Жыл үздіктері

Сұңғат – сахнаның сәні Сұңғат Көпежанов — Екібастұз өңірінде дәстүрлі ән өнерін дәріптеп, ел арасына таратып жүрген кең дауысты, шоқтығы биік дара әнші. Кәсіби әншінің талабы назардан тыс қалған жоқ. Биыл Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Талай жылдардан бері небір жиын-тойлардың көркіне айналған Сұңғат әншіге «Атамұра» мәдениет орталығының 20 жылдық мерейтойында облыстық мәдениет басқармасының…

Толығырақ
FOT_6006

Қарлығаштарға қанат қақтырған

Қаламыздағы қаракөз қыздарға арналған білім ордасы — №25 қазақ қыздар гимназиясының ашылғанына биыл – 20 жыл. 1993 жылы алғашқы қоңырауы сыңғырлап, бүлдіршін қыздарды асыға күтіп алған білім ордасы бүгінде жиырма жылдық белесті артқа тастап отыр. Осы жиырма жыл аралығында қыздар гимназиясы талай өткелдерден өтіп, талай асуларды бағындырды. Жиырма жылда жүздеген шәкірт тәрбиелеп, өмірге қанат қақтырды. Өткен аптада №25 қазақ қыздар гим-назиясының дүбірлі мерейтойының куәсі болдық.

Толығырақ

Кәсіпкерлермен кездесу

Қала әкімі А.Вербняк өңіріміздің өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып жүрген бизнес өкілдерімен кездесті. Глинка атындағы музыкалық мектептің мәжіліс залында өткен салтанатты жиынға екібастұздық кәсіпкерлермен қатар екінші деңгейлі банк өкілдері де қатысты.

Толығырақ

Энергетиктерге құрмет көрсетілді

Екібастұзды былайғы жұрт кеншілер мен энергетиктер қаласы деп біледі.  Бұл ақылға қонымды да, өйткені көмір мен энергия өндіру қарқыны өңір өнеркәсібінің дамуына серпін беріп отырады әрі тұрмыстық-әлеуметтік жағдайдың жақсаруына да айтарлықтай ықпал етеді.

Толығырақ
19122013-3

МЕШІТКЕ ТАҚТАТАС ҚОЙЫЛДЫ

Мешіт құрылысына жәрдем ету — үлкен сауап. Бұл туралы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Аллаһ Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды»,-делінген екен.

Толық нұсқасын газеттен оқисыздар

19122013

Ізгілік адам жанын нұрландырады

«Өнер» қалалық мәдениет үйінде дәстүрлі қайырымдылық марафоны өтті. Аталмыш шараны қала әкімі Александр Вербняк құттықтау сөзбен ашып, ізгіліктің адам жанын нұрландыратынын, халықтың әлеуметтік осал тобына қарайласу адамзаттың қастерлі борышы екеніне тоқталып, марафонға қатысқан жомарт жандарға шексіз алғысын білдірді.

Толық нұсқасын газеттен оқисыздар

Бюджет бірауыздан мақұлданды

Әкімдікте өткен қалалық мәслихаттың V шақырылған кезектен тыс XXI сессиясында Екібастұз қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджетін нақтылау мәселесі қаралды. Жиында экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Қ.Қапуов сөз алып, қала бюджетіне енгізілетін өзгерістер себебін түсіндірді. Бюджетті қайта нақтылауға облыстық бюджеттен бөлінетін мақсатты транферттер көлемінің 47,8 млн.теңгеге қысқаруы себеп болған. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысында…

Толығырақ

Суармалы егістік ұлғаяды

Құдайкөл ауылдық округінде екі шаруа қожалығы картоп өсірумен шұғылданады. Қайыржан Искаковтың «Заман» шаруа қожалығы бұл кәсіпті қолға алғалы бес жылдың жүзі болыпты. Биылғы күзде шаруашылық 30 гектар суармалы алқаптан 450 тонна картоп жинады. Өнімнің  90 тоннасын тұқымға қалдырып, қалғанын Павлодар мен Екібастұз қалаларының сауда орындарына өткізіп, Құдайкөл мен Қарасор орта мектептері асханаларына картоппен көмектесті. Сонымен…

Толығырақ

Мердігерлер тартуы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Болат Нұржанов атындағы «МАЭС-1» станциясы мен ондағы бас мердігер Оңтүстік Корея «КС CONTRELL» компаниясының басшылығы қаламыздағы №11 қазақ орта мектебінде болып қайтты. Осы кәсіпорын Энергетикалық муниципалдық округіндегі №9 және №11 мектептерге қамқорлық жасап келе жатқаны белгілі. Бұл жолы мердігер компанияның бас директоры Канг Хван Ох мырза мектеп оқушыларына футбол…

Толығырақ