IMG-20160305-WA0032

Өрт сөндіру бөліміндегі экскурсия

2016 жылы Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні «Халықты, мүлікті және қоршаған ортаны қорғау» тақырыбына арналды. Осы орайда қала мектептерінде азаматтық қорғаныс күніне арналған айлық өткізіліп, сынып сағаттары жүргізілуде. Төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан халықтың төтенше жағдай кезінде іс-қимылға әзірлігін арттыру үшін оқу-жаттығулар, конференциялар, түрлі жарыстар ұйымдастырылуда.

Толығырақ
по

«Мәңгілік ел» пойызы — Екібастұзда

Астанадан шыққан «Мәңгілік ел» пойызы өткен аптада Екібастұзда аялдады. Теміржол вокзалында қонақтарды жергілікті атқарушы билік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қарсы алды. Айта кетерлігі, бұл сапар ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.

Толығырақ
Бозымбаев

Қаламыз гүлге оранады

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев пен қала әкімі Александр Вербняк 16 ақпан күні «Green House KZ» ЖШС-і раушан гүлдерін өсіретін жылыжайының тұсаукесеріне қатысты.

Аумағы 5 гектарды құрайтын жылыжай кешенінің «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» станциясы жанында орналасқанынан оқырман қауым хабардар. Жылыжайдың бұл жерден орын тебуі кездейсоқ емес:

Толығырақ
муса

Ашық есік күні

Сейсенбі күні Халыққа қызмет көрсету орталығында ашық есік күні өтіп, «Нұр Отан» партиясы ЕФ өкілі Шолпан Базарбаева, Әділет басқармасы және АХАЖ бөлімі қызметкерлері қала тұрғындарын қабылдап, құқықтық кеңес берді.

Толығырақ
ак

АВТОПОЙЫЗ – АҚКӨЛДЕ

Кеше қаламыздағы жұмыспен қамту бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталығы, ЗТМО және кәсіпкерлік бөлімінің мамандары, сондай-ақ, №1 аурухананың дәрігерлері  Ақкөлге ат басын тіреп, ауыл тұрғындарын қабылдады. Бұл сапар еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Толығырақ
ФОТО  РЫМБЕК (3)

Робот техникасын дамыту- игілікті іс

Еліміз үшін қоғамды алға бастыратын инновациялардың рөлі айрықша. Бүгінде Қазақстан да әлемдегі өзге елдер секілді жаңа технологияларға мән беріп отыр. Бұл салаға баланы жастан бейімдеу, қосымша білім беру  – қоғамда кезек күттірмес мәселе. Қосымша білім беру жүйесінің негізгі мақсаты балалардың бос уақытын мазмұнды және толыққанды ұйымдастыруға, олардың сапалы қосымша білім алуына, оқушы тұлғасының дамуына, әлеуметтік және кәсіби қалыптасуына жағдай жасау  болып табылады.

Толығырақ
орнам

Робот техникасын дамыту — игілікті іс

Еліміз үшін қоғамды алға бастыратын инновациялардың рөлі айрықша. Бүгінде Қазақстан да әлемдегі өзге елдер секілді жаңа технологияларға мән беріп отыр. Бұл салаға баланы жастан бейімдеу, қосымша білім беру  – қоғамда кезек күттірмес мәселе.

Толығырақ
орнамент

Бір күнде — 101 адам!

Өткен жылғы желтоқсанның мінезі тосын болып, қара жерді жып-жылтыр айнаға айналдырды. Табиғат жарықтық адам баласын сынап көрейін дегендей, сол бір жайсыз күндер ұзақ тұрып алғаны және бар. Жасыратыны жоқ, сол кезде қала халқының көктайғаққа дайындығы шамалы, тіптен мүлдем жоқ екендігінің куәсі болдық. Бойымызды шарасыздық биледі.

Толығырақ
орнамент

28 бала артық туған

Жаңа жылдың алғашқы төрт күнінде қалалық перзентханада 29 сәби дүние есігін ашты. Оның 11-і – қыз, ал 18-і – ер бала. Ал ескі жылмен жаңа жылдың ауысуы тұсында 8 нәресте өмірге келген. Олардың үшеуі – ер бала, бесеуі – қыз.

Толығырақ
орнамент

Бас шырша өртеніп кетті

Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күні — 31 желтоқсанда күтпеген оқиға болды. Кешкі сағат 20.35-те «Қазақстан» кинотеатры алдына орнатылған бас шырша мерекенің көркін келтірген Аяз ата, Ақша қармен қоса отқа оранды.

Толығырақ