орнамент

Президенттен хат келді

Солнечный кентінің тұрғыны Галина Михноваға Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтан хат келді. Нақтырақ айтсақ, бұл – Нұрсұлтан Әбішұлының Галина Васильевнаға жауап хаты.

Екібастұз МАЭС-2 станциясында 20 жылдан астам уақыт жылу беру машинисі болып еңбектеніп келе жатқан Галина Михнова Нұрсұлтан Әбішұлының Президент сайлауында қол жеткізген жеңісіне қуанышын білдіріп, құттықтау жолдаған екен.

Толығырақ
орнамент

Сала үздіктері аталды

Мемлекеттік қызметшіні былайғы жұртшылық қатаң тәртіп пен тиянақтылықтың, жауапкершіліктің  үлгісі деп біледі. Біздің қаламызда да осынау жауапты саладағы талап үдесінен шығып, адал еңбегімен танылып жүрген мемлекеттік қызметшілер баршылық. Кәсіби мерекеге орай өз саласының үздігі атанған мамандарға Екібастұз қаласы әкімінің Алғыс хаты тапсырылды. 

Толығырақ
орнамент

Жастар — жұмыс басында

Студенттердің биылғы еңбек семестрінің ашылуы «Шахтер» демалыс саябағында өтті. Оған қаладағы барлық колледж студенттері қатысты. Айта кету керек, еңбек семестріне әр оқу орны тарапынан ұсынылған тұрмысы төмен отбасылардан шыққандар мен жартылай жетімдер тартылды. Олар жаз кезінде еңбек етіп, аз да болса  қаражат табуға мүмкіндік алады.

Толығырақ
хамметов

Марапаттар жауған күн

Жақында өнеркәсіп және отын-энергетика орталығына айналған Екібастұз қаласының туған күні тойланды. Осыған орай қала әкімі ұзақ жылдар бойы қала өміріне еселі еңбек сіңірген бірқатар мемлекет қызметкерлері мен қоғам мүшелерін марапаттады. «Богатырь Көмір» ЖШС-і бас директорының орынбасары Е.Рахманғұловқа, қалалық мәслихат депутаты, музыка мектебінің директоры С.Сыздықовқа, облыстық мәслихат депутаты,

Толығырақ
IMG_4430

Қымызмұрындық

Қымызмұрындық – халқымызда ежелден  келе жатқан дәстүрдің бірі. Ол бие байлап, алғашқы қымызды тату рәсімі. Бие сауылып, оның сүті қорланып ашытылған соң, ауыл жұртшылығы түгел келіп мол дастарқаннан дәм татып, ақсақалдар бата жасайды.  Бұл алғашқы қымыз көпке бұйырса, жаз бойы ақ мол, мал басы аман болады деген тілектен шыққан.

Толығырақ
султан

Айбын – жігіт сұлтаны

Екібастұз қаласы әкімінің қолдауымен, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Атамұра» мәдениет орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жігіт сұлтаны – 2015» байқауы өз мәресіне жетті.

Онда іргедегі ауылдардан келген тоғыз жігіт өзара бақ сынасты.

Толығырақ
кузет-2

Үздіктерге — сыйақы

1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін айқындайтын алғашқы нормативтік-құқықтық акт болатын. 2007 жылдың 5 маусымында Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды Полиция күні деп бекітті.

Осы мерекеге орай Павлодар облысы МКҚБ 2-ші полиция батальонында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Тәртіп сақшыларының басын қосқан салтанатты жиын өтіп, еліне адал қызмет еткен бір-қатар полицейлер марапатқа ие болды.

Толығырақ
орнамент

Мереке қарсаңында

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында облыс әкімі Қанат Бозымбаев аудандар мен қалалардың медицина мекемелеріне жаңа жедел жәрдем көліктерін тарту етті. Бұл көліктерді сатып алуға 71 миллион теңге қаржы жұмсалған.

Толығырақ
орнамент

Шіркеу салына ма?

Соңғы уақытта қала тұрғындарынан «31-ші шағынауданда шіркеу салынатын болыпты. Негізі, ол жер телімі балалардың ойын алаңшасына немесе саябаққа лайықты еді… Құлшылық етуші мұсылман қауымы Алланың үйіне сыймай жатса да, бір мешітті қанағат қылып отыр.

Толығырақ
орнамент

Өз табысын жария етті

Екібастұз қаласында дәстүрлі «Өзіңнен баста!» акциясы өткізілуде.

Акцияның мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың табыстары мен мүлкін жариялау. Бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайтуға және халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға шақырады.

Толығырақ