dscf7639v

Еңбегімен елге жаққан

«Ізденгіш, жаңашыл, техника жаңалықтарын жылдам меңгеретін жан. Тағы бір жақсы қасиеті  — халқына деген сүйіспеншілігі, орыс тілінде білім алса да, қазақ тілінің жанашыры». Саналы ғұмырын ағарту саласына арнаған, физика-информатика пәндерінің мұғалімі Раушан Ахметжан-қызына кезінде әріптестері осылай баға берген екен. Раушан Әлидің алғашқы ұстазы — әкесі Ахметжан. Жетім өскен әкесі Петропавлда мұғалімдер техникумын бітіріп, Семейде білімін…

Толығырақ
dscn3608

Төртқұдықта монумент ашылды

Өткен жексенбіде Төртқұдық кентінде әскери даңқ монументі бой көтерді. Тақтатаста осы ауылдық округтен қан майданға аттанған Ұлы Отан соғысының 75 ардагерінің есімдері жазылған. Ескерткіштің ашылу сәтінде тыл ардагерлері сөз алып, соғыс уақытындағы естеліктерімен бөлісіп, «Зұлмат кезең қайталанбаса екен!» — деген тілектерін білдірді. Екібастұз қалалық мешітінің найб-имамы Қайролла қажы Әбілдәбекұлы жеңістің орасан шығынмен келгенін сөз етіп,…

Толығырақ
орнамент

Сәлемдеме супермаркеті

Қаламыздағы Шешембеков көшесінде орналасқан «Қазпошта» бөлімшесінде сәлемдеме супермаркеті ашылды. Сәлемдеме супермаркеті – өздігінен қызмет көрсететін жаңа форматты орталық. Ол сәлемдемелерді алу және жіберу уақытын үнемдейді және компанияның өндірістік шығындарын азайтады. Бүгінде елімізде төрт сә-лемдеме супермаркеті жұ-мыс істейді. Үшеуі — Астана қаласында, біреуі — Алматыда. 5 қыркүйектен бастап Екі-бастұз қаласының тұрғын-дары үшін де қызметтің жаңа түрі…

Толығырақ
Изображение 061

Еңбегі еленуін ауыл құптайды

Алаш қайраткері  Ахмет Байтұрсынов: «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін», — деп, әр қазақты келешек үшін жұмыс істеуге үндеген ғой. Расында да, жүрегінде оты бар, көкірек көзі ояу азаматтың өзін тәрбиелеген, оқытқан ел-жұрты алдында парызы болады. Сол парызын өтей білсе, өмірі ұрпаққа өнеге, жасаған ісі өшпек емес. Осыдан он жыл бұрын дүниеден өткен Қажыбек Алғамбаров Ертістің…

Толығырақ
в атаку

Қазақ болмысы жарқырай көрінді

20 тамыз күні Павлодар қаласында қазақтың атақты батыры Малайсары тархан ескерткіші ашылды. ХҮІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезінде ел мен жерді қорғауда ерен ерлігімен танылған Малайсары батырдың  әрі дарынды қолбасшы, әрі мәмілегер екенін де бүгінгі ұрпақ жақсы біледі.  Еңселі ескерткішті  «Малайсары тархан» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен  алматылық мүсінші Болат Құсайынов жасап шығыпты. «Ұлы Дала елі» фестивалін…

Толығырақ
DSC_5868

«Мен келдім музейіңе жолым түсіп…»

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне апаратын 73 баспалдақпен көтерілген сайын ақынның тақта тастарға қашап жазылған ғибратты жырларымен көкіректі суарып, Ескелдінің пейіш лебіне ұқсас ерекше самалына бетімізді тосудың сәті биыл тағы түсті. Бұл жолғы сапарымызға облыс көлемінде аталып өткен «Ұлы Дала елі» фестивалі аясында Мәшһүр Жүсіп кесенесі жанынан «Ескелді» мәдени-қонақүй кешенінің ашылуы себеп болды. «Мен келдім музейіңе…

Толығырақ
орнамент

Қашан қазақша сөйлер екен?!

Қалалық мәслихат тұрақты комиссияларының кезекті отырысы жаңа лауазым иелерін таныстырудан басталды. Бұрын қала әкімінің кеңесшісі лауазымында болған Нияз Макраев енді жер қатынастары бөлімін басқаратын болады. Ал қала әкімдігі құрылыс бөлімінің басшылығына 1987 жылы Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған Абай Кәрімов тағайындалды. Май, Ақтоғай аудандарында түрлі қызметтер атқарған Абай Мәжитұлы 2013 жылдан…

Толығырақ

Ономастиканың кейбір мәселелері туралы

Тіл саясаты мен тіл саласының маңызды бағыттарының бірі ұлттық ономастиканы қалыптастыра отырып, осы мақсатта физикалық-географиялық  нысандар мен елді мекен атауларын атау мен қайта атауға, транскрипциялауға байланысты мәселелерді өз кезегінде тиісті заңнамаларға сәйкес жүргізу болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі ономастика саласындағы мораторийді тоқтатты. Осыған орай, біздің қаламызда төмендегі  мәселелерді қарастыру қажеттілігі туындап тұр:…

Толығырақ
орнамент

Жаңа орынбасар таныстырылды

Қалалық мәслихат сессиясының отырысын ашқан хатшы Б.Құспеков жиналғандарға қала әкімінің орынбасары Ержан Бейбітұлы Иманзаиповты таныстырды. Ержан Иманзаипов 1984 жылғы 30 қазанда Павлодар қаласында туған. 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін инженер мамандығы бойынша, 2010 жылы Алматы экономика және статистика академиясын қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 10 жыл. Екібастұз қаласы…

Толығырақ
DSC_6608

Жаңа мектептің тұсауы кесілді

Екібастұздың 60 жылдық мерейтойы қарсаңында қаламызда жаңа №36 лицей-мектептің тұсауы кесілді. Білім ордасының тұсаукесеріне Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қатысты. Аталған мектеп құрылысы 2014 жылдың соңында басталған болатын. Құрылысты жүргізген «Портал ПВ» ЖШС-і (директоры – Магдан Ичиев). Лицей-мектеп 1200 оқушыға арналған. — Елбасының тапсырмасымен жыл сайын мектептер қатары артып келеді. Жаңа мектепте оқушылар терең білім…

Толығырақ