орнамент

Қаламыздың абыройын асқақтатты

Сәуір айы қаламыздағы №18 жалпы орта білім беретін мектеп үшін жағымды жаңалыққа толы. 13 сәуір — 17 сәуір аралығында Қарағанды қаласында өткен Халықаралық «Тұлға» музыкалық-көркемөнер фестиваль-сайысында №18 мектептің оқушылары қаламыздың абыройын асқақтатты. 

Толығырақ
орнамент

Дәстүрлі құндылықпен танысты

Ішкі саясат бөлімі жанындағы конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы «Номад» қоғамдық бірлестігі, сондай-ақ, «Братство» славян орталығымен әрекеттесе отыра, «Жастардың бойына рухани дәстүрлі құндылықтарды дарыту» айдарымен акция өткізді.

Толығырақ
DSC_8825

Мерейтойлық медальмен марапатталды

Қала әкімдігінің кіші залында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған салтанатты шараға Талғат Ахметов,  Зейнолла Сүлеев, Закирзян Шағиахметов, Мәжен Жақыпов, Қаратай Қалиев, Халел Хамметов және Құлшайза Смайылова қатарлы қарттар шақырылыпты. 

Толығырақ
Даметкен

Вокал сайысының жеңімпаздары

Облыстық М.Катаев атындағы оқушылар сарайының тәрбие бөлімі вокалдан “Жаңа жұлдыз-2015” атты сайыс ұйымдастырды. Сайыстың іріктеу кезеңіне Дәметкен Жаңқабай-қызы С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің 7-сынып оқушысы Нұрайым Жақсыбек пен Жәмила Қанапиянованы дайындаған еді. Іріктеуден сәтті өткен екі шәкірт те жартылай финалға қатысып, ақтық сайысқа жетті.

Толығырақ
акция

Дәстүрлі акция

Ішкі саясат бөлімі жанындағы конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы сауда қызметкерлері және қала тұрғындары арасында «Радикалды діни ағымдардың қаупі» атты акция өткізді.

Ондағы мақсат – жұртшылықтың діни сауаттылығын арттыра отыра, жастардың күмәнді теріс діни ағым жетегіне еруінің алдын алу.

Толығырақ
орнамент

«Маска» театры Астананы табындырды

8-11 сәуірде  Астана қаласында республикалық балалар өнерінің фестивалі өтті. Бұл фестивальға еліміздің 16 аймағынан 12-ден 18 жас аралығындағы жастар қатысты. Аталмыш фестивальға Екібастұз қаласынан «Маска» театр студиясының жас әртістері қатысатынын біз газетіміздің өткен сандарының бірінде жазған едік.

Толығырақ
кыз

Ынтымақты дәріптеді

Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде талай қызықты шаралар өтіп жатыр. Бір шаңырақ астындағы татулық, достық, ынтымаққа үндейтін мұндай шараларға кеншілер қаласы да қызу үн қосуда. Өткен аптада Достық үйінде «Қазақстан – алға ұмтылған ел» деген тақырыппен өткен осындай байқау бірлікті насихаттап, достықты нығайтудың жарқын үлгісі болды.

Толығырақ
орнамент

Жаңа мектеп салуға кірісті

Екібастұздықтар қаламызда жаңа мектеп құрылысы басталғанын аңғарған болар. 1200 орындық білім ордасының құрылысына тапсырыс беруші – «Павлодар облысы құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, мердігер – керекулік «Портал-ПВ» ЖШС-і.

Толығырақ
орнамент

Облыстық мәслихатқа депутат сайланды

29 наурыз күні Павлодар облыстық маслихатына депутаттықтан шығып қалған бос орынға сайлау өткізілді. Оған үш үміткердің кандидатурасы ұсынылды. Атап айтқанда, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айзада Құрманова, Ақтоғай аудандық ветеринариялық зертханасы қызметкері Күлжан Нұғманова, сондай-ақ, Ақтоғай ауданы ветеринарлық станциясының директоры Бейсенбай Қуанов. Сайлаудың әділ өтуін «Нұр Отан» партиясынан байқаушылар, сондай-ақ, депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдері бақылады.

Толығырақ
орнамент

Қоғамдық қабылдау басталды

Қаламызда ҚР Президенттігіне үміткер Н.Назарбаевтың қоғамдық қабылдауы өз жұмысын бастады. Қабылдау бөлмесінің меңгерушісі – Н.В.Лихолетова. Айта кетерлігі, Президенттікке кандидаттарды тіркеу 25 наурызда аяқталды.

Толығырақ