орнамент

Сауда орталығы өртенді

«Сәуле» сауда орталығы тағы да өртке оранды. Дәл қазір орталық  саудагерлердің бірқатары тауарларын аулада сатуда. Өрт 2 маусымда орын алды. Сол күні кешкі сағат 21.40-та 14-ші өрттен құтқару бөлімшесіне «Сократ-Павлодар» ЖШС-інің диспетчерінен 19-шы шағынаудандағы «Сәуле» сауда орталығында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті.

Толығырақ
Саулетай-1

«Алтын балық» — фестиваль жеңімпазы

1 маусым – Халықаралық балалар күні Екібастұзда ерекше аталып өтті. Бұл күні «Қазақстан» кинотеатрының алаңында «Жақсылық жасауға асығыңыз» қайырымдылық марафоны өтіп, сонымен қатар, ХІІІ «Сәулетай» балалар шығармашылығы фестивалі қорытындыланды.

Толығырақ
омир

«Өмір» сыйлаған мүмкіндіктер шектеусіз

Қаламыздағы «Өмір» оңалту шығармашылық орталығының мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеп, дені сау адамдармен тең дәрежеде дүкенге бару, қоғамдық көлікті пайдалану, басқа да күнделікті тұрмысқа қажетті іс-әрекеттерді меңгерту. Бір сөзбен айтқанда, толыққанды өмір сүруге дағдыландыру. Орталықтың жеткен белестері жайлы әңгімеміз осы орталықтың төрайымы С.Качурамен өрбімек.

Толығырақ
авиажоба

Авиажоба жарысы

1 маусым — балаларды қорғау күнінде мектептерде түрлі шаралар кеңінен етек алды. Оқушылардың салауатты өмір салтын ұстанып, өскелең өмір сүруге дағдыландыру мақсатында техникалық шығармашылық мектеп қалалық авиажобалау жарысын өткізді.

Толығырақ

«Қайнар – алтын бұлақ»

Таяуда «Қайнар — алтын бұлақ-2015» шығармашылық кезеңінің жабылу салтанаты болып өтті. Оған балалар мен педагогтар, сондай-ақ, ата-аналар қатысты. Жиында балаларға қосымша білім беруде кәсіби шеберлігімен дараланған ұстаздарға құрмет көрсетілді.

Толығырақ
орнамент

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп…»

Биыл балалардың жазғы демалысын ұтымды ұйымдастыру мақсатында Екібастұз қалалық білім бөлімі «Нұрлы жаз – 2015» бағдарламасын қабылдады. Бағдарламаны іске асыруға бөлінген 44 330 мың теңгенің 22 555 мың теңгесі – қаладан тыс лагерьлерге, 6 075 мың теңгесі – мектеп жанындағы лагерьлерге (аз қамтылғандар үшін), 15 700 мың теңгесі оқушылардың еңбек отрядтарына бағытталған. Жазғы демалысқа қамтылатын…

Толығырақ

Туымыз тұғырлы болғай!

1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған заңдармен тұңғыш рет  тәуелсіз  еліміздің Туы, Елтаңбасы бекітілді, ал 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік Гимніміз туралы заңға қол қойылды. Сөйтіп, мемлекеттік рәміздеріміз елдігіміздің айғағына айналды.

Толығырақ
орнамент

Тоғызқұмалақ турнирі

1 маусым — Балаларды корғау күніне орай №1 БЖСМ филиалында ұлттық ойын — тоғызқұмалақтан дәстүрлі қалалық турнир жалғасын тапты. Бұл турнир «Екібастұз дауысы — ақпараттық орталығы» ЖШС-і «Отарқа»  газетінің демеушілік жасауымен өткізіліп отыр.

Толығырақ
орнамент

Жақсылық жасауға асық!

Жыл сайын 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жақсылық жасауға асық!» атауымен өтетін қайырымдылық марафонының қоржынына биыл 3 миллион 400 мың теңге жиылды. Бұл қаржы мұқтаж балаларға, атап айтқанда, науқас балаларға қажетті қымбат оталарға, емдеу шараларына, сондай-ақ,  жас дарындарды интеллектуалдық қолдау мақсаттарына жұмсалмақ.

Толығырақ