11

Қателер түзелуде, шаруа әлі де көп

Екібастұз қаласында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысында «Тіл туралы» Заң талаптарының қаламыздағы сауда үйлері, базарлар мен банктерде орындалу жайы сөз болды.

Толығырақ
17

Балабақша тіл тұғырын бекітеді

Тіл ұмытылса, ұрпақ ұсақталып, ұлт жойылары сөзсіз. Ана тіліне деген құрмет отбасынан басталып, балабақша, мектептерде жалғасса, түп қазығы мықтап бекитін еді. Жақында «Ана тілі» газетін оқып отырып, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, филология ғылымының докторы

Толығырақ

Ақша деумен банктер тілден таяр

Өткен аптада Екібастұз қаласындағы тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы бірқатар банкті аралады. Ақша дегенде ешкімге есе жі-бермейтін банк атаулыда мемлекеттік тілдің жағдайы нашар-ау деп күмәндана алмайсың бұл күні. Өйткені банктер тілді құрметтегеннен емес, клиентті жоғалтудан қорыққаннан-ақ бүкіл құжат атаулыны баяғыда қазақшалап тастаған. «RBK банкте» де шамамен солай екен. Қызмет көрсету залындағы қызметкерлердің…

Толығырақ

Ономастиканың кейбір мәселелері туралы

Тіл саясаты мен тіл саласының маңызды бағыттарының бірі ұлттық ономастиканы қалыптастыра отырып, осы мақсатта физикалық-географиялық  нысандар мен елді мекен атауларын атау мен қайта атауға, транскрипциялауға байланысты мәселелерді өз кезегінде тиісті заңнамаларға сәйкес жүргізу болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі ономастика саласындағы мораторийді тоқтатты. Осыған орай, біздің қаламызда төмендегі  мәселелерді қарастыру қажеттілігі туындап тұр:…

Толығырақ

«Тіл керуені» – Екібастұзда

Оқу-әдістемелік құралдардың және электронды оқулықтардың авторы Шолпан Кинжикова жақында қазақ тілін үйренушілерге «Тіл керуені» атты жаңа жобасын ұсынды. Өткен аптаның аяғында Шолпан Кинжикова «Достық» үйінде бөлім басшыларына мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды қолдануға қатысты семинар-тренинг өткізді. Автордың айтуынша, тіл үйрену курсын мектептерде, жоғары оқу орындарында, балалардың демалыс лагерлерінде, өзен-көлдердің жағасында, тіпті ауылдарда да  өткізуге болады.…

Толығырақ
_DSC1758

Жарнама сын көтермейді

Қаламызда «Мемлекеттік тіл – менің тілім» акциясы бастау алды. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен жастар бастамаларын дамыту орталығының қолға алуымен жүзеге асырылған шараның мақсаты – қала көшелеріндегі қазақша жарнамалардың қатесіз жазылуын бақылау. Шара барысында арнайы комиссия құрылып, Мәшһүр Жүсіп көшесінің теміржол вокзалы мен «Екібастұз» қонақ үйі аралығындағы жарнамалық ақпараттардың дұрыс жазылуын тексерді.  Келесі кезекте…

Толығырақ
орнамент

Керек қылмай жүр…

Қала әкімдігінде Екібастұз қаласында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтіп, бұл жолғы басқосуда «Екібастұз жылу желілері» өнеркәсіптік кешені» ЖШС-нің директоры Денис Андрианов есеп берді.

Отырысқа дейін жұмыс тобының мүшелері «Екібастұз жылу желілері» кәсіпорнындағы мемлекеттік тілдің тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан болатын.

Толығырақ
орнамент

Қателер түзетілуде

Мемлекеттік тілді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысында білім бөлімінің басшысы Нұржамал Макумова баяндама жасап, «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалу барысы жайлы есеп берді.

Толығырақ
кате

«Қызмет» сөзін дұрыс қолданайық

Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойында марқұмды ақтық сапарға шығарып салу жоралғыларын орындайтын тағы бір қызмет түрі ашылды. Бізді қынжылтқаны – мекеменің жоғары тұсына әдемілеп жазылған жарнаманың мемлекеттік тілде қате жазылғаны.

Толығырақ
image (2)

«Ярмаркаға» барғанда…

Біз қолданып жүрген «жәрмеңке» сөзінің төркіні немістің Jahrmarkt — жыл базары сөзінде жатыр. Орыс тілі арқылы енген кірме сөз болғанымен, ол біздің тілімізге тастай батып, судай сіңгелі қашан!

Солай дегенімізбен, «ярмарканың» қазақша баламасы барын елемей жүргендер де бар.Сенбі күні муниципалдық базарда өткен жәрмеңкеде осыған куә болдық.

Толығырақ