ornamentkz

ЕТ ЖЕТПЕЙДІ ЕМЕС…

Үйреншікті дағдымен  жаңалықтар хабарын қалт жібермейміз. Халық атынан сөйлеу өкілеттігін алған депутаттар сөзін есту де қызық. Таяуда Мәжіліс депутатының бірі  елді етпен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Жөн-ақ. Тамақтану институты ғалымдарының айтуынша, бір адам жылына 80 келі ет жеуі қажет екен. Ал жүргізілген зерттеу біздің елде жан басына шаққанда 50 келі ет тұтынылатынын көрсеткен. Осыны тілге…

Толығырақ

Ауыл ажары қашан кіреді?

Кіндігі туған топырағына байланған ауыл қазағын былай қойғанда, кешегі аумалы-төкпелі заманда тіршілік қамымен қоныс аударып, бүгінде қыр қазағынан қала қазағына айналған адамды да дәл осы сұрақтың ауық-ауық ойландырып жүргеніне көзіміз талай жетті. Басқа халықты қайдам, қазақтың ділі сондай, қалада алтынға малындырып қойсаң да, түп қазығы — аядай ауылын аңсап, сондағы бауырдың амандығын, көркеюін тілеп жүреді.…

Толығырақ

Атың кім, балақай!

Қазақ — ырымшыл халық. Ырымдап ат қойған дұрыс. Халқымызда «балаңның атын ұлық қой, көтере алса ұлық болсын» деген аталы сөз бар. Яғни, балаға ат қоюға ежелден ерекше мән берген. Мәселен, ұлы адам болсын деген пейілмен жас нәресте өмірге келгенде ізгілік ша-қыратын Алланың есім сипаттарын, пайғамбарлардың, дана-лардың, патша, көсемдердің есімдерін тіке және жанамалап қоятындар бар. «Пәленше…

Толығырақ

Арамтамақтық аздырады

«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын». Қоғамның дертін осылайша дөп басқан дана Абай: «Есектің артын жусаң да, мал тап», — деп дерттің дауасын да көрсеткен. Он тоғызыншы ғасырдың ғұламасын толғандырған тақырып бүгінгі жиырма бірінші ғасырда да өзектілігін жойған жоқ. Қазір не көп, жұмыс көп, бірақ оған орналасуға құлшынып отырғандар аз. Газеттердің жарнама бөлімдеріндегі «Жұмысқа…

Толығырақ

Баланы жоспарлау да жаңалық болып па?

Ақпараттық технология қарыштап дамыған біздің дәуірде «Отбасын жоспарлау» деген жаңа ұғым қалыптасты. Мұны қазақтың жалпақ тілімен түсіндірсек, бала тууды шектеу деген түсінік береді. Яғни, отбасылық жұп ұрпағын өсіру мен тәрбиелеу дайындығын есепке ала отырып, баланы өмірге әкелу мәселесіне саналы түрде қарауы қажет. Бұл ұғым біздің елімізде қай уақытта пайда болды? Алысқа бармай-ақ тәуелсіздік алған жылдары…

Толығырақ

Рухани жұтаңдықты кино толтырады

Рухани жұтаңдық көркем шығарманың бетін ашпаудан дей бергеннен түк шықпайды. Одан да бұл олқылықтың орнын толтыруды ұлттық кино өндірісінің еншісіне қалдырсақ болады. Осыдан екі жыл бұрын «Қазақфильмде» режиссер Ақан Сатаев «Жаужүрек мың бала» фильмін түсірді. Онда XVIII ғасырдың басындағы «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламада» жоңғарлармен болған шайқас, қазақтың басына төнген ұлы нәубет көрініс табады. Осы қантөгісте…

Толығырақ

Пайғамбарымыз қажылыққа бір-ақ рет барған

Биыл Мекке-Мәдинеде 2 миллион 800 мыңдай адам исламның бес парызының бірін орындады. Соның екі миллионға жуығы – шетелдіктер. Олардың арасында 4 мыңдай қазақстандық бар. Ресми деректерге көз жүгірткенде, бізді таңғалдырған жай, биыл қажылыққа барғандардың ішінде өз парызын оныншы рет өтегендер кездескен. Бұл нені көрсетеді? Қажылыққа барғандардың исламды жан-тәнімен қабылдағанын ба, жоқ әлде байлығын малданып, масаттанғанын…

Толығырақ

Көзбояушылық көсеге көгертпейді

Сонау бір жылы редакцияға бейтаныс қария бас сұқты. Бұйымтайын баяндау үстінде  қарт кенші кеңес дәуірінде  көп-көрім қызмет істегенін айтып, біраз әңгіменің тиегін ағытты.

- Кейде тоқсан, кейде жыл аяғында көмір жөнелту  жоспары орындалмай, жоғары жақ жан алқымнан алады. Тиейтін көмір жоқ. Әбден қысылған бастықтар ашық вагондардың түбіне кен жынысын толтырып, үстіне көмір салып жөнелтуге пәрмен береді. Жоспар да, социалистік міндеттемелер де аракідік осылайша орындалып жүрді,- деп еді сол жолы әлгі ардагер кенші.

Толығырақ

ЖИЕНДІ ЖИЕН ДЕЙМІН

Адам оңашада ойға шомады. Сондайда жайшылықта мән бермейтін кейбір жайттар  «Неге бұлай?» деп санаңда қылаң ете қалады. Үш жастан асқан Аружан атты жиен бар. Сондай сүйкімді, тілі де тәп-тәтті, сөйлегенде тақ-тақ етеді. «Аға, аға» деп нағашысы кіріп келсе алдынан жүгіре шығады. «Аға деп айтпа, ол сенің нағашың» деймін сөзін түзеп. «Айта берсін, әлі кішкентай емес…

Толығырақ