Әжелерден асқан күзет жоқ

Алаңсыз бейқам өмір сүру артта қалды.  Бұрынғыдай үйдің есігін  жіппен іле салып немесе  түбі тесік шелек тіреп кететін уақыт емес, қазір. Ұрлық-қарлық атойлап тұрған  заман. Тіпті, ондаған бейнекамера не болмаса жезден есік орнатып, күрделі құпия код енгізіп, құлыптап  қойсаңыз да ұрылар амалын тауып кетеді. Қалада бір күн ұйықтасаң, аш қаласың. Сол себепті қалалықтар азаннан кешке…

Толығырақ

«Дайын» диплом дәуірі

Мамыр-маусым айларында студенттер диплом жұмысын қорғауға жаппай кіріседі.  Орта арнайы, жоғары оқу орындары студенттерінің  «Диплом жазып берем» деген хабарламаларға көз сүзіп, телефон шалып жанталасатын тұсы да осы кез. Бүгінде студенттердің көбі дипломдық жұмысты сатып алатыны өтірік емес. Неге дейсіз бе? Себебі кейбіреулер оқуды бір парақ қағаз, яғни диплом алу үшін оқып жүр. Ал енді бірі…

Толығырақ

Тілашар тойының басты қонағы кімдер?

Қазақтай балажан жан жоқ шығар, сірә! «Балам-бауыр етім», деген сөзден-ақ ата-ананың баласына деген махаббатын анық байқауға болады. Сәби дүниеге келгеннен бастап жасалатын «шілдехана», «бесікке салу», «сүндет той», «тоқымқағар», «тілашар» дейсіз бе, балаға қатысты салт-дәстүрлер де жеткілікті. Осы дәстүрлердің ішінде баланың есінде қалатыны -«Тілашар» тойы. Біз осы тойды қалай өткізіп жүрміз? «Тілашардың» басты қонағы кімдер? Енді…

Толығырақ

Ашу — дұшпан, ақыл — дос

Хакім Абай «ашу дұшпан, ақыл дос» деп айтты емес пе. Айналаға зер салсақ, бүгінгі күні қабағы қатулы адам көп. Адамдар неге ашулы? Талас-тартысы басым, қым-қуыт заманда адамның жүйкесі әбден жұқарып, қыл бұраудай ширығып тұрады-ау деймін. Әлеуметтік ахуалдың төмендігі (жеке, отбасылық) нашар, экология да ашуланшақтыққа себепші факторлар. Медицина тұрғысынан айтқанда, «невроз» (жүйке тозу)-адамда болатын психогенді созылмалы…

Толығырақ

Ата-аналар жиналысына барасыз ба?

Бір айдан кейін биылғы оқу жылы аяқталады. Білім саласында түрлі реформаландыру жүргізіліп, жаңалықтар енгізіліп жатса да, осы салада жылдар бойы шешімін таппаған түйткілді екі мәселе бар. Оның біреуі — ата-аналар жиналысына деген немқұрайдылық, яғни, қатысатындардың он шақты адамнан аспауы, екіншісі — Мұғалімдер күні мен 8 наурыз — Халықаралық Әйелдер күнінде оқушылардан ақша жинаудың толастамауы. Бұл мәселені індете қазбаламай-ақ қазақы қалыпқа салынып, жауырды жаба тоқып жүре беруге де болар еді. Бірақ бітеу жараға айналған дерттің күндердің күнінде жарылып, оның соңы өкінішке соқтыруы ықтимал деген оймен қолымызға қалам алдық.

Толығырақ

Балаңыз ақшаның қадірін біле ме?

Таңертеңгі уақыт. Қоғамдық көліктің іші. Жас келіншек пен мектеп жасындағы баланың әңгімесі.

- Мама, сен маған бүгінге «карманный» бермедің ғой?

- Кеше бір емес, үнемдеп ұстасаң 3-4 күнге жететін ақша бергенмін. Соны жеткіз.

- Кешегі бергеніңді айтпай-ақ қойшы. Оны жұмсап қойғам. Әкем маған «карман-ныйды» күнде беріп тұрсын деп айтып еді ғой, — деп бала қыңқылға басты.

Толығырақ

Ұнамаса…

Атыс-шабысқа, бір-біріне кіжінген кейіпкерлердің арасындағы шым-шытырық оқиғаға толы мультфильмдер көңілімді алаңдатып жүрген.

Толығырақ

Салық сергелдеңінен саумысыз?!

Бірде телебағдарламалардың біріндегі сұхбатта сенімхат жайы сөз болды. Түсінгенім: көлік сатсаңыз, оны алушыға сенімхат арқылы рәсімдеу өзіңізге пәле болып жабысатынға ұқсайды. Мәселен, алда-жалда сатып жіберген көлігіңіз алған адамның атына біржола рәсімделмей жатып жол апатына немесе басқадай жағдайға ұшыраса, заң алдында оны сенімхатпен алушы емес, сіз жауап беретін көрінесіз.

Толығырақ