Адам жанның арашашысы

Нұрлан Керімтайұлы Әбдібаев — қалалық перзентхананың қарқынды емдеу және реанимация-анестезиология бөлімінің меңгерушісі. Н.Әбдібаев 1996 жылы Семей қаласындағы медициналық институтты бітірді. 2005 жылға дейін сондағы перинаталды орталықта анестезиолог дәрігер қызметін атқарды. Сол жылы Екібастұз қалалық перзентханасының бас дәрігері Гүлнәр Нығметжанова Нұрлан Керімтайұлын біздің қаламызға шақырып, екі жылдан соң, яғни 2007 жылы өзін көрсете білген маманды бөлім…

Толығырақ

«Ата көрген оқ жонар…»

Қуат Құдайбергенұлы Қосаяқов, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің тау-көлік жабдығын жөндеу зауытының  электрмен дәнекерлеушісі «Ата көрген оқ жонар» деген халық даналығы. Әкесі ауыл-аймаққа белгілі ұста адам болған. Әкесінің қасында жүріп, ұсталықтың қыр-сырын меңгерген ол үшін темірден түйін түю өзінше бір әлем болып көрінетін. Үйде үш ағайынды болғанымен, әкесінің ұсталық өнері ортаншы  бала Қуатқа ғана жұғысты болыпты. Кейін…

Толығырақ

Бағы жанған палуан

Дәурен Мұқышев –қазақ күресінен қаламыздағы  құрама командасының мүшесі. «ГРЭС-2 станциясы» АҚ-да еңбек етеді. Жыл сайын облыстық спартакиадаларға қатыса жүріп, 2006, 2007, 2008 жылдары қатарынан 3 мәрте жүлдегер атанды. 90 келіге дейінгі салмақта бірнеше дүркін қала чемпионы. 2013 сәуірде самбодан ардагерлер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 1-жүлделі орынды қанжығасына байлады. Болгарияның Бургас қаласында самбо күресінен өткен…

Толығырақ

Жыл үздіктері

Сұңғат – сахнаның сәні Сұңғат Көпежанов — Екібастұз өңірінде дәстүрлі ән өнерін дәріптеп, ел арасына таратып жүрген кең дауысты, шоқтығы биік дара әнші. Кәсіби әншінің талабы назардан тыс қалған жоқ. Биыл Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Талай жылдардан бері небір жиын-тойлардың көркіне айналған Сұңғат әншіге «Атамұра» мәдениет орталығының 20 жылдық мерейтойында облыстық мәдениет басқармасының…

Толығырақ
FOT_6006

Қарлығаштарға қанат қақтырған

Қаламыздағы қаракөз қыздарға арналған білім ордасы — №25 қазақ қыздар гимназиясының ашылғанына биыл – 20 жыл. 1993 жылы алғашқы қоңырауы сыңғырлап, бүлдіршін қыздарды асыға күтіп алған білім ордасы бүгінде жиырма жылдық белесті артқа тастап отыр. Осы жиырма жыл аралығында қыздар гимназиясы талай өткелдерден өтіп, талай асуларды бағындырды. Жиырма жылда жүздеген шәкірт тәрбиелеп, өмірге қанат қақтырды. Өткен аптада №25 қазақ қыздар гим-назиясының дүбірлі мерейтойының куәсі болдық.

Толығырақ

Кәсіпкерлермен кездесу

Қала әкімі А.Вербняк өңіріміздің өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып жүрген бизнес өкілдерімен кездесті. Глинка атындағы музыкалық мектептің мәжіліс залында өткен салтанатты жиынға екібастұздық кәсіпкерлермен қатар екінші деңгейлі банк өкілдері де қатысты.

Толығырақ

Энергетиктерге құрмет көрсетілді

Екібастұзды былайғы жұрт кеншілер мен энергетиктер қаласы деп біледі.  Бұл ақылға қонымды да, өйткені көмір мен энергия өндіру қарқыны өңір өнеркәсібінің дамуына серпін беріп отырады әрі тұрмыстық-әлеуметтік жағдайдың жақсаруына да айтарлықтай ықпал етеді.

Толығырақ
19122013-3

МЕШІТКЕ ТАҚТАТАС ҚОЙЫЛДЫ

Мешіт құрылысына жәрдем ету — үлкен сауап. Бұл туралы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Аллаһ Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды»,-делінген екен.

Толық нұсқасын газеттен оқисыздар

19122013

Ізгілік адам жанын нұрландырады

«Өнер» қалалық мәдениет үйінде дәстүрлі қайырымдылық марафоны өтті. Аталмыш шараны қала әкімі Александр Вербняк құттықтау сөзбен ашып, ізгіліктің адам жанын нұрландыратынын, халықтың әлеуметтік осал тобына қарайласу адамзаттың қастерлі борышы екеніне тоқталып, марафонға қатысқан жомарт жандарға шексіз алғысын білдірді.

Толық нұсқасын газеттен оқисыздар