DSC_2372

Жақсылыққа толы күн

20 қараша күні Екібастұзда облыс әкімі Ерлан Мұхтарұлы Арын іссапармен болып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында қаламызда болып жатқан игі шараларға қатысып, қуанышымызға ортақтасты.

Толығырақ

Жемқорлық тыйыла ма?

«Нұр Отан» партиясының Екібастұз филиалында жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жемқорлыққа қарсы күрес туралы» мәселеге арналған бұл отырысқа тиісті органдардың бөлім басшылары шақырылды.

Толығырақ

Мүгедек балалардың көңілін серпілтті

Адам факторының алдыңғы орында тұруы – бүгінгі қоғамның басты талабы. Әсіресе, мүгедек балалардың өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жете көңіл бөлінуде. Оларды түрлі шараларға қатыстырудың маңызы зор. Сонда ғана қамкөңіл бала бір сәт сергіп, ойы бөлініп, өмірге деген құштарлығы артады. Қаладағы №24 «Айналайын» балабақшасында өткен шара осы мақсатқа бағытталды. Былтырғы жылы облыс әкімі Ерлан…

Толығырақ

ПАЛАТА ЕЛГЕ НЕ БЕРЕДІ?

Елбасының тапсырмасымен үстіміздегі жылдың 18 қазанында республикамызда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылды. Бұл жаңалық ел кәсіпкерлерін елең еткізгені рас. Содан болар Екібастұзға Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық бөлімшесінің өкілдері келеді дегенде, олармен кездесуге құмартқан кәсіпкерлер аз болмады. Дені — жастар. Кездесу қала әкімдігінде өтті. Меймандарды бастап келген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық бөлімшесінің басшысы Бақыт Тезекбаева палатаны құрудың…

Толығырақ

Екібастұздық жиһадшылар заң алдында жауап береді

- Елімізде екі қалада дәстүрлі емес діни ағымдардың қатары молая түскен. Оның бірі – Жезқазғанда, екіншісі – Екібастұз қаласында. Сириядағы соғысқа қатысуға әрекет жасаған екібастұздық екі тұрғын елге қайтарылды. Біз жол-жөнекей Уақытша қамау изоляторына соғып, жиһадшылармен кездестік. Алайда оларды райынан қайтару әрекетімізден ештеңе өнбеді. Екеуі де қамаудан босаса, Сириядағы соғысқа қайтадан аттанатынын, бұл істеріне еш өкінбейтіндіктерін  жасырмады.

Толығырақ

Ауылда ұңғыма орнатылды

Қазан айының соңында ауыл тұрғындарының сұрауымен тереңдігі 50 метрлік  ұңғыма бұрғыланып, мал суаруға, шаруашылыққа қажетті су құбыры қолданысқа берілді. Су химиялық-бактериялық зерттеу орталығында тексеріліп, нәтижесінде мал суаруға және басқадай шаруашылық қажеттілікке зиянсыз деген тұжырым жасалды. Құдық басына күрке /будка/ орнатылып, электр жүйесі тартылды. Мал өрісіне, ауыл тұрғындарына қолайлы жерге орнатылған су құбыры енді ел игілігіне…

Толығырақ

Нұргүл мен Аида алға озды

Екібастұздық балғын музыканттар таяуда Алматыда өткен ХІ республикалық «Күншуақ» фестивалінен оралды. Өнер бәсекесінде жер-лестеріміз Нұргүл Сүлейменова домбырадан және Аида Әпергенова фортепианодан жүлделі І орынды иеленді. – Мен байқауға қатысқан 34 баланың соңғысы болып сахнаға шықтым. Қобалжығанмен, өзгелерден басым түсетініме сендім. Күй тартуды екі жыл Тоғжан Шәкеновадан үйрендім. Домбыраны бір күн қолыма алмасам, әлдене жетпей тұрғандай…

Толығырақ

Жеңімпаз — «Халық банкі»

Жыл сайын ұлттық валюта күні қаламыздағы екінші деңгейлі банктер арасында шағын футболдан турнир өткізіу игі дәстүрге айналған. Теңгеміздің 20 жылдығына арналған айтулы жарысқа банкирлердің дайындығы да ерекше болды. Екібастұзда бас-аяғы 13 банк бар екені белгілі. Шағын футбол додасына олардың 8-і қатысты.
Толығырақ