«ҚЫЗЫЛДАР ҚЫРҒЫНЫНЫҢ ІЗДЕРІ»

Қазақ тарихының ауыр да қасіретті кезеңінің бірі – 1930-шы жылдар. Ұлттың болашағына алаңдаған зиялылар бір төбе, солақай саясаттың бишігіне айналғандар бір төбе боп, қазақтың «бөліп ал да басқар» саясатының құрбаны болғаны да сол кез. Жаппай коллективтендіру науқаны мен ашық геноцид салдарынан ұлттың тамырына балта шабылды. Қолдан жасалған аштық пен қудалау зардабын тартқан қазақ халқы сол жылдары көп қырылып, саны жағынан едәуір азайған болатын. Тұтас бір ұлттың көбесі сөгіліп, «Елім-айлаған» зұлмат жылдар еді ол.

Толығырақ

ТАБЫСЫН ЕЛГЕ ЖАРИЯЛАДЫ

«Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалы  ұйымдастырған «Өзіңнен баста!» акциясы әлі жалғасуда. Осы акция аясында таяуда Екібастұз қаласының әкімі, орынбасарлары мен аппарат басшысы өз табыстары мен иелігіндегі мүлкін жария етті. Екібастұз қаласының әкімі Александр Федорович Вербняк — 2012 жылғы табысы 4508935,53 теңгені құрады. Жеке меншігінде Павлодар қаласында жер үйі, жер телімі, гаражы және де автомобиль…

Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР КЕҢЕСТІ

24 мамырда «Нұр Отан» ХДП Екібастұз филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өткізілді. Шараның мақсаты — аталған бағдарлама аясында мемлекеттік қолдау көрсету тетіктері мен талаптары туралы халық арасында кеңес беру-түсініктеме жүргізу. Бұл шараны ұйымдастырушылар бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың және шағын бизнес өкілдерінің арасында ашық сұхбат өткізуді ұйғарыпты.

Толығырақ

Балаларды қызықты шаралар күтеді

1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күні. Біздің балалар жыл сайын  «Шахтер» саябағында орналасқан аттракциондарда көңіл көтереді. Өкініштісі, бұл күні бала санының көптігінен аттракциондағы кезектің шеті көрінбейді. «Досуг» ЖШС-нің мерекеге әзірлігін білу мақсатында біз осы кәсіпорынның директоры Л.А.Гончаровамен телефон арқылы хабарласқан едік.

Толығырақ

Соңғы қоңырау сыңғыры

25 мамыр күні еліміздің түлектеріне соңғы рет мектеп қоңырауы сыңғырлады. Түлектер балалықтың бал дәурені, алтын ұя –мектебі, ұстаздарымен қимай қоштасты. Осы он бір жылдың ішінде түлектердің бірі – білімімен, енді бірі өнерімен өз білім ордасының қуанышы болды. Олар осындай жетістіктерге жетелеген ұстаздарының еңбегін айырықша бағалайды.

Толығырақ

«Аттандық сапарға, тосады жол алдан…»

Тағы бір оқу жылын аяқтаған оқушылар шат-шадыман. Ақ бантик тағып, ақ фартук киген қыздар тіптен құлпырып кетіпті. Көктемнің қатулы қабағы ашылып, ұл-қыздардың қуанышын бөліскен күн де жадырып, шуағын төгіп тұр. Мектептің ауласындағы жап-жасыл тал-теректердің жапырағы сыбдырлап, әуеде қалықтаған әсем әуенмен үндесіп, көтеріңкі көңіл күйді шалқытып жібергендей…

Толығырақ

Жас волонтерлар сертификат алды

Ақпан айында медицина мамандары «Тең-теңімен» бағдарламасына сәйкес ВИЧ/СПИД-тің таралуының алдын алу үшін волонтерлер дайындау шарасын қолға алған болатын. Осы мақсатқа қаладағы колледждердің студенттері тартылған еді. Волонтер болуға ықылас білдіріп, курсқа жазылғандар саны басында елуге жуық болғанымен, курстың аяғында 37 студент қалыпты. Олардың 17-сі қазақ тобынан, 20-сы орыс тобындағылар. -Бір қызығы,-дейді СПИД орталығы маманы Жұмагүл Смағұлова,-…

Толығырақ

Арманы асқақ, мақсаты биік

Оқушылардың он бір жыл бойы алған білімін сынға  салатын ҰБТ-нің ауылы алыс емес. Мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуге қызу дайындалуда. Қаламыздағы №26 гимназия мектебінің шәкірті Гүлдана Құнанбаева «Алтын белгіден» үміткер болып отыр.

Толығырақ

Табысын жария етті

Бұрынырақ хабардар еткеніміздей,елімізде  «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігінің ұйытқы болуымен «Сыбайлас жемқорлыққа «жоқ» дейміз!» акциясы өткізілуде. Аталмыш акция аясында «Өзіңнен баста!» акциясы басталып, мемлекеттік қызметшілер өз табыстары мен мүліктерін жария ету үстінде. 22 мамыр күні  «Нұр Отан» ХДП Екібастұз бөлімшесінде бірқатар мемлекеттік қызметші жиған-тергенін мәлім етті.

Толығырақ