ҚР-сы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүкіләлемдік  ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлық жарияланып, нәубеттің алдын орау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Маңызы зор айлықтан екібастұздық жастар да қалыс қалып жатқан жоқ. Қарашаның 26-сы күні Павлодар облыстық ЖИТС орталығының Екібастұз бөлімшесі және СӨСҚ орталығының мұрындық болуымен студенттер арасында көңілді тапқыштар…

Толығырақ

Зейнетақы қорлары біріктіріледі

Қазақстанда ең көп талқыланып жүрген мәселелердің бірі — зейнетақы жүйесінің реформасы. Қазақстандықтардың барлығын дерлік ең алдымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамынан жинақтары қалай берілетіні, жүйенің бұдан әрі қаншалықты ашық болатындығы, өз жинақтарын қалай тексере алатындығы және өзге де көптеген сауалдар толғандырады. Сіздерге зейнетақы жинақтарын аударудың механизмі, мерзімдері мен тәртібі туралы түсінік бере кетейік. Қазақстан…

Толығырақ

Жемқорлық опық жегізеді

Жемқорлықтың жаппай сипат алғаны қазір ашық айтылып та жүр, мойындалды да. Мемлекеттің іргетасын кеміріп жатқан қатерлі індетке қарсы қоғам болып көтерілмесек, опық жеуіміз бек мүмкін. Қалалық орталықтандырылған кітапхананың мәжіліс залында «Нұр Отан» ХДП Екібастұз бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткізілген Ү қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру форумынан осындай ой түйіп қайттық. Кезекті форумды бөлімше төрағасының бірінші орынбасары С.Рамазанов…

Толығырақ
dastan_iskakov

102 пәтер кілті иесін тапты

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында қаламызда екі бірдей тұрғын үй қолданысқа берілді.

Ломоносов көшесі бойындағы ұзақ жылдар қаңырап бос жатқан №13 үйдің шырайын жас отбасылар кіргізсе, Энергетиктер көшесі, №40 үйді пәтер кезегінде тұрған жетім балалар иеленді. «Балалар» дейміз-ау, ата-ана қамқорынсыз қалған күні-ақ есейіп шыға келген олардың өздері де бүгінде шаңырақ көтеріп отырған балалы жастар.

Толығырақ

Жаңа модельдің жағымды жағы көп

22 қараша күні Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Мемлекеттік қызметті реформалау: Ішкі түйін және аймақтық БАҚ-тағы көрініс» деген тақырыпта семинар өткізді. Аталмыш семинарды өткізуге «Қазақстан Үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және модернизациялау» Еуропалық Одақ жобасы қолдау көрсетті. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары журналистері мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысқан семинардағы әңгі-ме тізгінін…

Толығырақ

Мақтауға лайық мектеп

Бақытжан Сағынтаевтың Екібастұздағы сапары Глинка атындағы балалар музыка мектебінде жалғасты. Мәртебелі мейманды мұнда қаланың ірі кәсіпорындарының басшылары, жергілікті мәслихат депутаттары мен қаланың құрметті азаматтары қарсы алып, пікірлесті. Музыка мектебі 38 жеке оқыту, 8 топтық сабақ, оркестр және хор сыныбы кабинеттерінен тұрады. Мұнда 650 бала оқиды. Мектеп директоры С.Сыздықовтың айтуынша, биылғы оқу жылының өзінде 26, үш…

Толығырақ

Кәсіпорын көңілден шықты

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бұдан әрі «Проммашкомплект» ЖШС-де болып, 80-нен астам электронды-сандық техникамен теміржол саласына қажетті бөлшектер шығарып, Қазақстанды отандық өніммен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір ірі кәсіпорынның жұмысымен танысты. Еліміздің индустрия саласын дамытуға үлесін қосып, бүгінде аяқ алысын үдетіп келе жатқан зауыттағы 6 аралықты аралатқан серіктестіктің бас директоры Артур Хачатурян  келешек еншісіндегі істердің…

Толығырақ
DSC_2862

Сапалы әрі арзан өнім

Кеше біздің қалаға ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә.Сағынтаев келді. Бақытжан Сағынтаев алдымен «Орика-Қазақстан» АҚ эмульсиялық матрица өндірісімен танысты. Бұл кәсіпорын Қоянды ауылдық округінің Құрылысшы ауылынан 6,5 км жерде орналасқан. Ол  әлемдегі жарылғыш заттар шығарушы көшбасшы компания – австралиялық «Орика» концернінің тобына кіреді. «Орика» концерні эмульсиялық жарылғыш заттар мен электрсіз жару жүйелерін жасаудың ең озық технологияларына,…

Толығырақ

Жаңа құрылғымен қаруланды

Еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты азаматтардың денсаулығын жақсарту болып табылады. Осы бағдарлама шеңберінде қаламыздағы №3 емханаға сандық радиологиялық жүйе сатып алынды. Құрылғыны сатып алу үшін мемлекеттік бюджеттен 13 млн.теңгеден аса қаржы жұмсалған. Клиникалық-зертханалық құрал болып табылатын бұл жабдық сүт безі ауруларын анықтау үшін қолданылуда. -Бұрынғы зерттеу құрылғысынан айырмашылығы –…

Толығырақ
DSC_2719

Егемен елдің ертеңі — ЖАСТАР

Егемен еліміз үшін білімді де белсенді, жігерлі де жасампаз жастардың орны бөлек. Жастар – ертеңгі қоғамның айнасы. Ендеше, олардың қоғам өміріне белсене араласуы аға буынның үмітін ақтағаны деп біліңіз. Қалалық, облыстық және республикалық мәдени, спорт және басқадай шараларға қатысып жүрген студенттер арасында жыл сайын «Үздік студент» сайысын өткізу үрдіске айналған. Биыл да «Өнер» ҚМО-да өткен…

Толығырақ