Үздік шықты

Үсен Ахназарұлы Омаров басқаратын «Халық бизнесі» қоғамдық қоры Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың рейтингісінде үздіктер қатарынан табылды. Ұлттық бизнес-рейтинг ұйымдастыру комитетінің төрайымы Гүлнәр Хабибрахманова «Экономикалық жұмыс түрінің жалпы классификаторына» сәйкес жүргізілген нарықты саралау статистикасы нәтижесінде «Халық бизнесі» ҚҚ-ның Павлодар облысы бойынша үздік шыққанын хабарлады. Үздіктерге сертификаттар тапсырылып, Астана күнін мерекелеуге шақырылды. Марапаттау тамыз айының аяғында Астана қаласында…

Толығырақ

Мамандарға сұраныс көп

19 маусым күні қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жылдағыдай бос жұмыс орындарына еңбек жәрмеңкесі басталды. -Биыл ірі кәсіпорындардан: «ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС-і, «Шығыс» кенішінен, «Горводоканал» МҚК-нан және өзге де жеке кәсіпкерліктерден мамандарға сұраныс көп түсті. Әсіресе, бағдарламашы-инженер, заңгер, бухгалтер, экономистерге деген зәрулік байқалады. Ал қаладағы техникалық колледждерді бітірген түлектерге жұмыс табу…

Толығырақ

Еңбек еленді, шаттыққа бөленді

Екібастұз қаласының туған күні биыл да жылдағыдай кең көлемде аталып өтті. Мәдени-танымдық, ойын-сауықтық шаралар өткізіліп, қала тұрғындары мен қонақтары сейіл-серуен құрды. «Қазақстан» кинотеатры алдындағы орталық алаңда өткізілген «Әсем қалам, Екібастұз арайлы!» атты халықтық ойын-сауыққа жиналған екібастұздықтардың көңіл хошынан мерекелік шаттық лебі есіп тұрды.

Толығырақ

Аймақ басшысы — өңірімізде

Кеше қаламызда Қазақстан ардагер энергетиктерінің Ү республикалық форумы өз жұмысын бастады.  Облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған алқалы жиынға энергетика саласының елімізге танымал ардагерлерімен қоса Қырғызстан, Украина, Белорусь, Ресей елдерінің қарт энергетиктері қатысты.

Толығырақ

Аймақ басшысы — өңірімізде

Кеше қаламызда Қазақстан ардагер энергетиктерінің Ү республикалық форумы өз жұмысын бастады.  Облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған алқалы жиынға энергетика саласының елімізге танымал ардагерлерімен қоса Қырғызстан, Украина, Белорусь, Ресей елдерінің қарт энергетиктері қатысты.

Толығырақ

ӘЗІРЛІК БАЯУ, УАҚЫТ ТЫҒЫЗ

Құдіретті уақыт әр нәрседе өз белгісін қалдырады. Мейлі тастан, мейлі кірпіштен салынсын жылдар өте келе үй де тозады. Екібастұз қаласында да ескірген көп қабатты үйлер көп. Оны жөндеу үшін қыруар қаржы қажет екені айтпаса да түсінікті. Жылдар бойы қордаланған аталмыш мәселенің түйінін тарқатуға Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту бағдарламасы көмекке келген еді. Былтыр осы бағдарлама аясында қаламызда 14 көп қабатты үй жаңартылып, тұрғындары разы болған. Ал биылғы жазда 37 көп қабатты үйді жаңарту көзделіп отыр, ол үшін 540 млн. теңге қаржы бөлінбекші.  Бұл мәліметті «Нұр Отан» ХДП Екібастұз бөлімшесінде өткен отырыста естідік. Кезекті отырысқа партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық тұрғын үй инспекциясы мен «Офис сервис» ЖШС өкілдері қатысты.

Толығырақ

Біз тазалықты қалаймыз

Сәтбаев атындағы Ертіс-Қарағанды каналының аймағын тазалау акциясы қаламызда жыл сайын өткізіліп келеді. Бірнеше жыл бұрын қаладағы БАҚ және қалалық мәслихаттың депутаттары көтерген бұл бастаманы «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері мен студенттер жалғастыруда. «Биыл бұл бастамаға каналдың партия ұйымы да үн қосты. Осы акцияны Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында өткізгенді жөн көрдік»,-деді каналдың партия…

Толығырақ

Мәнерлеп оқудың шебері

№26 гимназия мектебінің оқушысы Дәурен Түсіпбаев Ресейдің Мәскеу қаласындағы мәнерлеп оқу шеберлерінің «Живая классика» атты халықаралық сайысына қатысып, дипломант атанып келді. «Живая классика» сайысы Ресейде биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Ілгеріде тек елдің ішінде ұйымдастырылса, биыл халықаралық деңгейде өткен конкурсқа біздің елімізден  6 бала қатысты.

Толығырақ