орнамент

Бізге отшашу керек пе?

Жаңа жыл мерекесі алдында әр отбасы қарбаласқа түсетіні белгілі. Корпоративтік кештерді былай қойғанда, балаларды балабақшаларда, мектептерде өтетін ертеңгілікке әзірлеу, оларға жаңажылдық сыйлықтар жасау, шыршаны безендіру де адамды кәдімгідей әбігерге түсіреді. Әйтсе де мұндай тірлік ересектерді қайдам, балаларға мерекелік көңіл сыйлайтыны анық.

Толығырақ
орнамент

Сапасыз қойылым са(х)наны былғады!

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары отырысында депутат Ғалия Балтабекованың: «Қаламызға келіп өнер көрсетіп жүрген цирк қойылымдарының біразы сапасыз. Ондайға неге жол беріледі?» — деп шырылдағанын бірнеше рет естіген едік. Ғалия Шәкірқызы – саналы ғұмырын білім беру, тәрбие саласына арнаған адам. Былайша айтқанда, балалар назарына ұсынылуы тиіс дүниеге орынды баға бере алатын тәжірибелі ұстаз.

Толығырақ
орнамент

Бізде неге ұлттық асхана жоқ?

Біздің қаладағы кез келген асханаға кірсеңіз, қазақтың ұлттық тағамын көрмейсіз. Сұйық тамақтан борщ, көже үзілмейді. Ал кеспе ілуде бір кездеседі. Одан кейін «котлет», «французша ет», «түшпара», «манты», «омлет», «хот-дог» дегендей атауы шетелше тағамдар самсап тұрады.

Толығырақ
орнамент

Вахтердың киімі

Вахтер десе кім-кімнің де көз алдына басын бөкебаймен ораған немесе түбіт шәлі таққан, қалың желетке, кеудешесі бар және міндетті түрде шалбар киіп алған әйел адам елестері анық. Өйткені өмір бойы көпшіліктің вахтер қызметін атқаратын тұлғаларды бұдан басқа пошымда көруі сирек.

Толығырақ
орнамент

Таксист, даяшы һәм қазақтың қадірі

Тойға асығыс жиналып, такси шақырдық. Лып етіп келе қалды. Жайғаса бере той өтетін кафенің атын атадым. Таксист орыс өңді жас жігіт екен. Басын шұлғыды, содан соң құлақ тұндырған шетелдік әуенді көңілге жайлы сазды қазақ әніне ауыстырды.

Толығырақ
орнамент

Бір түкірік — 800 доллар!

Алдымда келе жатқан ерлі-зайыптылар мәз-мейрам. Әдемі қиылған шашы желпілдеген кішкентай қыз бен томпиған ұл балмұздақ жеп келеді. Әкесінің қолында — бір құты сусын. Екі бала балмұздағын тауысқан соң, жылтыр қағазын қиматас жол жиегіне тастай салды. Әке-шешесі ескерту жасап, ұл мен қызына көше тазалығын сақтау қажеттігін айта ма деп үміттеніп едім, мәссаған, әкесі босаған құтыны бұта…

Толығырақ
орнамент

Туған күн жайлы толғансақ…

Жыл сайын 9 ақпанда Ержан ағам қоңырау соғып, Мұқағалидың туған күнімен құттықтайды. Маған ғана емес, туған-туысқа жағалай хабарласып, ақын өлеңдерін жатқа оқиды. Және сол күні ет астыртып, Мұқағалидың туған күнін үйінде атап өтеді. Бастапқыда ағамыздың бұл қылығы ерсі көрініп, күліп жүрдік.

Толығырақ