осындай мінез көрсетті”, — деп зар илейді анасы. Сөйтсек, бозбала жат пиғылды діни ағым ықпалына іліккен. Отбасы мүшелерінің әрқайсысымен жеке-дара сөйлесіп, балаға дәстүрлі ислам дінінің құндылықтары жайлы әңгімелеген соң барып, шаңыраққа қайта бірлік енді,-деді Екібастұз қаласының имамы Мәди Ахметов қала әкімі Александр Вербняктің төрағалығымен өткен діни бірлестіктермен байланыс кеңесінің кезекті отырысында.

Толығырақ

Дін тақырыбына арналды

8 сәуірде қалалық әкімдікте жүзден аса мемлекеттік қызметкерлер қатыстырылған «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ директоры Г.Раздықова семинардың мақсаты туралы айтып, радикалды ағымдарға ілескендерге көмек қолын созуға шақырды. Сонымен қатар Гүлназ Мақсұтқызы жалған діни бірлестіктерің ығында кетпеу, дәстүрлі дінімізді одан айыра білуі жайында жазылған қажетті әдебиеттерді, түрлі көрнекіліктерді көрсетіп, бұрыс жолға түспеу үшін дұрыс насихат керектігіне баса назар аударды.

Толығырақ

Менің Қазақстаным

«№24 «Айналайын» балабақшасында апта бойы «Менің Қазақстаным» атты макеттер сайысы өтті. Көрмеге барлық топтардың балалары мен ата-аналары қатысты. Көрмеге қойылған заттар түрлі материалдан жасалған: матадан, қағаздан, ермексаздан және ағаштан. Нәтижесінде жақсы жұмыстарға баға берілді.

Ләйла Жұмашева, әдіскер