Салық сергелдеңінен саумысыз?!

Бірде телебағдарламалардың біріндегі сұхбатта сенімхат жайы сөз болды. Түсінгенім: көлік сатсаңыз, оны алушыға сенімхат арқылы рәсімдеу өзіңізге пәле болып жабысатынға ұқсайды. Мәселен, алда-жалда сатып жіберген көлігіңіз алған адамның атына біржола рәсімделмей жатып жол апатына немесе басқадай жағдайға ұшыраса, заң алдында оны сенімхатпен алушы емес, сіз жауап беретін көрінесіз.

Толығырақ

Айдаболдың араққа не қатысы бар?

Алда-жалда дүкен сөрелерінде самсаған арақ атауларына көзіңіз түсе қалса, «ойпырмай, мынадай да арақ шыққан ба» деп таңғалмай өту мүмкін емес.

Арақ атамыздың асы болмағанымен, олардың арасында тарихты есіңе түсіретін «Золотая Орда», «Номад» сияқты атаулар баршылық. Ал «Қазақстан» атты арақ пен коньяктің, сондай-ақ, шылымның атауы барын әлмисақтан білеміз. Адамды адамдық кейіптен айыратын ішімдік пен темекінің осындай қасиетті атауды «арқалап» жүргеніне өкінгеннен басқа лажың жоқ алайда.

Толығырақ

«Пәтер алғым келеді»…

Байқайсыздар ма, біздің қоғамды ашкөздік пен пысықайлық әбден билеп алған. Бойымызда қайырымдылық, жанашырлық сезімдерінен гөрі пайдакүнемдік басым. Жұрттың бәрі «қай жерден не қарпып қалсам екен?» деп тұратындай. Бір адам өтініш айта қалса, екіншісі алдымен «одан маған қандай пайда?» деп ойланып алады. Қысқасы, Абай атамыз айтқан тамаша қасиеттер: қанағат пен рақым бойымызда тым сирексіп кетті.

Толығырақ

Такси қызметі көңіл көншітпейді

Жарнама газетін аша қалсаңыз, такси қызметінен көз сүрінеді. «Престиж», «Удача», «Тұлпар» дейсіз бе, түр-түрі бар. Шындығына келсек, олардың саны көп болғанымен, бәрінің қызмет көрсету сапасы бірдей емес. Бағалары да әркелкі. Мәселен, коммуналдық қызмет көрсету орындары, маршруттық автобустар бағаның өсетіндігі туралы тұрғындарды алдын ала құлағдар ететін болса, таксиде мұның бірі де жоқ. Кейде таксидің қызмет көрсету құнының тағы да өскенін көлікке отырғанда еститініміз де жасырын емес.

Толығырақ

Қымбатшылықты неге қолдан жасаймыз?

Жаңа жыл есік қаққалы тұр. Ел-жұрт «дүкен сөрелері мен базар жаймаларындағы заттар қымбаттайды» деп дүрлігіп жүр. Жыл сайын жаңа жылмен қоса қабаттасып келетін қымбатшылықты үрейленіп қарсы аламыз. Әсіресе, «зейнетақы не бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысы өседі екен» деген зың еткен хабар құлаққа тиісімен базар нарқы ұша жөнеледі. Сондағысы зейнетақы шамалы ғана өседі, ал саудагерлер әр затына 10-15 пайызды (әйтпесе одан да көп) қонжита салады. Коммуналдық қызмет ақысының өсетіні тағы бар. Осылайша жыл сайынғы қымбатшылық халықты титықтатады.

Толығырақ