орнамент

Селфи сергелдеңге салмасын

«Селфи» сөзі өзін-өзі фотоға түсіру деген мағынаны білдіреді. Психологтардың пайымдауынша, адам бір күннің ішінде бірнеше реттен артық селфи жасаса, онда оның жүйкесінің сыр бере бастағаны. Егер елу реттен астам селфи жасайтын болса, онда сырқаттың белең алғаны.

Толығырақ
орнамент

Тойға барғым келмейді

Менің танысым Айгүл – мемлекеттік қызметші. Жолдасы қаладағы кеніштердің бірінде жұмыс істейді. Екі баласы мектеп жасында. Халыққа қызмет көрсету орталығына жеке куәлігімді ауыстыруға барғанда, көптен көрмеген Айгүлді кездестірдім. Аман-саулық сұрастық. Жүзі сынық.

Толығырақ
орнамент

Жыртық шалбар

Тайтуған ауылында тұратын досыма барайын деп жолаушылар тасымалы бекетіне барып едім, сол бағытқа қатынайтын автобустың жүруіне сүт пісірім уақыт бар екен. Автобус бекетінің іші ығы-жығы жүргіншіге толы. Біреулер келіп жатса, енді біреулер кетудің қамында.

Толығырақ
орнамент

Өзгеден де үйрене білейік

Келесі жылдың жазында Францияда футболдан Европа чемпионаты өтетінін жанкүйер қауым жақсы біледі. 3 қыркүйек күні Қазақстан құрама командасы сырт алаңда Чехия құрама командасымен кездесті. Кездесу алдында қалыптасқан рәсім бойынша екі елдің әнұраны орындалады.

Толығырақ
орнамент

Шырақшы мойнында міндет көп

…Сексенге жас келгенше,

Бір бала көрмей Тоқтарбай.

Қайғыменен қан жұтып,

Ақылынан адасқан.

Шөл иесі сұңқар қияқсыз,

Еш нәрсе көрмей дүниеден,

Өткенім деген тұяқсыз –

Тоқтарбайдың зарына,

Қалың қыпшақ қайысқан,

Әулие қоймай қыдырып,

Етегін шеңгел сыдырып,

Жеті пірге танысқан.

Толығырақ
орнамент

Бүлдіршіндер қандай ән орындайды?

Бірде жақын туысымыздың үйіне қонаққа бардық.  Көптен көріспегендіктен бе, олар  бізді құшақ жайып қарсы алды. 8 жасар ұлы мен 4 жастағы қызы да үйірсектеп қасымыздан шықпады.

Әсіресе, Айзересі сүйкімді-ақ.  «Менің биімді көріңіздер», деп сол жерде анасының ұялы телефонындағы әнге келістіріп билеп берді. Әуеннің ырғағына сай билеген биі үйлесімді.

Толығырақ
орнамент

Тура анекдоттағыдай

Жақында ғана Беркімбаев және Әуезов көшелерінің қиылысында мынадай оқиға болды.

…Жаяу жүргіншілер жолынан келіншек еш қаперсіз өтіп барады, соңынан ерген балалары сәл кейіндеу келе жатыр. Кішкенесінің қолында үш дөңгелекті велосипеді бар. Мықшыңдап шайтанарбасын қанша тездетейін десе де, күші келер емес.

Толығырақ
орнамент

Рухани мүгедектік мезі етті

Базар маңынан өтіп бара жатып қайыр тілеп, қол жайып отырған екі адамды көзім шалып қалып, солай қарай бұрылдым. Көріп тұрып, көрмегендей өте шығу – мұсылмандық парызымызға жат, оның үстіне, ораза айында сауапты іс істейін деген де ойым болды.

Толығырақ
орнамент

Кешігуге ұялмаймыз ба?!

Заман да, технология да қарыштап алға басып бара жатқанымен, қайран қазағым ештеңеге асығар емес. Әлі де сол баяғыша – тойларға, қонаққа кешігіп баруын бір қоймай келеді. Ал егер өзі әлдебір тойды жоспарлайтын болса, «Бәрібір екі-үш сағатқа жұрт кешігіп келеді, сондықтан шақыру қағазына сағат 2 деп жазайық, басталғанша 5 болады», — дейді жайбарақат. Және солай жасайды.

Толығырақ
орнамент

Бір жол бар алыс…

Алматыға бара жатып пойызда бір жігітпен әңгімелескенім бар. Өзі Астананың іргесіндегі бір ауылда мұғалімдік қызмет атқарып жүр екен. Екеуміз көрген-білгенімізді айтып, сан алуан тақырыптарды қаузадық. Бір кезде ҰБТ жағдайы, мамандық жайына ойыстық. Ол өз достарының басынан өткен жайтты айтып берді. 

Толығырақ