«Наркескен» байқауы қорытындыланды

Үстіміздегі жылдың наурыз айында «Отарқа» газетінің тұңғыш редакторы Аманкелді Қаңтарбаевты есте қалдыру мақсатында журналистер арасында дәстүрлі «Наркескен» байқауы жарияланған еді. Қазылар алқасы Журналистер күні қарсаңында байқаудың қорытындысын жариялады. Сайыскерлердің арасында Мұрат Аяғанның «Орындалған арман» мақаласы (немесе қазақ үшін химия да табыс көзіне айналды) «Тәуелсіздік жаршысы» аталымына, Бейбіт Бөженнің «Шүкір» мақаласы «Азаттық жаршысы» аталымына, Айдана Айтуғанның…

Толығырақ
IMG_3826

Мамандығына адал жандар

Қазақстан Президентінің Жарлығымен 23 маусым елімізде мемлекеттік қызметші күні болып белгіленді. Биыл үшінші рет тойланып отырған бұл мереке қаламызда полиция күнімен бірге аталып өтті. Екібастұз қаласында 246 мемлекеттік қызметші, 481 полиция қызметкері еңбек етеді. Қалалық балалар музыка мектебінде мереке иелері үшін арнайы салтанатты шара өткізілді. Мемлекеттік Ту кіргізіліп, Әнұран шырқалған соң қала әкімі Қ.Нүкенов құттықтау…

Толығырақ
ornamentkz

Несиені қайтармай отыр

Қалалық әкімдіктің кіші залында өткен басқосуда төрт мәселе қаралды. Құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асланбек Садықов өңірді дамытудың 2020 жылдарға арналған бағ-дарламасына енген тұрғын үйлер құрылысының барысы туралы айтты. Сонымен бірге, қаладағы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары мен жобалық-сметалық құжаттары іске асырылмаған нысандар, Солнечный кентіндегі «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ салдырып жатқан тұрғын үйлер жайын баяндады. Аталған…

Толығырақ
IMG_2580

Өркендей бер, Екібастұз!

Биыл Қала күні мерекесі жылдағы дәстүрден бөлек бір апта кейін, яғни 17 маусымда аталып өтті. Қала күні аясында да айшықты  шаралар аз болған жоқ. Ертеңгілік «Қазақстан» кинотеатры алдында орнатылған далалық сахнада салтанатты жиын басталды. Қала әкімі Қайрат Нүкенов жұртшылықты мерекелерімен құттықтай келе: — 59 жас – кемелденген шақ. Бізді алда еліміздің гүлденуі жолында талай асулар…

Толығырақ
IMG_6512 (1)

Қайғы бәрімізге ортақ

5 маусымда Ақтөбе қаласындағы лаңкестік шабуылдан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге арналған жалпыұлттық акцияға қатысуға шақырған үндеуге «Богатырь Көмір» ЖШС-нің ұжымы алғашқылардың бірі болып үн қатып, 9 маусымда кеніш жұмыскерлері қылмыстық оқиғаның құрбандарына көмек көрсету мақсатында қалалық қан тапсыру орталығына барды. Өзің танымайтын адамның өмірін сақтап қалу – нағыз кісіліктің белгісі және мұндай адамдарға қай дәуірде…

Толығырақ
DSC_9499

Біздің елдің жігіттері-жігіттердің төресі»

Бұл жолы дәстүрлі «Жігіт сұлтаны» байқауын тамашалауға бір қауым жұрт жиналуы -  сайыскерлердің жігерін жани түсті. «Өнер» қалалық мәдениет үйі жанында орнатылған сәнді сахна төріне шара жүргізушілері Алмагүл Жүгінісова және  Қанат Бейсеновтің  шақыруымен сегіз жігіт көтерілді. Туып-өскен ауылының мерейін үстем етуге құлшынған  бесқауғалықтар Ерлан Серіков пен Марлан Адамқұлов, ақкөлдіктер Наурызбай Мауытханов, Мейірман Өмірбаев, Зеленая рощадан…

Толығырақ
DSC_8633

Полицейлер велосипед мінді

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде шұғыл қимылдай білудің мәні зор.  Ал полиция қызметкерлерінің жеделдігі техникалық жағынан жақсы жарақталуына да байланысты. Осы орайда, Екібастұз қаласы көшелерінде велопатруль пайда болмақ. Енді рет-ретімен баяндайық. 17 маусым күні сәскеде жергілікті полиция қызмет-керлері плацта сап түзеді. Мұнда қала күні мен тәртіп сақшыларының кәсіби мейрамына орай салтанатты шара өткізілді. Жиналғандар алдында қала…

Толығырақ
орнамент

Айыппұл өндіру ақсап тұр

Таяуда қала әкімдігі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Онда қаралған бірінші мәселе – мемлекет кірісіне айыппұлдарды өндіріп алудың жай-күйі туралы Екібастұз қаласы прокуратура бөлімінің прокуроры Фархат Тұрдыбеков хабарлама жасады. Бірден айту ләзім, мемлекет пайдасына айыппұл өндіріп алу жайы мәз емес, бар-жоғы 36 пайызды…

Толығырақ
Коянды_n

Ең үздік вокалдық топ

Павлодар қаласындағы «Шаңырақ» ұлттық орталығы «Жауқазын» балалар байқауын ұйымдастырды. Осы байқауға Қоянды ауылдық клубының Күмісхан Сағындық жетекшілік ететін «Жайна» вокалдық тобы қатысып, «Ең үздік вокалдық топ» аталымын жеңіп алды. Бұған дейін талай додада жарқырап көрініп жүрген Қоянды клубының қоржыны, осылайша, тағы бір жүлдемен толықты. Жарайсың, «Жайна»!

Ж.ЖАПАРОВА

орнамент

Жерді пайдаланудың тиімділігі — назарда

«Бес институционалды реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарында жерді пайданудың тиімділігін арттыру мақсатында оны нарықтық айналымға енгізу де көзделгені белгілі. Жер мәселесі өзекті болып отырған осынау шақта іске асырылмақ бұл қадамдардың маңызы зор. Тиімділік былай тұрсын, бүгінде жалға алынған немесе меншікке берілген мыңдаған гектар жер жылдап пайдаланылмай жататыны қынжылтады. Мемлекет лимандарға су жіберуге…

Толығырақ