IMG_0226

Қос жолдама сарапқа салынды

Бірлік пен ынтымақты дә-ріптейтін ислам діні қазақ халқының дәстүріне құрметпен қарайды. Өйткені дін де, дәстүр де адамгершілік пен ізгіліктің қазығы. 14 қазан күні «Жасыбай» спорт кешенінде Екібастұз қалалық мұсылмандар мешітінің ұйымдастыруымен қазақ күресінен Қазақстан Республикасы бас мүфтиінің жүлдесі үшін облыстық іріктеу турнирі болып өтті.

Толығырақ
IRE_1427

Темір тұлпарлар текетіресі

Көлігімен түрлі дрифт жасап, жоғары жылдамдықты жаны сүйетін екібастұздықтар аз емес. Өткен жексенбіде қаламызда автожарыс ұйымдастырылып, жиналғандар тамаша кештің куәсі болды. Жарыста Астана, Павлодар, Ақсудан келген қонақтармен қатар, екібастұздық әуесқой спортшылар бақ сынады. Артқы жетекті көліктер сайысына 13 адам қатысса, алдыңғы жетекті көліктер бәсекесінде 9 адам өнер көрсетті.

Толығырақ
DSC_5417

Шеберлер анықталды

Шахмат – сабыр мен шыдамды, қырағылықты қажет ететін интеллектуалдық ойын. Сонау VІ ғасырда пайда
болғанына қарамастан шахматтан алғашқы әлем чемпионаты 1886 жылы ғана өтіпті. Ал спорт түрі деп 1999 жылы мойындалған.

Толығырақ
орнамент

«Гена, біз сенімен біргеміз!»

«Жүгіруге дайындал! Назар аудар! Баста!» пәрмені және мәре сызығына дейінгі 2,5 мың метрлік жол.
Екібастұздың мыңнан аса тұрғыны үшін жексенбілік таң осылай айшықталды. Қалада ұйымдастырушылар-дың жоспары бойынша республикамыздың барлық аумағын қамтуға тиісті спорттық марафон басталды.

Толығырақ
орнамент

Екібастұз футболының ертеңі

Футболдан еліміздің бірінші лигасында бақ сынап жүрген жергілікті «Екібастұз» командасы таяу жылдары жоғары топқа шығуды мақсат етпейтін сияқты. Себебі соңғы үш жылда клубтың қарызы 80 миллион теңгеге жуықтапты. «Шықпа, жаным, шықпа» деп отырған екібастұздық команданы қаржылық қиындықтан  құтқарудың жолы қайсы?

Толығырақ
DSC_9142

Ақкөлдіктер тағы жеңімпаз

Ауыл спортшылары үшін дәстүрлі спартакиада — нағыз мереке. 22 қыркүйек күні Ә.Марғұлан, Шиқылдақ ауылдары, Төртқұдық, Шідерті, Солнечный кенттері, Теміржол, Қоянды, Екібастұз, Байет ауылдық округтері командалары ертелетіп Ақкөл ауылына жетті. Жергілікті спортшылар да жарысқа тас-түйін дайын екен. Өйтпегенде ше, Ақкөл ауылында мұндай дүбірлі дода көптен бері өткен емес. Көше бұрылысында көркем баннерлер ілініп, жазғы спорттық кешен сәнді кейіпке еніпті.

Толығырақ
DSC_5427

Шеберлік шыңдау турнирі

Қаламызда классикалық шахматтан Павлодар облысы әкімі кубогының V кезеңі басталды. Турнирде еліміздің әр аймағынан, Тәжікстан мен Ресейден келген 60-тан аса шахматшы бақ сынауда. Жарыстың ашылу салтанатына қала әкімі Нұржан Әшімбетов пен облыстық шахмат федерациясының президенті Александр Бабенко қатысып, шахматшыларға сәттілік тіледі.

Толығырақ
орнамент

Павлодарлық дерби

Спортта бір өңірдің намысын қорғап жүрген командалардың өзара тартысын «дерби» деп атайды. Өткен сенбіде Павлодар қаласындағы орталық стадионда жергілікті «Ертіс» пен «Екібастұз» командасы жолдастық кездесу өткізді. Алаң иелері 3:1 есебімен айласын асырғанымен, екібастұздық жас футболшылар әдемі ойын өрнегін көрсетті. 

Толығырақ
IRE_9167

Ержан ерледі!

Қарағанды облысының балуаны Шынкеев Ержан «Қазақстан барысы-2018» республикалық турнирінің жеңімпазы атанды. ҚР Тұңғыш Президентінің жүлдесі мен Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған алыптар айқасында жерлесіміз Арман Махамбетов те бақ сынады. Екібастұздық бір топ жанкүйермен бірге арнайы Елордаға аттанып, Арманға қолдау көрсетіп қайттық. 

Толығырақ
35329206_2037728902965729_3623408168102526976_n

Жаңа зал ашылды

Сүйікті қаламыздың туған күніне жасалған тарту-таралғыдан балалар да құралақан қалмады. Нақтырақ айтқанда, жас палуандар ерекше шаттыққа бөленді. Осыдан бірер ай бұрын қала қазынасынан бөлінген қа-ражатқа №19 шағын ауданда қазақ күресі залы қайта жарақталып жатқанын жазған едік. Енді, міне, 15 маусым күні сол күрес залы пайдалануға берілді. 

Толығырақ