Жігіт сұлтаны

Жерлес ақын, әнші, сазгер Естай Беркімбайұлының 140 жылдық мерейтойына орай Ақкөл ауылдық клубында  7-11-сынып оқушыларының қатысуымен  «Жігіт сұлтаны» сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты жігіттердің адамгершілігін, білімі мен күшін таразылау, сегіз қырлы, бір сырлы екендігіне көз жеткізу болатын. Сайысқа 7-сыныптан Жәнібек Мұқтаров, Әсет Шарапат, 9-сыныптан Бағдәулет Сәрсембаев, 10-сыныптан Ерғанат Шарапатов, 11-сыныптан Ерболат Құсайынов қатысты. Жігіттер білімнен, күш…

Толығырақ

Тойдың тұсауы кесілді

Қазақ саз өнерінде өшпес із қалдырған Естай Беркімбайұлы — халқының орасан құрметіне лайық тұлға. Әйгілі сазгер, ақын әрі әншінің 14О жылдық мерейтойына орай биылғы жазда Павлодар облысы көлемінде аймақ басшысының ұйғарымымен айтулы іс-шаралар ұйымдастырылады.

Толығырақ

Ономастиканың кейбір мәселелері туралы

«Ономастика мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның шығуына байланысты «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2013 жылы ономастика төңірегінде жүргізілетін бірқатар жұмыстар туралы хабардар етеді.

Толығырақ

Тамыры терең мәдениет

Славян тілі — әлемдегі ең көп тараған тілдердің бірі. Қазір жалпы саны 440 миллиондай адам сөйлейтін негізгі 13 славян тілі бар. Славян кітәби ( ескі славян ) тілі ортақ қарым-қатынас құралы ретінде славян халықтарының арасында басымдыққа ие болды. Атап айтқанда, оңтүстік славян (бұлғарлар, сербтер, хорваттар), батыс славян (чехтар мен словактар) және шығыс славян (украиндер, белорустар, орыстар) халықтары осі тілде сөйледі.

Толығырақ

Татулықты ту етіп…

Ынтымақ пен бірліктің мызғымас үлгісі бола білген, атына заты сай Достық үйі қаламыздағы түрлі маңызды істердің ұйытқысы болып жүр. Поляк, татар-башқұрт, шешен-ингуш, әзірбайжан, кәріс, неміс, еврей, т.б. секілді этностардың басын қосып, бірлік жолында талмай еңбектеніп келе жатқан кәсіпорынның басты мақсаты — ұлтаралық бірлікті нығайту. Сонымен қатар, ол өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, руханиятқа тәрбиелеуге де үлес қосып жүр. Оның құрамындағы этностық бірлестіктер — қаладағы және облыс көлеміндегі мәдени-қоғамдық іс-шаралардың белсенді қатысушысы. Атап айтқанда, Мұсылман әйелдер лигасы, «Полония», «Возрождение», «Світанок», «Вайнах», «Шатлык», «Азердбайжан», «Братство», «Чосон», «Бэяхад» этно-мәдени бірлестіктері  Достық үйінің негізі қаланғаннан бері қаланың қоғамдық өмірінің қалыптасуына қызмет етіп жүр. 

Толығырақ

Көркемсурет — көрме көркі

Қаламызда мәдени өмірдің қазанында қайнап жататын, тіршілігі тұрғындардың ұдайы назарында болатын орындар бар. Солардың бірі — тарихи-өлкетану мұражайы. 19 сәуірде мұражай жаңа көрмені жұртшылық назарына ұсынды. Павлодар облысының 75 жылдығына арналған көрменің ашылу салтанатына келушілер көп болды. Көрменің бұл жолғы кейіпкерлері — гуманитарлық-техникалық колледждің дизайн мамандығы студенттері. Жастардың қолынан шыққан курстық жұмыстары ел назарына ұсынылды. Түрлі жанрды қамтыған өнер туындыларының материалдары да сан алуан: кенеп, былғары, моншақ, қағаз, т.б. Аталмыш көрме бір ай жұмыс істейді.  

Толығырақ

«Кешегі ортаңдағы Естай ақын»

«Қыз Қорлан хор қызындай тамсандырған…» деп бүкіл ғұмырында сұлулықтың символына айналған Қорландай сұлуды санамызға ән қылып сіңіріп кеткен Естай Беркімбаевтың туғанына биыл 140 жыл толып отыр. Өмірін өлеңмен өрнектеген ақынның халыққа қалдырған мол мұрасын дәріптеу мақсатында өңірімізде әртүрлі іс-шаралар өткізілуде.

Толығырақ

Қайраңға ұрынған қайық

(Қазақтың тұңғыш қаламгерлерінің бірі — Қадыр Тайшықов жайлы аз сөз)

Уақыт ұзаған сайын соңында жоқтаушысы табылмаған талай жақсының есімі жадымыздан өшіп, көңілімізден көшіп барады. Сондай адамдардың бірі — жазушы-аудармашы, композитор Қадыр Тайшықов. Оның Жүсіпбекпен аталас туыс екенін  «Жүсіпбек Оймауытұлы қай жылы туған?» деп аталатын мақаламызда айтып кеткен болатынбыз. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің жазбаларында бірнеше жерде атап өтетін Танашбайұлы Қуан деген кісіден Ордабай, Дәндебай, Молдабай, Ноғай атты төрт ұл туады. Жүсіпбек осы Дәндебайға немере болса, Қадыр Ноғайға шөбере болып келеді. Анығырақ айтсақ, Ноғайдан — Тайшық, одан Баспақ, Баспақтан Қадыр мен Насыр туады. (Әдебит пен журналистикада, театр өнерінде із қалдырғандардың бірі — Насыр Баспақұлы жайлы әңгіме бөлек).

Толығырақ

Өзгенің қайғысына ортақтастық

12 сәуірде музыка мектебінің үлкен залында қайырымдылық концерті өткізілді. Қайырымдылық концертінен жалпы 372 745 теңге қаржы түсіп, ол қаржы науқас балалардың ата-аналарына табысталды. Богдан Автомоновтың емделуіне — 136 579 теңге, Денис Орловқа — 132 166 теңге, Сара Қайдароваға 104 000 теңге берілді.

Толығырақ

Жас күйшілер жүлдесі

Алматы қаласында ұйымдастырылған «Рауан» республикалық фестиваль-байқауы өз мәресіне жетті. Би, вокал, театр көрмесі, аспапта орындау бағыттарын қамтыған фестивальға Екібастұздың Глинка атындағы музыка мектебінің де өрендері қатысып қайтты. Қайырғазы Дауылбаевтың домбыра сыныбының кіші топ, орта топтарынан Әлішер Мүтеев, Данара Амангелдинова, Баян Нығметова, Сымбат Ақболина, Шыңғыс Ермағамбет орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, фестивальда Динаның «Тойбастарын», А.Айтуғановтың «Балдыз», А.Тілеухановтың «Аңсағаным»,…

Толығырақ