Жас талап

Техникаға құмар Талғат

SAMSUNG DIGITAL CAMERAТалғат қазірдің өзінде кез келген машинаның ақауын жөндейді. Қажет деп тапсаңыз, қалаған түске бояйды. Жас жігіт оған әбден машықтанған. Жаздың басында  автомеханик мамандығын алып шығатын ол әзірге практикада жүр. Сабаққа алғырт он сегіз жастағы Талғаттың арманы білімін жетілдіру. Ол үшін Омбыға барып, сырттай оқуға түсіп, жұмысқа орналассам дейді. Техникалық мамандыққа деген сұраныс қазір аса жоғары. Ендеше, сабақты үздік оқитын оның мамандығы бойынша жұмыс табатыны анық. 

Толығырақ

Алдаркөсеміз еді…

Біз Екібастұздағы педагогикалық институтта оқыдық. Менің екі бірдей кластасым оқуға осында түскен: Еркін менімен бір топта оқыса, Ағыбай — музыка бөлімінде. Екеуі де түрлі сыл-таумен сабақтан жиі қалатын еді. Сылтау болғанда да… Әсіресе, Ағыбай әр қалған сайын бір туысын «ана дүниеге аттандырып», өтірік «нағашымды жерлеуге барып келіп едім», «әпкем нашар жатыр» деп, кәдімгідей көз жасын…

Толығырақ

Еріншек ешкімді көгертпейді

Ара-тұра жалға беру орындарынан DVD-дискілер алып, кино көретініміз бар. Мен баратын бір «видео-жалдау» «Достық» дүкені маңында орналасқан. Әлгі жерге барсаң, дүкенші жақсы кинолар жайлы кеңес беріп, клиенттерге жаны қалмай қызмет көрсетеді. «Мына киноны қазір көпшілік қызығып көріп жатыр», — деп, жақсы дискіні өзі таңдап береді.

Толығырақ

Шошқа шұжығын жеп отыр…

Бүгінгі жастардың көбі намаз оқуды ойыншыққа айналдырып алғанға ұқсайды. Көбінің діни сауаттары таяз. Тек әйтеуір отырған жерде кітаптардан, журналдардан шала оқыған немесе біреулерден естіп алған аз ғана мәліметтерін айтып білгішсініп отырғанын көресің. Менің Нұртас деген танысым намаз оқиды. Жұма сайын мешітке барады. Бірақ Нұртастың бір қылықтары мені таң қалдырды. Бірде шай ішіп отырғанда, Нұртастың әңгіме…

Толығырақ

Жастар тәжірибесінің нәтижесі қандай?

ҚР «Халықты еңбекпен қамту туралы» Заңына сәйкес, 29 жасқа дейінгі жастар еңбекпен қамтуда басым тәртіппен көмек алуға тиісті мақсатты топтар құрамына енеді. Жастарды еңбекпен қамту мақсатында мемлекет тарапынан қолға алынған тамаша шара — жастар тәжірибесі. Ал жастар іс жүзінде осы мүмкіндікті қаншалықты пайдалана алып жүр?

Толығырақ

Үйіңізде ақшаны кім ұстайды?

Ауыл дүкенінен Мырзабек ағайды көрдім. Әйелі екеуі азық-түлік алып тұр екен. Бір қарағаннан-ақ ақшаға Мырзабек ағайдың өзі қожа екенін байқайсың. Әлдебір затты сатып алғысы келіп тұрса да, Жәмила күйеуінің қас-қабағына қарағыштайды. Ауыл жұртының «Мырзабек әйеліне ақша ұстатпайды. Күнделікті алатын бөлке нанның өзіне тиын-тебенді есеппен береді» дегені рас екен. Осыны ойлап тұрып ауылдас әйелдердің бірі айтқан «Ойбай-ау, өзінің жастық шағын бөлке наннан ақша аяйтын мықыр Мырзабекке қор қылған бұған обал жоқ!» деген сөзі есіме түсті. Айтсам, бұл өзі бір қызық оқиға.

Толығырақ