hj

Екібастұздықтар робот жасады

«Робот» сөзі тұңғыш рет чех авторы Карел Чепаканың пьесасында кездесіпті. Пьеса фабрика жұмысының ешқандай адамның қатысуынсыз өздігінен жұмыс істейтіні туралы сөз қозғайды. Бұл қойылым 1920 жылы жарық көрген. Тілдік жүйесіне байланысты орыстың «работа» және «робот» сөздері бір түбірлес. «Робот» сөзі чех тілінде «ауыр жұмыс», «каторга» деген мағынаға ие.

Толығырақ

Жандарбек қожа көшесі болады

5 қазан күні Ақкөл ауылында тұрғындар жиыны өткізіліп, осындай ұйғарым жасалыпты. Мұны телефон арқылы сөйлескенде, Ақкөл ауылдық округі әкімі Бақтияр Ақтаевтың аузынан естідік. Енді бәрін рет-ретімен баяндайық.

Толығырақ

Ақша қайда, «Офис-сервис»?

2015 жылы елімізде «Мемлекеттік аудит және қаржы бақылау туралы» Заң қабылданғаны белгілі. Осы заңға сәйкес, Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері бойынша жоспардан тыс аудит жүргізуде.

Толығырақ
dsc_0044

Кино көгінің қыраны

Өнер қашанда өміршеңдігімен құнды. Өнер айдынында жүзіп жүрген жандардың қай-қайсысын алмасаңыз да, осы саланың суығына тоңып, ыстығына көніп, көпшіліктің жүрегінде мықтап орныққан адамдар.  Киелі сахнаны жанымен түсінетін адам ғана өнердің шыңын бағындырады. Сондай жандардың бірі — кино индустриясының майталманы, біздің жерлесіміз, актер, режиссер, әнші Александр Устюгов. Жалпы, аты елімізге ғана емес, бүкіл Ресей жеріне әйгілі…

Толығырақ
орнамент

Мешітте екінші намазхана ашылды

Құрбан айт мерекесі қарсаңында, яғни, 9 қыркүйекте екібастұздық жамағат мешіттің екі залында да жұма намазын оқыды. Мешіттің жертөлесі бұрын артық-ауыс заттарды сақтайтын қойма ретінде пайдаланылып келген-ді. Алайда жұма, айт намаздарында жамағат мешітке сыймаған соң, сәуірде жертөлені жөндеу жұмыстары қолға алынды. Зал құрылысы халықтың қаражатына жүргізілді. Қомақты соманы танымал кәсіпкерлер: Тасболат пен Бекболат Әбуғожиновтар, Болат Қашағанов…

Толығырақ
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Құрбан айт мерекеленді

Алланың құлы, Мұхаммед пайғамбардың үмбеті — мұсылман қауым үш күн бойы Құрбан айт мейрамын көтеріңкі көңіл-күймен мерекеледі. 12 қыркүйекте таңертең Екібастұз қаласы мұсылмандар мешітінде де иін тірескен жамағат айт намазына тұрып, сәждеге бас тигізді. Жиналған қауымды қала әкімі Қайрат Нүкенов мейраммен құттықтап, елімізге бірлік пен береке, өркендеу тіледі. Осыдан кейін қала басшысы мешіттің төменгі қабатында…

Толығырақ
1-4

Оралхан Бөкей оқуларының жеңімпазы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақстан халқы тілдерінің XVIII республикалық фестивалі аясында 7 қыркүйекте Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті. Шараға 18-35 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер қатысты. Қазақ көркемсөз өнерінің кербұғысы атанған Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жазушының шығар-маларымен қатар, өзге де ақын-жазушылардың туындыларын…

Толығырақ
орнамент

«Қызым, саған айтам»…

Қыркүйектің 9-ы күні қалалық «Нұр Отан» партиясының ЕФ ғимаратында «Отбасы құндылығын қолдау» республикалық акциясы аясында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға Павлодар қаласынан бірқатар мамандар қатысты. Айта отырсақ, «Әйелдер клубы» қоғамдық ұйымының директоры Н.Айтжанова, «Аналар үйі» мекемесінің өкілі Ә.Әбішева, жастар бастамаларын дамыту орталығының заңгері С.Талақова, т.б. өздерінің пікірлерін ортаға салып, жастарға отбасындағы құнды-лықтар мен міндеттер туралы…

Толығырақ
img_20160911_011536

Саз бесігінде тербеді

М.Глинка атындағы музыка мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына, әйгілі әнші-актер, әлемдік «Грэмми» сыйлығының 9 дүркін иегері Фрэнк Синатраға 100 жыл толуына орай, астаналық өнерпаздар тамаша концерт берді. Ән кешінде «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Респуб-ликасы Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты, Қа-зақстанның алтын дауысты баритоны Азамат Жылтыркөзов пен оның өзі жетекшілік…

Толығырақ
img310

«Жақсының аты өлмейді»

Қыркүйектің 13-і күні қалалық тарихи-өлкетану мұражайында қаламызға белгілі журналист, «Голос Экибас-туза» газетінің тұңғыш редакторы, өлкетанушы, археолог, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы Павел Ильич Оноприенконың туғанына 80 жыл толуына орай «Екібастұз қаласына өмірін арнаған» атты еске алу кеші өтті. Шараға журналистің туған-туыстары, достары, әріптестері келіп қатысып, әдемі естеліктерімен бөлісті. Атап айтар болсақ, «Казахстанская правда» газетінің аймақтағы тілшісі…

Толығырақ