«Өсімдіктің екінші ғұмыры»

Таяуда жергілікті тарихи-өлкетану музейінде ашылған көрме осылай деп аталды. Айтқандай-ақ он саусағынан өнер тамған, павлодарлық суретші-флорист Ирина Павловна Воробьева өз туындыларында өсімдіктерге екінші ғұмыр беріпті. Оған бір-бірін қайталамайтын автопортреттер, табиғат көріністерінен тұратын қырық картинаға қарап көз жеткізуге болады.

Толығырақ

Сайлауға қатысуға шақырды

Жақында қалалық мәслихатқа депутаттыққа үміткер Бейбіт Фалеев «Өнер» ҚМО-да қаламыздағы оқу орындарының студенттерімен кездесті. Кездесуде үміткер Бейбіт Хамитұлы жастарға өзі жөнінде және сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, жастар саясаты мен кәсіпкерлікті әңгімесіне арқау етті. Сондай-ақ жүздесуге келген жастарды, әсіресе алғаш рет дауыс берушілерді сайлауға міндетті түрде қатысуға шақырды.

Толығырақ

Апаттық диспетчерлік пункт ашылды

«Екібастұзкоммунсервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында апаттық диспетчерлік пункт ашылды.

Көпқабатты үйдің тұрғындары жертөлелерінде немесе жылу құбырларында ақау туындаса, көмекке жүгіне алады. Әрине, қызмет тегін емес, ақылы.

Айта кетерлігі, апаттық диспетчерлік қыз-меттің көмегін қажет ететіндер болса,  алдын ала келісімшарт жасасуы тиіс.

Өз тілшімізден

Жас музыканттар Ақсудан оралды

Қаламыздағы Глинка атындағы балалар музыка мектебінің өнерпаздары 17-20 қазан аралығында Ақсу қаласында өткен «Ертіс шапағы» республикалық фестивалінен табысты оралды. Фестивальде В.В.Рахмаилова жетекшілік ететін «Русская миниатюра» ансамблі, солист Әлішер Айманов /аккордеон/, дәстүрлі әннен Гүлназ Қыздарбекова, «Джуманджы» би театры өнерімен көрермендерді тәнтті етті. Балаларды адамгершілік пен эстетикаға баулу,  ұлттық өнерді насихаттау мақсатында өткен фестивальге 300 адам қатысты.…

Толығырақ
DSCN2813

БЕЙКҮНӘ БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ

Сейсенбі күні  сағат 15.27-де «101» өрт сөндіру қызметіне кезекті шұғыл хабар келіп түседі. Бұл жолы өрт Строительная көшесі бойындағы екі қабатты №12 үйдің 5-ші пәтерінен шығыпты. Төтенше жағдай басқармасы бастығының орынбасары Ілияс Набиуллиннің айтуынша, өрт сөндірушілер 2  техникамен оқиға орнына 4 минутта жеткен. Жылжымалы баспалдақ арқылы пәтерге екі адам терезеден, тағы бір-екеуі балконнан түсіп, тілсіз…

Толығырақ

Тепловоздан секіріп, опат болды

«Шығыс» кенішінде оқыс оқиға салдарынан тепловоз машинисі опат болды. Тепловозды тоқтата салысымен секіріп түспекші болған 51 жастағы машинист басқыштан жерге құлап түскен. Басынан алған жарақаттан ол сол жерде тіл тартпай кетті. Еңбек инспекциясының мәліметінше, арнайы комиссия құрылып, мәселенің мән-жайын анықтауда.

Кенже ҚУАТ

КІТАПХАНАШЫЛАР – ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ ЖАНДАР

Адамзат баласының рухани серігі, қазына байлығы – кітап. Адамға рухани байлық сыйлап, ғылым мен білімнің терең сырынан сусындатар мәдени орын – кітапхана болса, барша оқырманды кітаппен қамтамасыз етіп отырған кітапханашылар еңбегі ұшан-теңіз.

1999 жылы Халықаралық балалар кітапханасы ассоциациясы 15 қазанды Халықаралық мектеп кітапханашылары күні деп бекітті.

Толығырақ
DSC_0046

Құтқарушылар-көмекке әзір

Қазанның 10-ы күні Төтенше жағдайлар басқармасы өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі мекемесімен бірлесе еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті. Сондай-ақ, бұл шара құтқару қызметінің 19 қазанда атап өтілетін төл мерекесіне орайластырылды.

Толығырақ
DSCF5229

Жетім балаларға ас берді

«Бір жетімнің маңдайынан сипасаң, жеті жұмақтың есігі ашылар» деген бар. Құрбан айтының екінші күні қаладағы «Әзірбайжан» этномәдени бірлестігінің төрағасы Мерали Бунятов «Үміт» балалар үйіндегі 62 балаға қайырымдылық асын берді. Бұған дейін жыл сайын осы мәдени бірлестік қаладағы бейімдеу орталығына көмек қолын созған көрінеді. Осы жолы ата-ана қамқорлығынсыз қалған қамкөңіл балаларға «Достық үйінде» дастархан жаюды жөн…

Толығырақ