DSC_6613

Балалар бауырсақ жеді

Ақ дастархан үстіндегі пішіні әркелкі сап-сары бауырсақтар тәбет ашады. Қамырға сүт, айран қосып илеп, қазанда майға қуырылған ұлттық тағам — қала балалары үшін ауыл-ауылдан  жіберілген базарлық. Яғни, Наурыз мейрамына әзірленген дәм, оюлы тегеште – наурызкөже.

Толығырақ
орнамент

Бағада айырмашылық жоқ

Өткен сенбі күні қала жұртшылығы таң азаннан муниципалдық базардағы жәрмеңкеге ағылды. Екібастұз қаласына қарасты Төртүй, Қоянды, Екібастұз, Сарықамыс, Теміржол және Байет ауылдық округтері ет өнімдерін саудаға шығарды. Жылқы етінің келісі– 1300-1500 теңге, шұжығы – 1500 теңге, қазысы мен жал-жаясы – 1400 теңгеден, қара мал еті –880 теңге, қой еті 1000-1100 теңгеден сатылды.

Толығырақ
IMG_1123

Елбасымен кездесті

Биылғы 8 наурыз мерекесі Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының оқытушысы Далида Сиваракшаның есінде мәңгі сақталмақ: ол Астанада мерекеге орай  өткен «Көктем шуағы» шарасына қатысып,  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен кездесті.

Толығырақ
орнамент

Форум өтті

Маңызды саяси науқан – Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына бір ай қалды. «Нұр Отан» партиясы Екібастұз филиалының сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмысына бірден кірісіп, 26 наурыз күні «Өнер» қалалық мәдениет орталығында форум өткізді.

Толығырақ
орнамент

Маңызды мәселелер қаралды

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы күн тәртібіндегі жеті мәселені талқыға салды. Отырыс барысында депутаттар кейбір түйткілді мәселелерді саралай келе, қайта нақтылауды қажет ететініне назар аударды.

Толығырақ