кор

Қор қоржыны толықты

Қаламызда қайырымдылық марафоны қолға алынғалы 23 жылдың жүзі болды. Бұл шараны бүгінде депутат Ғалия Балтабекова басқарып жүрген «Қайырымдылық» қоғамдық қоры өткізеді. Биыл да жергілікті газет беттерінде марафон туралы хабарландыру жарық көргелі екібастұздықтар игілікті шараға қызу дайындала бастады. Шара 11 желтоқсанда «Қайнар» кешенінде өткен марафонда қорытындыланды.

Толығырақ
бозша

Бозшакөлде жаңа жоба іске қосылды

Елімізде қолға алынған «Индустрияландыру картасы» және «Нұрлы жол» бағдарламасы экономикамызға тың серпіліс әкелді. Нақты деректерге жүгінсек, «Индустрияландыру картасы» жобасы аясында  890 жоба іске қосылып, 85 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Толығырақ
DSC_4611

Мерейлі мереке

Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында қала әкімдігінде қаламыздың дамуына үлес қосқан түрлі сала мамандарына құрмет көрсетілді. Қала әкімі Александр Вербняк жиында бала өсірудің мехнатына қарамастан халық санының өсуіне ықпал етіп жүрген бірқатар анаға қошемет көрсетіп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерін атады.

Толығырақ
ДН

Достық мекенінде

-Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу стратегиясы толағай табыстарға бастады.

Еліміздің егемендігін әлем мойындап, болашаққа нық сеніммен бастап келеді. Бұл – бұлтартпас факт, — деп Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк жұртшылықты мерекемен құттықтады.

Толығырақ
IMG_8584

Шебер жүргізуші

30 қараша күні «Өнер» қалалық мәдениет орталығында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жүргізуші-2015» қалалық байқауы өтті. Байқауға төрт оқу орнынан сегіз үміткер қатысты.

Толығырақ
дос

Достық үйі – жаңа қоныста

Тұңғыш Президент күні қарсаңында қаламыздағы Достық үйі жаңа қонысқа көшті. 

Естеріңізде болса, бұған дейін Достық үйі №16 балабақша ғимаратының жартысын  пайдаланып келген еді. Мәшһүр Жүсіп көшесі, 101 мекенжайындағы жақында ғана күрделі жөндеуден өткен бұл нысанда бұрын қалалық білім бөлімі мен «Отарқа» газетінің редакциясы болған.

Толығырақ
пре

Елбасының сүйікті әндері шырқалды

Тұңғыш Президент күніне арналған салтанат дәстүр бойынша Глинка атындағы музыка мектебінің үлкен залында ұйымдастырылды. Мерекеге жиналған жұртшылықты құттықтаған қала әкімі Александр Вербняк Қазақстанның тәуелсіз болып қалыптасуындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін айрықша атап өтті.

Толығырақ
DSC_2344

Раушан гүлдер топырақта өспейді

Жұртшылық МАЭС-1 станциясы жанында жылыжай салынып жатқанынан және онда голланд раушандары өсірілетінінен хабардар. Журналистер тобы бұл жолғы сапарда жылыжайдағы жұмыстар барысымен танысты. Бұл күні құрылысы тәмамдалуға жақын жылыжайдың МАЭС-1 станциясына еш қатысы жоқ.

Толығырақ
DSC_2941

«Болашақ+» ашылды

1 желтоқсанда қаламызда бірегей сауда-сауық орталығы – «Болашақ+» ашылды. Төрт қабаттан тұратын зәулім орталықтың жалпы аумағы – 19 607,4 шаршы метр, құрылысына 2,67 миллиард теңге жұмсалған.

Толығырақ