image_l

«Бешбармақ» жайлы аз сөз

Қазақ деген халық жер бетінде пайда болғаннан бергі жылнамамызды, тарихи деректерді, әдеби шығармаларды парақтап қарасаңыз, еш жерде «бешбармақ» сөзі кездеспейді. Барлық деректерде, шығармаларда «ет тағамы» немесе «ет» деген атау ғана қолданылған. Ал біздің өңірде асылған еттің астына салынатын жайма нан әлмисақтан жұқа нан аталады.

Толығырақ
орнамент

«Алла» сөзін арзандатпайық

Сайлау қарсаңы.  Жол үстінде павлодарлық кәсіпкер  Александр Алексеевич Терентьевпен жолығып таныстық. Облыстық мәслихатқа депутаттықтан үміткер ол ауыл аралай шығыпты. Төртүй мен Тай ауылдарында халықпен жүздескен соң, түстік жедік. Дастархан басында ел ішіндегі хал-ахуал жайлы әңгіме қозғалып, сөз ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайына қарай ойысты. Сөйтсек, Ақтоғай ауданының тумасы Терентьев сол жақта егін салумен де шұғылданады екен. Жерді күтіп ұстау, топырақ құнарлылығын арттыру, егіншілік мәдениетін көтеру жайлы пікір алмасып отырған тұста  ұлты татар бизнесмен жігіттің мына бір сөзі елең еткізді. 

Толығырақ
орнамент

Дархандық шегі

Қазақтың көңілі қандай дархан болса, дастарханы да көл-көсір-ау, шіркін. Үйлену тойын айтпағанда мерейтойдың өзіне келген 150-250 адамды ғана емес, үлкен бір ауылдың жұртын аста-төк тойдыратындай-ақ тамақ алынады. Бір емес, қос асаба қойып (онысы тойдың сәнін кіргізсе жақсы), топ-тобымен әртістерді жалдап тыраштанып жатқаны. «Қарапайым пенделерден» асып түскісі келген бір ағамыз өткенде қызын ұзатып, сыңсу айтатын жеңге «сатып» алыпты.

Толығырақ
орнамент

Шен мен шекпен

- Пәленбай жуырда полковник шенін алыпты.

Әңгіме арасында айтылған бұл сөзді шашы бурыл тартқан ағамыз жаратпай қалды.

- Бала-шағаның бәріне үлестіріліп жатқан полковник атағынан бүгінде қадір кетті. Ертеде ілеуде біреу полковник атанушы еді. Иығындағы пагонынан ғана емес,  тұлғалық сипаты, айбын-абыройынан-ақ асқақтығы сезіліп тұратын. Адал да кіршіксіз қызметпен жеткен атақ — көлеңкесіз, соңынан сөз ермейді, дақ түспейді.

Толығырақ
орнамент

Желілік бизнестегі қариялар

Бізбен бір үйде тұратын Аня әжеймен аралас-құраластығымыз болмаса да, амандығымыз түзу. Ірі денелі, бұйра шашы желкесіне түскен, үнемі боянып жүретін сәнқой әжейдің жасы жетпіске таяған. Бетін әжім басқан, екі иығын тік ұстап, аяғынан биік өкше тастамайтын әжейдің өзін жас қыздарша ұстағысы келетіні сырт көзге күлкі тудырады.

Толығырақ
орнамент

Қоржынның лаңы

Неге екенін білмеймін, баяғының қоржындары қазіргілерден қадірлірек болған сияқты көрінеді. Қазіргі қоржын атаулының көз қызықтырар әлем-жәлем түрі һәм сыртының қымбаттығына қарамастан.

Арзанқол жүзік, сабын, «Красный мак», «Красная Москва» әтірлері бар бұрынғы қоржындардың сырты да қарапайым еді ғой, естеріңізде болса.

Толығырақ
орнамент

Сатушы тәубасын ұмытты ма?

Кешегі күні киім сататын дүкендердің біріне бардым. Ол жерде балабақша жасындағы қызын ерткен жас келіншек сауда жасап жүрді. Сатушы — орта жастан асқан өзге ұлт өкілі. Ол осы бөлімге жиі бас сұғатын келіншекті жақсы танитын болса керек. Сөрелерді аралап, жаңа үлгідегі балалар сырт киімдері мен кеудешелерді, көйлектерді көрсетті.

Мектеп жасындағы балаларға екі-үш киім сатып алған жас ана қолма-қол ақшасын төледі.

Толығырақ
орнамент

Сөз төркіні

Қазір қолданыста жүрген кейбір сөздерді көбінде орыс, парсы, т.б. тілдерден кірген деп жүрміз. Кейде тіпті оларды қазақ тіліне аудармақшы да боламыз. Бірақ сол сөздердің бір кезде өзіміздің түркі тілінен шыққанын біле бермейміз.

Толығырақ
орнамент

Құранға қол қойып, неге ант бермеске

Қайрат жалғызбасты ананың  көзінің ағы мен қарасы, өмірінің мәні еді. Ол ұлын жастайынан шыншылдыққа, еңбексүйгіштікке баулыды.

Баласының мектеп табалдырығын аттағаны, түлектердің қоштасу кеші, студент атануы, жас маманның қолына диплом алғаны  көңілі жарым ананың ең бақытты  сәттері болатын. Қайраттың әр жетістігі ананың көңіліне қуаныш болып құйылды.

Толығырақ
орнамент

Шежіреге әйел затын енгізу дұрыс па?

Қазақ шежіреге әйел затын енгізбегені әлмисақтан белгілі болғанымен, оның нақты себебін айғақтайтын қағида жоқ. Десе де, осы бір жазылмаған заңдылықтың төркінін қазақ пәлсапасынан іздеген жөн сықылды.

Толығырақ