орнамент

«Қазақ тілі» қоғамы құрылады

Екібастұз қаласында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысында «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігін құру туралы ұсыныс айтылды.

Қуанарлық жайт, бұл ұсынысты қала әкімі – жұмыс тобының төрағасы Қайрат Нүкенов құп алып, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айжан Жұмабаеваға бірлестік үшін кабинет және оны қаржыландыру жолдарын қарастыруды жүктеді.

Толығырақ
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Үлкенге орын бер!

Қыркүйектің 30-ы күні «Нұр Отан» партиясы ЕФ-ның  ұйымдастыруымен «Ардагерді ардақтайық» жобасы аясында «Үлкенге орын бер» атты акция өткізілді.

Шара аясында партия ерік-тілері қаламыздың барлық автобустарына «Үлкенге орын бер!» деген мәтінмен стикерлер жапсырып шықты.

Толығырақ
img-20161003-wa0014

Марал – үздік үштікте

Өткен аптада «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы еншілес ұйымдарының бас-пасөз қызметкерлері Астана қаласында жиналды. «Тиімді PR және баспасөз қызметіндегі GR» тақырыбындағы екі күндік семинарға қатысқан баспасөз хатшылары PR саласының заманауи мүмкіндіктерін үйреніп, тәжірибе алмасып қайтты.

Толығырақ
img-20161022-wa0015

Жазылушы күні

Біздің қалада «Жазылушы күні» атты дәстүрлі шара өтіп тұрады. Бұл шарада газет-журналдарды жаздыртып алып оқитын адамдар кеңінен қамтылады, олар байланыс қызметкерлерімен жақынырақ танысып, мерзімді баспасөз жайлы пікірлерін ортаға салады. Жұртшылықты газет-журналдарға жазылуға шақырады. Осы акцияны ұйымдастыруға мұрындық болған «Қазпошта» АҚ-ның Екібастұздағы бөлімшесі тұр-ғындарға жеңілдіктер қарас-тырып, түрлі ойындар ұйым-дастырады.

Толығырақ
20161022_101418_resized

Ұйымдастыра білген — ұтады

22 қазан, яғни, сенбі күні «Халық базарында» тағы да жәрмеңке өткізілді.

Бір апта бұрынғы сәтсіздік сабақ болған екен, бұл жолы ауыл шаруашылығы бөлімі жәрмеңкені ұйымдастыруға жіті көңіл бөліпті. Ал ұйымдастыра білген – ұтады. Жәрмеңкеге Ақкөл, Екібастұз, Сарықамыс, Құдайкөл, Қоянды, Ба-йет ауылдық округтері мен Бесқауға ауылынан 9 қара мал еті әкелініп, келісі 1000 теңгеден сатылды.

Толығырақ
орнамент

МОБИЛЬДІК ҚОСЫМША УАҚЫТ ТАЛАБЫНАН ТУДЫ, — дейді жас кәсіпкер Әнуар Жұмаділов

Уақыт алға озған сайын жаңа технологиялар жалын ұстатпас жүйрік аттай ерекше қарқынмен дамып жатыр.  Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелуде.

Толығырақ

Лига жаңаша аталады

Қаламыздағы «Мұсылман әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігі — қоғамдағы тәрбие ісіне араласып, барлық тағылымы мол іс-шаралардың басы-қасынан табылып жүрген бірлестік.

Қыркүйек айының 21-і күні қоғамдық бірлестік конференциясы өтіп, онда екі мәселе қарастырылды, біріншісі — бірлестіктің 2014-2016 жылдар аралығында атқарған жұмыстары жөніндегі есебі, екіншісі — қоғамдық бірлестік атауын «Нұр Ана Әлемі» етіп өзгерту жөніндегі ұсынысты талқылау.

Толығырақ
3

Туберкулез ауруханасы жатақханаға беріледі

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 — 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес  жаңа жылдан бастап қаламыздағы туберкулезге қарсы ауруханада оңтайландыру жүргізіледі, туберкулез ауруханасының білікті мамандары өздеріне бекітілген емханаларда жұмыстарын жалғастырады.

Толығырақ

Діни сауатты болу маңызды

Дәстүрлі дініміздің діңгегі — мешіттер көбейіп, жүрегіне иман ұялаған үлкен-кіші санының арта түсуі, әрине, көңілді өсіреді. Былтырғы жылдың 19 қыркүйегінде Зеленая роща ауылында Ар-Рахман мешіті ашылып, биылғы жазда құлшылық үйіне Ғаббар қожа аты берілгенінен оқырман хабардар. Таяуда редакцияға бас сұққан осы мешіттің имамы Дүйсенбек Оразалинов бір жыл ішінде атқарылған іс-шаралар жайын әңгімелеп берді.

Толығырақ
05bea0da-8e71-4133-a098-ebf173fdf2fd

Ескерткіш тақта ашылды

Қаламыздағы Северный көшесіне Ұлы Отан соғысының,  ішкі істер органдарының ардагері, милиция полковнигі Болат Шәпеновтің аты беріліп, көшеге ескерткіш тақта қойылды.

Қыркүйектің 24-і күні өткен ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына  мекеме басшылары, Болат Шәпеновтің туған-туыстары, дос-жарандары жиналды.

Толығырақ