Бөтеннің мүлкіне қол сұққан

Шідерті кентіндегі полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Алтын-Кран-Секьюрити» ЖШС-і күзетшісін ұстап, Екібастұз ішкі істер бөліміне жеткізген. Күзетшіге «Бозшакөл кен-байыту комбинаты аумағынан кісі мүлкін ұрлауды ұйымдастырған», деген айып тағылып отыр. Кен-байыту комбинаты аумағынан шығып келе жатқан «Газель» автокөлігін «Глобус» күзет фирмасының күзетшілері тоқтатқан. Көлікті тексергенде 5 метрлік 10 мыс кабель табылған. Оқиға болған жерге полиция шақырылып, жағдайды анықтады.…

Толығырақ

«Нұр Отанның» қатары толықты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мейрам Пішенбаев пен Александр Суслов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келіп, «R.W.S. Wheelset» ЖШС-інің жұмысымен танысты. Қонақтарды қарсы алған кәсіпорын директоры  Александр Слободов кәсіпорынды аралатып, жетістіктері туралы әңгімеледі. — Зауыт жұмысы автоматтандырылған. Мұндағы әрбір бөлшекті адам басқаруындағы робот-техника жасап шығарады, — деген директор алдағы жылы жоба қуаттылығы арттырылатынына сендірді. Кәсіпорын ұжымы алдында…

Толығырақ
image3

«Екібастұз» макароны табиғи өнімнен жасалған

Кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекет қазынасынан қайтарымсыз грант бөлінетіні белгілі. Гранттық қаржы өз ісін ашуға талпынған кәсіпкерлердің инновация бағытындағы ерекше жобасына қайтарымсыз негізде және кепілзатсыз беріледі. Өткен жылы ерлі-зайыпты Жұматай Аншокұлы мен Жұлдыз Сарымқызы кәсіпкерлікке бет бұрып, бизнес-жобаларын әзірледі. Қысқамерзімді курста оқыған кәсіпкерлер Екібастұз өңіріндегі халық тұтынатын тауарларға деген сұранысты зерттей келе, макарон цехын ашуға бел…

Толығырақ

«Қатты жаңғақ»

Жазғы уақытта балалар мен жасөспірімдердің демалысы, сауықтырылуы және бос уақытын қамтуды ұйымдастыру мақсатында жасөспірімдер ісі бөлімі және мектепішілік есепте тұратын балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен «Қатты жаңғақ» жобасы іске қосылды. Жобамен қамтылған балалар саны – 56. Жоба аясында би флешмобтары, спорттық және суда жүзу жарыстары, туризм клубы, сурет және техникалық шығармашылық мектептерінің шеберлік сабақтары, тренингтік ойындар…

Толығырақ
DSC01528

Велопатрульдің алғашқы нәтижелері

Екібастұз көшелерінде велопатруль пайда болатыны жөнінде осыған дейін газет бетінде жазған болатынбыз. Осы мақсатта полицейлердің кәсіби мерекесінде құқық қорғаушыларға 50 велосипед сыйға тартылған еді. Бүгінде велопатруль саябақта, скверлерде, тұрғын үй аулаларында қызметін атқаруда. Әзірге нәтижесіз емес. Демалыс күндері ғана қалалық ішкі істер басқармасына түрлі құқықбұзушылықтар туралы 66 өтініш түсіпті. Соның ішінде ізі суымай ашылған 13…

Толығырақ

Жүлделі оралды

Ертіс кентінде тоғыз-құмалақтан Павлодар облысы чемпионаты өтті. Жеке есепте ересектер арасында №1 БЖСМ жаттықтырушысы Ардақ Қанапашев жүлделі  ІІ орыннан көрінді.  Тоғыз-құмалақшылар сонымен қатар бапкер Бауыржан Шәпиевті еске алу турниріне де қатысты. 12 жасқа дейінгілер ішінде №18 қазақ мектебінің оқушысы Ерасыл Құдайбергенов І орынға ие болса, 16 жасқа дейінгілер арасында Арыстанбек Жанбек ІІІ орынды қанаға тұтты.…

Толығырақ

Алтын медаль – Аликада

30 маусым  — 4  шілде күндері аралығында Корея Респуб-ликасының Кенджу қаласында (KOREA OPEN International Championaships)  таеквондодан (ВТФ) ашық халықаралық  Корея Чемпионаты өтті. 2005 жылдан бастау алған, жауынгерлік өнерге жататын дәстүрлі чемпионат Оңтүстік Кореяның әр қаласында өткі-зіледі. Жыл сайын  әлемнің түкпір-түкпірінен  кем дегенде 40 елдің спортшылары күш сынасады. Биыл осы турнирге Екібастұз қаласының №3 БЖСМ-нің тәрбиеленушісі …

Толығырақ

Астана күніне арналды

Астана күніне арналған іс-шаралар легі басталды. Осындай мерекелік шараның басы Екібастұз қаласының орталық кітапханасында өтті. Елорданың туған күніне арналған  «Астана – Қазақстан тұмарындай» атты танымдық сағатқа №25 гимназия-мектебінің жазғы лагерь тәрбиеленушілері қатысты. Кітапхананың оқу залында қалың оқырманға арнап дәстүрлі кітап көрмесі ұйымдастырылыпты. Мұндағы кітаптың дені Қазақстан Республикасының жаңа астанасына, Ел Президентінің шығармаларына арналған. Танымдық сағатқа…

Толығырақ
мульти

Шексіз шығармашылық

Қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Астана күніне орай кесте шебері Алла Сле-пушенконың «Шексіз шығар-машылық» атты көрмесі ұйымдастырылды. Алла Николаевнаның 75 жылдық мерейтойымен тұспалдас келген бұл көрме кешінде автордың айқыштап тоқу бағытындағы картиналары қойылады. Көрме қонағы «Світанок» этно-мәдени орталығы музыкалық шығармаларымен кештің мазмұнын арттыра түспек. Алла Слепушенко 1941 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң ата-анасымен…

Толығырақ
IMG_4536

Байқаудың ауқымы кеңейсе…

Қатысушылар атынан айтылған бұл тілекті ұйымдастырушылар қолдады Өңіріміздің ардақтысы, Қазақстанның құрметті журналисі, «Отарқа» газетінің тұңғыш редакторы Амангелді Қаңтарбаевтың есімін ұлықтауды мақсат тұтқан, сол арқылы өңірдегі жас журналистерге қолдау көрсетуді көздеген «Наркескен» байқауы биыл екінші мәрте өткізілді. Елдің үлкен тойы – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ұйым-дастырылған байқауда қатысушыларға егемен елдің ширек ғасырда жеткен жетістіктерін паш етіп,…

Толығырақ