«Тайқазанның» тағылымы мол

Жуырда Астанадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан халқы ассамблеясының XXI сессиясы болып өтті. Елбасы Н.Назарбаев төрағалық еткен жиынға Ассамблея мүшелері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси партиялар мен діни конфессиялардың жетекшілері, дипломаттар, ғылым мен шығармашылық интеллигенциясының өкілдері және шетел қонақтары қатысты.

Толығырақ
Сенбилик-3

Қала ажарлана түсті

18 сәуір күнгі жалпықалалық сенбілікке қала тұрғындары мен кәсіпорындар жұмысшылары қызу атсалысып, өзіне тиесілі аумақты қоқыстан тазартты. Сенбілікке ірі кәсіпорындар да жұмыла кірісті. Ат шаптырым жерді тазалауды өз мойнына алған «Промсервис-Отан» кәсіпорны бұл жұмысқа 57 жұмысшысын жұмылдырыпты. Кәсіпорын тек адам күшімен шектелмей, техниканы да іске қосты.

Толығырақ
DSC_9857

«Менің Қазақстаным» пойызы — Екібастұзда

18 сәуір күні таңғы сағат 9.00-де екібастұздықтар «Менің Қазақстаным» пойызын қарсы алды. Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған акцияда Елбасы Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын тарату және халыққа медициналық, әлеуметтік, ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және құқықтық көмек көрсету көзделді.

Толығырақ
орнамент

Жапон соғысы жауынгері

Отты жылдарда қан кешіп, небір зұлматты көрген ерлердің көбі бейбіт заманда соғыс жайлы жақ ашуды жөн көрмейтін. Мың-миллион замандасына ажал құштырған соғысты есіне түсіргісі келмейтін ерлердің бірі Амантай Бүкіров ақсақал еді.

Толығырақ
орнамент

Қаламыздың абыройын асқақтатты

Сәуір айы қаламыздағы №18 жалпы орта білім беретін мектеп үшін жағымды жаңалыққа толы. 13 сәуір — 17 сәуір аралығында Қарағанды қаласында өткен Халықаралық «Тұлға» музыкалық-көркемөнер фестиваль-сайысында №18 мектептің оқушылары қаламыздың абыройын асқақтатты. 

Толығырақ
орнамент

Дәстүрлі құндылықпен танысты

Ішкі саясат бөлімі жанындағы конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы «Номад» қоғамдық бірлестігі, сондай-ақ, «Братство» славян орталығымен әрекеттесе отыра, «Жастардың бойына рухани дәстүрлі құндылықтарды дарыту» айдарымен акция өткізді.

Толығырақ
DSC_8825

Мерейтойлық медальмен марапатталды

Қала әкімдігінің кіші залында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған салтанатты шараға Талғат Ахметов,  Зейнолла Сүлеев, Закирзян Шағиахметов, Мәжен Жақыпов, Қаратай Қалиев, Халел Хамметов және Құлшайза Смайылова қатарлы қарттар шақырылыпты. 

Толығырақ
Даметкен

Вокал сайысының жеңімпаздары

Облыстық М.Катаев атындағы оқушылар сарайының тәрбие бөлімі вокалдан “Жаңа жұлдыз-2015” атты сайыс ұйымдастырды. Сайыстың іріктеу кезеңіне Дәметкен Жаңқабай-қызы С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің 7-сынып оқушысы Нұрайым Жақсыбек пен Жәмила Қанапиянованы дайындаған еді. Іріктеуден сәтті өткен екі шәкірт те жартылай финалға қатысып, ақтық сайысқа жетті.

Толығырақ
акция

Дәстүрлі акция

Ішкі саясат бөлімі жанындағы конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы сауда қызметкерлері және қала тұрғындары арасында «Радикалды діни ағымдардың қаупі» атты акция өткізді.

Ондағы мақсат – жұртшылықтың діни сауаттылығын арттыра отыра, жастардың күмәнді теріс діни ағым жетегіне еруінің алдын алу.

Толығырақ
орнамент

«Маска» театры Астананы табындырды

8-11 сәуірде  Астана қаласында республикалық балалар өнерінің фестивалі өтті. Бұл фестивальға еліміздің 16 аймағынан 12-ден 18 жас аралығындағы жастар қатысты. Аталмыш фестивальға Екібастұз қаласынан «Маска» театр студиясының жас әртістері қатысатынын біз газетіміздің өткен сандарының бірінде жазған едік.

Толығырақ