Тартынбай сөйлер асылмын…

Дәстүрлі «Махамбет оқуларына» ауыл мен қала мектептерінен 35 оқушы қатысты. «Ел құтқарар ер едім…» бағытында үміткерлер Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы және Фариза Оңғарсынова шығармаларын жатқа оқуға тиісті болды.

Толығырақ
DSC_1272

Кәсіби мерекемен құттықтады

Мәдениет пен өнер саласы қызметкерлері арқалаған жүк ауыр. Адамның жан дүниесін ізгілендіру, эстетикалық талғамын өсіру, қуаныш пен шаттық сыйлау, сол арқылы қоғамды нұрландыру міндеті жүктелген.

21 мамыр күні қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залына мәдениет саласы ардагелері мен қызметкерлері жиналды.

Толығырақ
DSC_0989

Тұрмыстық техника тарту етті

Биыл – Қазақстан Республикасы қаржы полициясының құрылғанына 20 жыл. Осы айтулы датаға орай ұйымдастырылған «Жиырма игі іс» акциясы аясында Павлодар облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) Екібастұз өңірі ауданаралық басқармасы балалар үйіне бағалы сыйлық тарту етті.

Толығырақ
1

Бес бірінші орын бұйырды

«Нұр шашу» үлгілі –хореографиялық ансамблінің екі ұжымы («Өнер» мәдениет үйі және №26 мектептің «Нұр» би ұжымы, хореографы Ирина Ленкевич) Санкт-Петербор қаласында өткен халықаралық «Красные маки Победы» байқауына қатысып, еліміздің намысын абыроймен қорғады. Өнер додасы Ленинградтың блокададан азат болуының 70 жылдығына арналды.

Толығырақ
сканирование0006

Қос чемпион

Саусағынан күш саулаған қос палуан Дәурен Мұқышев пен Серік Саттаров Түркістан қаласынан олжалы оралды. 16-18 мамыр күндері көне қалада спорт шеберлері арасында самбо күресінен Қазақстан Республикасы чемпионаты болып өтті.

Толығырақ
орнамент

Бәрі де кәсіпкерлер үшін

Қазіргі таңда елімізде өз кәсібін өрге бастырамын деген кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетіліп отыр. Осы орайда қалалық кәсіпкерлік бөлімінде бизнес өкілдерінің сауатын ашуға арналған шаралар жиі ұйымдастырылады.

Толығырақ
орнамент

Бірыңғай ата-ана жиналысы

Түлектердің ҰБТ тапсыратын мезгілі жақындады. Биыл да еліміз бойынша 100 мыңға жуық түлек сынаққа қатысады. Сондықтан тест алдында жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына психологиялық демеу көрсету шарасы осы бастан қолға алынуда.

Толығырақ
DSC_0450

Той ғалым ауылынан басталды

11 мамырда қазақ ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы, филология ғылымының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Бүкілодақтық география қоғамының толық мүшесі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлкей Хақанұлы Марғұланның туғанына 110 жыл толды.

Толығырақ
6

«Мерейлі отбасы» анықталды

Елдің қуаттылығы мен ауызбірлігі — ең әуелі отбасының ынтымақтығында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні болып белгіленді. Ондағы мақсат – отбасы институтын, имандылық пен рухани құндылықты нығайту, бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын таныту.

Толығырақ