Мерекелік дастархан

2 ақпан күні кәсіпкер Тамара Белгібайқызы қалалық мешіттің асханасында сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күні, Мәуліт айына арналған мерекелік ас берді. Мерекелік асқа «Үміт» балалар үйінен 90 бала арнайы шақырылды. 300 адамға арналған асхана лық толып, ине шаншар жер болмады. Екібастұз қалалық мешітінің азаншысы Ербол Амангелдіұлы құран оқып, аруақтарға дұға бағыштады.  Мерекелік асқа келген қонақтарды…

Толығырақ

Пайғамбарымызға салауат айтылды

Қазақстан діни басқармасына қарасты Екібастұз қалалық мешіті әз пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына орай жылдағы дәстүрмен Мәуліт мерекесін ұйымдастырды.

Биыл аталмыш шара қаламыздағы «Өнер» қалалық  мәдениет сарайында өтті. Халықтың Алланың сүйікті елшісіне деген құрметі соншалықты, залда ине шаншар орын болмады.

Толығырақ

“Валентинді” тағы тойлаймыз ба???

Ақпан айы басталды. Қала дүкендері мен базарларға бара қалсаңыз, «Қасиетті Валентин күні» қарсаңында сатылып жатқан түрлі-түсті жүрекшелер мен ленталар, қызылды-жасылды «валентинкалар»  көздің жауын алады. Ондағы «Ты мой, я — твоя!», «Мой страстный!», «Я помню первый поцелуй!», «Зайчик мой!», «Я не забуду наше первое свидание!» секілді мәтіндердің өзі албырт жасты қасақана өрескел қылықтарға итермелейтіндей көрінеді. Қарап отырсаңыз, мұндай открыткаларды сатып алатындар мектеп жасындағы жасөспірімдер мен колледж студенттері екен.

Толығырақ

Жастардың діни сауаты кем

Екібастұз политехникалық колледжінде ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған шара діни экстремизмнің қоғамға қаупін түсіндіруді мақсұт тұтты. Мұнда діннің атын жамылып арам ойларын жүзеге асырып жүрген радикал топтардың әрекеті мен оның еліміздегі зардабы жайында бейнесюжет көрсетілді.

Толығырақ

Арманы асқақ Еркеғали

«Өнер» мәдениет үйінде — мерекелік концертке жиналған ығы-жығы халық. Сахнаға баян асынып шыққан жасы жиырма шамасындағы балаң жігіт микрофонға сенімсіздеу жақындады. Содан баянның алғашқы түймелерін басқаннан-ақ әлгіндегі сенімсіздік жоғалып, саусақтары бес қатпар түймені бойлай жүгіре жөнелді. Өзі де қолындағы аспабымен біте қайнасып кеткендей. Нағыз виртуоз! Баянын құшақтай күй орындап тұрған жігіт әуен үнінен ләззат ала көзін жұмып алған. Татардың ойнақы көңілді сазын ойнаған ол залды әп-сәтте қуанышқа толтырып жіберді. Бұл — жас баяншы Еркеғалиды алғаш көруім.

Толығырақ

Алаштың ардақтысы

Қазақ халқының біртуар ұлы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың еліне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.

Толығырақ

Балаларға қуаныш сыйлады

Жуырда қалалық музыка мектебі ұжымы «Үлкендер — балаларға» атты қайырымдылық концертін өткізді. Концерт «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, №19 мектептің оқушыларына, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналды. Қайырымдылық концертінде өнерпаздар түрлі ән айтып, күй шертті. Шара соңында балаларға сабақтарына қажетті заттар сыйға тартылып, тәттілер үлестірілді. Қайырымдылық концерті биыл екінші рет өткізіліп отыр. Музыка мектебінің тәрбиеленушілері 1 қазан —…

Толығырақ

Екі Пәуедин болған

С.Жақсыбаевтың «Қожа Пәуединді кім біледі?!» деген мақаласын оқыдым. Мақаладағы Пәуедин қожа туралы деректерде жаңсақтыққа жол берілген. Автор Пәуедин (Пахуадин) қожа мен Пәуедин атаны шатастырып алғанға ұқсайды.

Толығырақ

Қожа Пәуединді тағы кім біледі?

Балалық шақта анам Үміттің ылғи да: «Уа, қожа Пәуедин, жар бола гөр», — деп айтатынын естіген едім. Алайда сол ойын баласы кезімде анамнан «қожа Пәуедин» деген сөз тіркесінің не екенін сұраған емеспін. Ал кейінірек осы сөздерді естігенде «Пәуедин» деген анамның өз аталарының бірі болар деп ойладым.

Толығырақ