Сақтық керек

Көлігіміз Төртүй ауылы шетіне іліккенде аспанға шаншыла көтерілген будақ-будақ түтін көзге көрінді. Бірден сол тұсқа беттедік. Оқшау орналасқан үйдің албары ішіндегі шөп жанып, от іргелес гараждың төбесіне тиіпті. Үй иесі Жаңабай Ақылбеков екен. Екі трактор бықсыған көңді сүріп тастауға кіріскен. Ондаған жігіт өртке қарап ошарылып тұр. Сөйтсек, бөшкедегі су таусылып, шарасыз қалыпқа түсіпті. Ал ауыл…

Толығырақ
Snimok1

Көлік апаты көбейіп тұр

Жүргізушілердің бейқамдығы салдарынан көп отбасы қайғы арқалап қалды. Өткен аптада ғана көлік апатынан екі кісі мерт болған еді. Бұл оқиға ешкімге сабақ болмады. Дүйсенбі күні екі бірдей жол-көлік оқиғасы орын алды.

Толығырақ

Жалған хабарлама екен

7 маусым күні ватсап желісімен мына бір хабарлама лезде ел аумағына тарап кетті: «Сақ болыңыз-дар! Кеше түнде Ломоносов ауданында сақал-дылар балаларды көлікке күштеп отырғызуға тырысты. Қазір балалардың ата-аналары түсініктеме беруде. Бұл кеше кешке болған. Екібастұз бойынша қолға түсіру жоспары ұйымдастырылды.

Толығырақ
Snimok1

Баға көңіл көншітпеді

Сенбі күні жәрмеңке болады дегенді естіген жұрт таңертең  19-шағынаудандағы муниципалдық базарға ағылды. Ауыл-аймақтан келген ағайын ет пен сүтін осы жолы да теңдей келген екен. Сөрелер сүт пен май, қаймақ, ірімшік, айранға толы. Осы жолы қоспа мен қымыз да мол болды.

Толығырақ

Қымызмұрындық

Екібастұз қалалық мұсылман әйел-дер лигасы облыс орталығында өткен Қымызмұрындық мерекесіне қатысып қайтты. Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлес-тігі ұйымдастырған шараға екібастұз-дық аналар концерттік бағдарлама ұсынды.

Толығырақ

Меже еңсерілді

Маусымның 2-сі мен 4-і күндері екібастұздық 579 түлек ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. Қала көлемінде орташа ұпай 88,68 болса, облыстағы қалалар арасында Екібастұз алдыңғы орынға келіп тұрақтады Осы оқу  жылы басталысымен-ақ қала әкімінің орынбасары Мәриям Адас-баеваның төрағалығымен үйлестіру кеңесі құрылып, кеңес мүшелері ай сайын қала мектептеріндегі ҰБТ-ға дайындық деңгейін саралап отырды.

Толығырақ
13332721_974545949329015_2863486206410776139_n

Өткенге тағзым

Тұтас халықтың басына қайғы-қасірет салып, аштық пен қудалауға душар еткен зобалаң жылдар тарих сахнасынан сусып өтсе де, оның көзі тірі куәгерлер санасынан өшпесі анық. Саяси көзқарастары үшін жазықсыз жазаланған зиялылардың, шолақ белсенділер қолымен үкім арқалаған бұқараның азалы үні өткен ғасырдан бүгінге жетіп жатқандай.

Толығырақ
орнамент

Елге шығып, ой зерделейді

28 мамыр күні Жер реформасы жөніндегі комиссия үшінші отырысын өткізді. Бұл жолы әңгіменің арқауы – жерді шетелдіктерге жалға беру не бермеу мәселесі болды. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы саласын дамыту, жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру жайында да сан алуан пікір айтылды. 

Толығырақ
DSC_4222

Соғылды соңғы қоңырау

Түлектердің жүрегін лүпілдеткен соңғы қоңырау мерекесі де келіп жетті. Білім ордалары он бір жыл түлеткен оқушыла-рын үлкен өмірге шығарып салуда. Биыл Екібастұз өңірі мектептерін 730 түлек бітіргелі отыр. Олардың 542-сі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады.  7 оқушы «Алтын белгіден»  үміткер, 6 түлек ерекше аттес-тат иесі атанбақ (№1 лицей-мектебі мен «Зерде» мектебін есепке алмағанда). Биыл №18 жалпы білім бере-тін орта мектебін 45 оқушы бітіргелі отыр.

Толығырақ
DSC_3693

Диқандар септі алтын дән

20 мамыр – жұма күні жерге дән себуді жоспарлаған Бесқауға ауылының диқандарына табиғат жайдары мінез танытты. Ылғал жабу, жер танаптарын жырту жұмыстары тыңғылықты аяқталған егістік басында қызу тірлік. «К-700» тракторларына дән сепкіш құрылғыны тіркеп, механизаторлар «бісмілла» деп іске кірісті. Егіннің шығымы табиғаттың мінезіне тәуелді екені аян. Десе де, сонау 1994 жылдан бері осы кәсіптен нәпақа тауып келе жатқан бесқауғалық диқандар тәуекел етуден тайынған емес.

Толығырақ