орнамент

ТАРИФТІҢ ТӨМЕНДІГІ ЛИФТ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ТҰРАЛАТТЫ,дейді «Экибастузлифт» ЖШС-і директоры Алексей Матеркин

Он жылға шегініс Лифт шаруашылығы – күрделі сала. Оны ұстау үшін кәсіби біліктілігі жоғары мамандар қажет. Мамандар демекші, екінші мыңжылдықты екібастұздықтардың әбден тозығы жетіп, істен шыққан лифтілермен қарсы алғанын қалалықтар әлі ұмыта қоймаған болар. Сол уақыттағы статистикаға сүйенсек, 270 лифтінің жартысынан астамы жұмыс істемеген. Жеделсаты көпқабатты үйдің көлігі іспетті. Оның қызметінсіз жоғары қабатқа көтерілудің өзі…

Толығырақ
кск-2

ПИК ҚЫЗМЕТІНЕ КӨҢІЛІҢІЗ ТОЛА МА

Тұрғын үй инспекциясының міндетіне не кіреді?

Тұрғындар өзі сайлайтын Пәтер иелері кооперативтерінің қызметі көптің көңілінен шықпады. Иә, «Көп көңілінен шықпады» деп біз нық, сеніммен айта аламыз. Өйткені бұлай деуімізге себеп — тұрғындардан қала әкімімен өткен кездесулерде ПИК-терге қатысты арыз-шағымдардың қарша борауы. Оны аз десеңіз, қала әкімінің сайтында да ПИК-терге қарата жазылған наразылықтарды жиі кездестіресіз. Ақиқатына келсек, өз ісіне жауапты, тиянақты, үй күтімін тап-тұйнақтай ұстайтын ПИК-тер бар. Бірақ олар саусақпен санарлық.

Толығырақ
1352101892_poezd1

Өндірістік жарақатқа кім кінәлі?

Үстіміздегі жылдың қаңтарында Латвияның мемлекеттік еңбек инспекциясы өндірістік жарақат алушылардың қатары күн санап өсіп келе жатқанына дабыл қақты. Күн сайын 2000 адам бақытсыз жағдайға тап болса, соның 5 пайызы — жұмыс орнының үлесінде. Биылғы жылы наурыз айының басында еліміздегі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті де соңы адам өліміне әкеп соқтыратын өндірістегі қайғылы жағдайлар жиілеп…

Толығырақ

Арзанның жілігі татымас

Қазір теледидарды не радионы қоссаңыз немесе газет беттерін парақтасаңыз, Жаңа жыл мерекесі алдында жеңілдік пайыздарын алға тартқан жарнамаларды жиі кездестіресіз.  Жарнамаларға қаржысын аямай төлейтін кәсіпкерлердің басты мақсаты –тұтынушыларды тарту. Алайда осы жарнамалардың барлығына бірдей сенуге бола ма? Енді көшелерде ілінген жарнамаларға көз салайықшы.  «Барлық тауарларға — 90% жеңілдік»,  «Тұрмыстық техника сатып алсаңыз, қосымша сыйға ие…

Толығырақ

Ойыншықпен «ойнауға» болмайды

Ойыншық — бала танымының қалыптасуында маңызы зор фактордың бірі, тәрбие құралы. Кеше ғана теледидардан көрген анимациялық образдар ойыншыққа айналып, дүкендер мен базар сөрелерінде самсап тұр. Көз сүріндіреді. Теледидардан тамашалаған қаһармандарының көз жетер жерде тұрғанын көрген бала «әппеш…» деп қыңқылға басады. Бұл — бала-шағасы бар кез келген ата-анаға етене таныс көрініс. Бірақ осы балаларға арналған тауарлардың бәрі бірдей сапалы ма? Бәрі бірдей денсаулыққа зиянсыз ба? Бізді мазалаған — осы сауал. 

Толығырақ

Мемлекеттік тілді дамытудағы оң бетбұрыс

«Қазақ тілі — біздің рухани негізіміз».

Қазақстан Республикасы Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан

- 2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» халыққа Жолдауынан.

Бұдан бір жыл бұрын қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен телефон шалып: «Қала әкімі мемлекеттік тілді жетілдіру мақсатында жұмыс тобын құрды, сіз топтың мүшесісіз», — деп алғашқы отырыстың болатын күнін, уақытын хабарлағанда, сенімсіздікпен қабыл алдым.

Толығырақ

Сауда сауаттылықты талап етеді

Тауар қайтаруға немесе ауыстыруға жатпайды» деген ескертуді кез келген сауда орнынан кездестіреміз. Оған етіміз өліп, көзіміз үйреніп кеткен. Алайда бұл хабарламалардың заңсыз екенін және мұның Азаматтық Кодексті де, «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» Заңды да өрескел бұзушылық екенін біле бермейміз. Аталмыш заңның  3-бөлімі, 7-тарауының 7)-тармағында «тұтынушы тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге» құқылы деп тайға таңба басқандай анық жазылған. Өкінішке қарай, қарапайым тұтынушылар заң жағынан сауатсыз. Сондықтан тұтынушылық құқықтарына нұқсан келіп жатады. Мұндайда әділдікті қайдан іздеу керектігінен де хабарсызбыз.

Толығырақ