Енді «Сауат ашумен» қоштасамыз ба?

«Менің атым – Әліппе, Мені анаңдай дәріпте! Мені оқып, ержеткен Бауыржан да, Мәлік те». Бұл өлең мектеп табалдырығын аттаған кешегі оқушылардың бәрінің көңілінде сайрап тұр. Әрі бұл «Әліппе» оқулығына арналған жалғыз өлең емес. «Әліппе» атауымен де, оқулықтағы түрлі-түсті суреттерімен де, оқыту тәсілінің ерекшелігімен де мыңдаған адамдардың жүрегін баурап алды. Кешегі қазақтың біртуар ұл-қыздары оқып, ержеткен…

Толығырақ

Біз жалқау халықпыз ба?

Заманында мал бағудан шаршамаған, егін егуге ерінбеген ер азаматтарымыздың еңбексүйгіштігі әлі күнге апа-әжелеріміз-дің аузында. Естіп отырып, сол заманның қиындығына мойынсұнған адамдардың шыдамдылығына тәнті боласың. Шыны керек, әкелеріміздің маңдай терімен тапқан нанының арқасында осы күнге жетіп отырмыз. Жасы 80-нен асқан әжемнің «кезінде жерді соқамен жыртып, бидайды диірменге салып, ұн жасайтынбыз, сиыр сауып, бала бағып та үлгеретінбіз»…

Толығырақ

Естірту әдебі

Қазаны естірту қазақ ғадетінде өте жауапты іс саналған. Тіпті «Бөгенбайдың қазасын Абылай ханға естірту», «Тезек төренің Шыңғыс сұлтанға Шоқанның қазасын естіртуі», «Абыл ақынның Сүйінқараның қазасын естіртуі» сияқты айтулы оқиғалар тарихта, халық санасында өлең жолдарымен жатталып қалған. Жошының өлімін Шыңғысханға жеткізуі аңыз боп «Ақсақ құлан» күйімен жеткен. Хан баласының қазасын естірткендердің көмейіне қорғасын құятыны туралы жарлығын…

Толығырақ

Естірту әдебі

Қазаны естірту қазақ ғадетінде өте жауапты іс саналған. Тіпті «Бөгенбайдың қазасын Абылай ханға естірту», «Тезек төренің Шыңғыс сұлтанға Шоқанның қазасын естіртуі», «Абыл ақынның Сүйінқараның қазасын естіртуі» сияқты айтулы оқиғалар тарихта, халық санасында өлең жолдарымен жатталып қалған. Жошының өлімін Шыңғысханға жеткізуі аңыз боп «Ақсақ құлан» күйімен жеткен. Хан баласының қазасын естірткендердің көмейіне қорғасын құятыны туралы жарлығын…

Толығырақ
орнамент

Бұжы жеп көрдіңіз бе?

Дәм айдап Атыраудың Жылыой ауданындағы Ақкиізтоғай ауылына бардым. Бажамның үйінде алғаш болуым, төредей күтті. Отанасы Жұлдыз балдызым бір күні кешкілік асқа бұжы пісіріпті.  Дәмін татпақ түгілі, атын да естімеген таңсық тағам. — Қадірлі қонаққа ғана әзірлеуші едім. Осы шаңырақта сонау жылы жазушы Әбіш Кекілбаев та болып еді. Сонда бұжыны тамсана жеп, риза көңілмен ас қайырған,-деді…

Толығырақ
орнамент

«Қабырғаммен кеңестім…»

Сонау бір жылдары дөй кеңшарда әйдік директор болды. Обалы нешік, ауыл шаруашылығын жетік білді, жұртпен де тіл табыса алды, тек… Иі жұмсақ. Есесіне, әйелі шайпау, ысқырынып тұрушы еді. Күйеуінің сыртынан билеп-төстеп, кімді қандай «жылы» орынға қою керектігін отбасы-ошақ қасында отырып шешетін болды. Әйдік директордың әйелінің сөзінен аса алмайтынын миына құйып алған пысықай келіншектер ебін тауып…

Толығырақ
1433392868gzsda

Сауда үйлерін салу сәнге айналмасын!

Келесі жылы екібастұздықтар қаланың 60 жылдығын атап өтеді! Кешегі күні сайын далада бой көтерген шағын қала бүгінде еңселі шаһарлармен иық тірестіруге жақын.  Халқының саны 150 мыңға жуықтады.  Үлкен қалалардағы сәулет нысандарынан кем түспейтін небір сауда үйлері сыртқы келбетімен анадайдан көз тартады.

Толығырақ
image_l

«Бешбармақ» жайлы аз сөз

Қазақ деген халық жер бетінде пайда болғаннан бергі жылнамамызды, тарихи деректерді, әдеби шығармаларды парақтап қарасаңыз, еш жерде «бешбармақ» сөзі кездеспейді. Барлық деректерде, шығармаларда «ет тағамы» немесе «ет» деген атау ғана қолданылған. Ал біздің өңірде асылған еттің астына салынатын жайма нан әлмисақтан жұқа нан аталады.

Толығырақ
орнамент

«Алла» сөзін арзандатпайық

Сайлау қарсаңы.  Жол үстінде павлодарлық кәсіпкер  Александр Алексеевич Терентьевпен жолығып таныстық. Облыстық мәслихатқа депутаттықтан үміткер ол ауыл аралай шығыпты. Төртүй мен Тай ауылдарында халықпен жүздескен соң, түстік жедік. Дастархан басында ел ішіндегі хал-ахуал жайлы әңгіме қозғалып, сөз ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайына қарай ойысты. Сөйтсек, Ақтоғай ауданының тумасы Терентьев сол жақта егін салумен де шұғылданады екен. Жерді күтіп ұстау, топырақ құнарлылығын арттыру, егіншілік мәдениетін көтеру жайлы пікір алмасып отырған тұста  ұлты татар бизнесмен жігіттің мына бір сөзі елең еткізді. 

Толығырақ
орнамент

Дархандық шегі

Қазақтың көңілі қандай дархан болса, дастарханы да көл-көсір-ау, шіркін. Үйлену тойын айтпағанда мерейтойдың өзіне келген 150-250 адамды ғана емес, үлкен бір ауылдың жұртын аста-төк тойдыратындай-ақ тамақ алынады. Бір емес, қос асаба қойып (онысы тойдың сәнін кіргізсе жақсы), топ-тобымен әртістерді жалдап тыраштанып жатқаны. «Қарапайым пенделерден» асып түскісі келген бір ағамыз өткенде қызын ұзатып, сыңсу айтатын жеңге «сатып» алыпты.

Толығырақ