Екібастұздық жиһадшылар заң алдында жауап береді

- Елімізде екі қалада дәстүрлі емес діни ағымдар-дың қатары молая түскен. Оның бірі – Жезқазғанда, екіншісі – Екібастұз қаласында. Сириядағы соғысқа қатысуға әрекет жасаған екібастұздық екі тұрғын елге қайтарылды. Біз жол-жөнекей Уақытша қамау изоляторына соғып, жиһадшылармен кездестік. Алайда оларды райынан қайтару әрекетімізден ештеңе өнбеді. Екеуі де қамаудан босаса, Сириядағы соғысқа қайтадан аттанатынын, бұл істеріне еш…

Толығырақ

Полиция қызметкерлері — балабақшада

Қаламызда «Мен және менің полицейім» акциясының аясында балаларды полицияның жұмысымен таныстыру, қоғамдық жерде және жолда жүру тәртібін үйрету шаралары өткізілді. №5 «Жұлдыз» балабақшасына келген полиция қызметкерлері жол ережелерін балалармен бірге пысықтады. Полиция майоры А.Әбішева балақандарға көшеде бейтаныс кісі тоқтатқанда өзін қалай ұстау керектігін ескертті.

Толығырақ
IMG_4407

Жолдан өтуге жаттықты

Соңғы кезде кәмелеттік жасқа толмағандардың жол-көлік оқиғасына ұшырауы етек алды. Жыл басынан бергі 9 айдың ішінде  47 жеткіншек жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен. Олардың екеуі қайтыс болған. Мұның бір себебі балалардың жолда жүру ережелеріне атүсті қарауынан болып отыр. Осындай жағдайдың алдын алу үшін мектепке дейінгі балалармен, жасөспірімдермен профилактикалық шаралар өткізіліп келеді.

Толығырақ
Куаныш бас жулде

БАС ЖҮЛДЕ ӨЗІМІЗДЕ ҚАЛДЫ

Қазанның 26-сы күні «Атамұра» мәдениет орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жас талап — 2013» байқауы өтті. Ауыл өнерпаздарын анықтауды мақсат еткен бұл сайыс биыл түрлендіріліп, облысымыздың өзге де аудандарынан үміткерлер шақырылыпты.  Дұрыс-ақ, тек әу баста көзделген мақсаттан айнымас үшін,  үмітін үкілеп сырттан келгендер де ауылдық жерден болса, кәнеки!

Толығырақ

Бюджеттің бүйірі тоқ

Қазанның 25-і күні қалалық мәслихаттың  кезекті  XX сессиясында, бірер күн бұрын тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында қаралған мәселелер бірауыздан бекітілді. Енді қала қазынасына қатысты жағымды жаңалық жөнінде. Бюджеттің кіріс бөлігі межеленген жоспардан асыра орындалып, биыл 12  миллиардтан асып жығылды. Нәтижесінде бірқатар салалар қосымша қаржыландырылып, бұған дейін қала бюджетінің қалтасы көтермей келген: Солтүстік, Оңтүстік шағын аудандардың дренажды…

Толығырақ
IMG_4433

Әлеуметтік дүкен ашылды

Қаламызда әлеуметтік дүкен, әлеуметтік дәріхана секілді нысандар ашылуда. Бұл әсіресе, қалтасы жұқа зейнеткерлерге өте тиімді. Әрі осы бағыттағы дүкендердің санын көбейтуге қала әкімдігі де мүдделі.

Толығырақ

Құрылысы қарқынды, бірақ…

№2 емхана халқы көп шоғырланған бірнеше шағынауданға қызмет көрсетеді.  Сондықтан  жаңа ғимараттың қолданысқа берілуін күтушілер жетерлік. Емхана құрылысын жүргізуші «Алвис» ЖШС-і  нысанды 31 қазанда тапсыруы тиіс еді. Өкінішке қарай,  қуанышты күн 16 желтоқсанға шегеріліпті. Бүгінгі таңда құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Айналасын абаттандыру да қоса атқарылуда. «Озеленение плюс» кәсіпорны 14 мың шаршы метр жерді көгалдандырды.  Жаңа…

Толығырақ
Жасыбай111

Баянауыл баурайындағы сабақ

Баянауылдың сұлу табиғаты таңдай қақтырады.  Тау шатқалдарындағы қазан шұңқырларда пайда болған Жасыбай, Сабындыкөл, Торыайғыр көлдері, табиғи үңгірлер, небір бейнелі жартастар, бұлақтар, бозтал, балқарағай, аққайыңды орман-тоғайы керім көріністі, таза ауа, мөлдір сулы – жанға дауа табиғи орта құрайды.
Осындай көркем жерде  «Богатырь Көмір» кәсіпорнының қазақ тілін  үйреніп жүрген  қызметкерлері болып қайтты.
Толығырақ
IMG_4501

Сауапты сапардан оралды

Қажылық – мұсылманның бес парызының бірі. Ол туралы Құран Кәрімде «Қажылық және умраны Алла үшін толық орындаңдар» деп келтірілген (Бақара сүресі). Жыл сайын әлемнің әр түкпірінен осы мақсатта 5 миллионға жуық жамағат сапар шегеді. Жуырда еліміздегі біршама мұсылман қасиетті Меккеге барып, мұсылмандық парызын өтеп келді. Биыл Қазақстаннан баратын 4000 адамға квота бөлінген екен.

Толығырақ
IMG_4528

Кәсіпкер ашқан орталық

Өңірлік бизнес орталығының ғимаратында кішкентай бүлдіршіндер үшін шағын орталық ашылды. 20 балақайға арналған бұл нысанды іске қосқан — Шаттық Сүйінішева.

-Немерелерім балабақшаға баратын жасқа келгенде «неге жеке орталық ашпасқа?» деген ой келді. Өзім педагог болғандықтан бұл жұмысқа қанықпын. Сондықтан ойлағанымды іске асыру қиындық тудырмады,-дейді Ш.Сүйінішева.

Толығырақ