орнамент

Алмагүл – үздік қызметкер

Өткен аптада Павлодар қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған салтанатқа облысымызда жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова да қатысты. Қуанышты жайт, аталмыш кәсіби мереке шеңберінде марапатталған байқау жеңімпаздарының қатарында екі-бастұздықтар да бар.

Толығырақ
орнамент

Жастар пікір алысты

Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжінде «Әлеуметтік желі арқылы дінді тану» атты пікірсайыс турнирі өтті. «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ұйымдастырған турнирге қала, ауыл және жұмысшы жастар өкілдері, жалпы 25 адам қатысты. Пікірсайыс барысында жастар әлеуметтік желілер арқылы діни сауат ашу, діни ағымдармен күрес, жастар арасындағы экстремистік көзқарастар, теріс ағымдағы сайттарды азайту мәселелерін талқыға салды.

Толығырақ
20150604090427

Жасөспірім үшін ата-анасы жауапты

Қалалық ішкі істер басқармасының мәжіліс залында өткен «Жолдағы қабылдау» шарасына студенттер, жастар ұйымдары мен қоғам өкілдері жиналды. Азаматтардың сұрақтарына жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Т.Құдайбергенов, ювеналды полиция тобының аға инспекторы Ф.Ахметжанова, жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрағасы Т.Темірханов жауап берді. «Stop-қылмыс» жобасы аясында қолға алынан бұл шарада түрлі құқықтық мәселелер қарастырылды.

Толығырақ
орнамент

Азық-түлік бағасын қайтсек тұрақтандырамыз?

Бүгінде азық-түлік бағасы ырық бермей, күннен-күнге қымбаттап барады. Жерілікті жерде азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қандай шара қолдану қажет? Өкініштісі, жиында сөз алған кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметіне жаңадан тағайындалған Н.Бейсембаевтың есебі қала әкімінің де, мәжіліске қатысушылардың да көңілінен шықпады. Жұмысына енді кіріскен бөлім басшысының бәріне белгілі мәліметті жаңалап ұсынғаны оның Екібастұздың тыныс-тіршілігінен хабарсыз екенін байқатты. Әйтсе…

Толығырақ
орнамент

Тұрғындардың жылуға қарызы 790 млн.теңгеге жетті

Қала әкімінің сайтына түсетін арыз-шағымның басым көпшілігі коммуналдық салаға қатысты екен. Әкімдік отырысында есеп берген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ізбасар Сәрсенбаевтың айтуынша, жылу беру маусымы аяқталды. Осы уақыт аралығында тұрғындардан коммуналдық қызметке қатысты 502 шағым түскен.

Толығырақ
орнамент

Балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылады?

Биыл балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға бюджеттен 41 928,0 мың теңге бөлінді. Соның ішінде 22555,0 мың теңге  — қала сыртындағы лагерьлерге, 6 100,0 мың теңге – мектеп жанындағы лагерьлерге, 13 328,0 мың теңге оқушылардың еңбек отрядтарына бөлінбек. Жазғы демалысқа барлығы 17 001 оқушы қамтылады. Соның ішінде 1494 бала – тұрмысы төмен отбасынан. 226-сы – тұл жетім. Бұдан бөлек 200 бала қайырымдылық көмегі есебінен демалады. 

Толығырақ
орнамент

Штаб құрылды

«Павлодар облысы мектептерінен биыл 3604 бала түлеп ұшпақ. Соның 2680-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады», — делінген Павлодар облысының білім сапасын бақылау жөніндегі департамент таратқан хабарламада. Ресми хабарға сүйенсек, тестілеуді өткізу форматы өзгермеген. Облыс көлемінде ҰБТ өтетін 10 орын белгіленген.

Толығырақ
орнамент

«Жұлдыздар тоғысқанда» — Екібастұзда

Кеше екібастұздықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірдерегін баян еткен «Көшбасшы жолы» атты киноэпопеясының бесінші бөлімін тамашалады. «Жұлдыздар тоғысқанда» деп аталатын фильмнің премьерасына қала әкімі Қайрат Нүкенов, қалалық мәслихат хатшысы Болат Құспеков, қаланың құр-метті азаматтары, т.б. қатысты.

Толығырақ
орнамент

Өзгерістер енгізілді

Қалалық мәслихаттың V сессиясында Екібастұз қаласы әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Қала әкімінің аппарат басшысы Феризат Нұрсұлтанқызы депутаттарға қалалық ведомоствоаралық комиссияның құрамынан Александр Вербнякті алып, оның орнына жаңа басшы Қайрат Нүкеновті енгізу туралы ұсынысын жеткізді.  

Толығырақ
DSC_2515

Жаңа жұмыс орындарын ашуымыз қажет

Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов өткен бейсенбіде кезекті сапарын ірі кәсіпорындарда – «Б.Нұржанов атындағы МАЭС-1 станциясы» ЖШС-і мен «МАЭС-2 станциясы» АҚ-да және Солнечный кенті мен Сарықамыс ауылында жалғастырды. Рысқан Свамбаев басқаратын МАЭС-1 станциясын аралаған қала әкімі кәсіпорын жанынан раушан гүлдерді өсіретін жылыжай ашылғаны құптарлық іс екенін айта келе, арзан электр қуатын пайдалана     отырып, шағын зауыттарды құру заман талабы екенін алға тартты.

Толығырақ