Жаңа шатыр желге шыдамады

5 шілде күні соққан нөсер аралас дауыл екібастұздықтарға біраз зиянын тигізіп кетті. Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы ұсынған мәліметтерге сүйенсек, 112 телефонына сол күні сағат 13.30-де Мәшһүр Жүсіп көшесі, 147-үй тұрғындары хабарласып, қатты желдің шатырды ұшырып әкеткенін жеткізген. Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері анықтағандай, дауыл бес қабатты үйдің 200 шаршы метрдей шатырын жұлып әкетіпті.

Толығырақ

Нұротандықтар қатары толықты

Айтулы үш мерекеде — «Нұр Отан» партиясының құрылған күні, Тұңғыш Президент күні және Астана күні қарсаңында билік партиясы өз белсенділерін марапаттауды дәстүрге айналдырған. Осы дәстүр бойынша 3 шілдеде «Нұр Отан» партиясының Екібастұз қалалық бөлімшесінде салтанатты шара ұйымдастырылды.

Толығырақ
орнамент

Оқуға қабылдау тәртібі өзгерді

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл әскери оқудан үмітті түлектердің сынақ тапсыратын пәндері тізімі кеңейтілді. Олар, яғни, таңдау пәндері: физика, география, химия, биология және дүниежүзі тарихы. Сондай-ақ, оқуға қабылдау құжаттарын рәсімдеу тәртіптемесі жеңілдетіліп, құжат қабылдау мерзімі ұзартылды. Атап айтқанда, Қорғаныс министрлігінің жоғарғы әскери оқу орындары мен Кадет корпусына 20 шілдеге дейін, республикалық әскери мектептерге тамыздың 15-іне дейін құжат қабылданады.

Толығырақ
орнамент

Сенімхаттың күші жойылды

13 шілдеден бастап елімізде көлік жүргізуге берілетін сенімхаттың күші жойылды. Оқырман қауымның есінде болса, заңнамаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес, соңғы жылдары көлік жүргізуге сенімхат қолмен де жазылып келген болатын. Заңнамада, тіпті, оны арнайы органда тіркемеген тұлғаларға жаза да қарастырылмаған еді.

Толығырақ
Дар

Жарайсың, Дария!

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында әріптесіміз, «Отарқа» газетінің жауапты хатшысы Дария Жұмаділова Екібастұздың, қала берді облысымыздың абыройын асқақтатып, республикалық байқауда жүлдеге ие болды.

Толығырақ
премия

Үздіктерге – сыйақы

№2 емханада медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтті. Осыған орай мекеменің қазақ тілі мұғалімі Маржан Ысқақованың ұйымдастыруымен емхана ауласы безендірілді. Емхананың бас дәрігері Сәдібек Қабылтаев әріптестерін құттықтаған соң, облыстық денсаулық сақтау басқармасының марапатхаттарына ие болған мамандарға гүл шоқтары ұсынылды. Жалпы, биылғы мерекеде марапат пен сыйақыға сараңдық жасалмапты. Кәсіподақ комитетінің төрағасы Бақыт Айтқожиннің ақ тілегінен…

Толығырақ
орнамент

Президенттен хат келді

Солнечный кентінің тұрғыны Галина Михноваға Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтан хат келді. Нақтырақ айтсақ, бұл – Нұрсұлтан Әбішұлының Галина Васильевнаға жауап хаты.

Екібастұз МАЭС-2 станциясында 20 жылдан астам уақыт жылу беру машинисі болып еңбектеніп келе жатқан Галина Михнова Нұрсұлтан Әбішұлының Президент сайлауында қол жеткізген жеңісіне қуанышын білдіріп, құттықтау жолдаған екен.

Толығырақ
орнамент

Сала үздіктері аталды

Мемлекеттік қызметшіні былайғы жұртшылық қатаң тәртіп пен тиянақтылықтың, жауапкершіліктің  үлгісі деп біледі. Біздің қаламызда да осынау жауапты саладағы талап үдесінен шығып, адал еңбегімен танылып жүрген мемлекеттік қызметшілер баршылық. Кәсіби мерекеге орай өз саласының үздігі атанған мамандарға Екібастұз қаласы әкімінің Алғыс хаты тапсырылды. 

Толығырақ
орнамент

Жастар — жұмыс басында

Студенттердің биылғы еңбек семестрінің ашылуы «Шахтер» демалыс саябағында өтті. Оған қаладағы барлық колледж студенттері қатысты. Айта кету керек, еңбек семестріне әр оқу орны тарапынан ұсынылған тұрмысы төмен отбасылардан шыққандар мен жартылай жетімдер тартылды. Олар жаз кезінде еңбек етіп, аз да болса  қаражат табуға мүмкіндік алады.

Толығырақ