сонгы конырау

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

25 мамыр күні қаламыздың мектептерінде түлектер үшін соңғы қоңырау үні сыңғырлады. Бұл күннің басты элементі – «түлек лентасын» тағынған жастар алғаш мектепке келгендегі дәстүрді еске алып, қыздар ақ бантик байлап келсе, ал жігіттер костюмдерін киіп келді. Қыздар мен жігіттер қол ұстасып «Мектеп вальсін» биледі.

Толығырақ
орнамент

Қала тазалығы бәрімізге ортақ

Екібастұз еліміздегі таза қалалардың біріне жатады. Ол жайлы біз қалаға келген қонақтардан да жиі естиміз. Жүз мыңнан астам халқы бар қалада тазалықты сақтау оңай емес. «Жұмыла көтерген жүк – жеңіл» демекші, бұл — көптің көмегімен атқарылатын шаруа.

Толығырақ
DSC_3856

Отбасы күні — перзентханада

«Меніңше, отбасы жастардың неке қиған күнінен емес, шаңыраққа шаттық сыйлар баланың дүниеге келуінен басталады»,-деді Екібастұз қалалық перзентхананың бас дәрігері Гүлнәр Нығметжанова мекемеде ұйымдастырылған салтанатты аша отырып.

Толығырақ
орнамент

Ғылыми жобалар сайысы

Адам қоршаған ортамен тамырласа өмір сүретіні белгілі. Сондықтан да тіршілік еткен ортамыздың таза, жа-нымызға жайлы болғанын қалаймыз. Қоғам дамыған сайын адамдардың тұтыну өресі де жоғарылап, тұтынуға деген қажеттілік артқан сайын соған байланысты жаңа заттар ойлап табылды.

Толығырақ
день

Мәңгілік ерлікке тағзым

9 мамыр күні екібастұздықтар Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтті. Сталинградта, Курск иінінде, Берлиндегі қиян-кескі шайқаста жауды ойсырата жеңген майдангерлеріміз қандай құрметке болсын лайық. Жеңістің жетуіне бұғанасы бекімей жатып еңбекке араласып, соғыстағы жауынгерлерге азық-түлік, киім-кешекпен қарасқан қазіргі тыл ардагерлерінің қосқан үлесі де өлшеусіз.

Толығырақ
Бозымбаев

Сый-сияпат жасады

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында облыс әкімі Қанат Бозымбаев Екібастұз қаласына арнайы келіп, тоқсанға толған соғыс ардагерлері, «Отан соғысы» ордені иегерлері Зейнолла Сүлеев пен Ольга Самотаеваны мерейлі мерекемен құттықтады. Қос майдангердің кеудесіне «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісін қадап, телевизор сыйлады.

Толығырақ
лента

Ескірмес ерлікке — ескерткіш

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!». Расында да солай екен. Қанқұйлы дұшпан ордасы — Берлинде Жеңіс жалауы желбірегелі бақандай жетпіс жыл өтсе де, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сұрапыл соғыс қасіреті, Отан үшін қан майданда опат болған боздақтар мен тірі оралған жауынгерлердің ерлік жолы, тылдағы адамдардың ерен еңбегі бір мезетке де ұмытылған емес. Кейінгі ұрпақ соғыс тарихын…

Толығырақ