БІР АТАНЫҢ БАЛАСЫНДАЙ

1 мамыр — еліміз үшін айтулы мерекелердің бірі. Бұл күні орталық көшеге мейрамды тойлауға шыққан ығы-жығы халық толып, шат-шадыман күй кешеді. Алаңда қолдарына қызылды-жасылды шарлар мен ойыншықтарын құшақтай ұстаған сәбилердің күміс күлкісі естіледі.

Толығырақ

Чернобыль — ХХ ғасырдың қасіреті

1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом электр станциясы жарылды. Бұл жайлы Совет халқы екі күннен кейін ғана хабардар етілді. Еуропа аспанында радиоактивті шаң-тозаң қалқып жүрді. Апат кіндігіндегі Припять қаласында жұрт ештеңені сезбей күнделікті тіршіліктерін жасап жатты. Совет басшылары алғашында ескі сарынға салып, апат жайында ешкімнің аузын ашқызбады, мәселені үнсіз жауап тастамақ болды. Алайда бұдан бір жыл бұрын Совет Одағының жаңа басшысы М.С.Горбачев жариялылық саясатын бастаған болатын. Сөйтіп, теледидар арқылы Чернобыль апаты туралы құрғақ мәлімет беріле бастады.

Толығырақ

Кезек «KEGOC» АҚ-нда

26 сәуір күні «Халықтық IPO» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Осы акция аясында «Нұр Отан» ХДП-ның Екібастұз филиалында жергілікті өнеркәсіп орындары басшыларының қатысуымен кездесу өткізілді.

Толығырақ

Жылу ақысы қайта есептеледі

«Отарқа» газеті оқырмандарының есінде болса, өткен сандардың бірінде /18.04.2013 №16/1162 «Жылу ақысын толық қайтарыңыздар»/ қала әкімінің орынбасары Н.В.Дычконың ұйымдастыруымен «Павлодарэнерго» ЖШС бас директоры Т.Арғыновтың орынбасарларымен бірге біздің қалаға арнайы ат басын бұрып, ПИК басшылары және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездескенін жазған болатынбыз. Осы кездесуде екібастұздық тұтынушылар қыстың қақаған аязында жылу қазандығы екі рет істен шығып, қала…

Толығырақ

«Жарайсыңдар кадеттер!»

Жақында №26 гимназия-мектебінде 10 сыныптар арасында ҚР Қарулы Күштерінің 21 жылдығына арналған «Жарайсыңдар, жас кадеттер!» сайысы өтті. Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында өткен іс-шараны алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері, аға лейтенанттар А.Ахметов пен Н.Калыков ұйымдастырды. Мектеп басшысы Г.Сванқұлова сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеген соң, іле ойын да басталып кетті. Сайыстың тапсырмалары: саптық байқау (команданың киім үлгісі, ұраны, белгісі, бір, екі қатарлы сап, орнындағы бұрылыстар, саптық ән айту), атыс дайындығы (АК-74 бөлшектеу, жинау, қарумен саптық тұрыс), спорттық шаралар (16 келі кір тасын көтеру, кермеде тартылу, арқантартыс), азаматтық қорғаныс (медициналық көмек көрсету әдістері, газтұмылдырық кию, жалпы әскери қорғаныш костюмін кию).

Толығырақ

Әрқашан да дайынбыз!

Жыл сайын Отан қорғаушылар күні қарсаңында қалалық ішкі саясат бөлімінің бастамасымен мамандандырылған кадет мектебінде арнайы шара ұйымдастырылады. Биылғы әскери-патриоттық спартакиадаға да қаламыздағы барлық оқу орындары бес қаруы сай күйінде келді.

Толығырақ

«Нұр-Мүбәрәк» университетінің өкілдері – Екібастұзда

19 сәуірде «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы, ақида ғылымының докторы Мухаммад Махфуз, Хазрет Сұлтан мешітінің ұстазы Мақсатбек Мақсұтұлы және Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп мешітінің бас имамы Нариман қажы Ермекұлы Исенов Екібастұз қаласына арнайы іссапармен келді. Дін өкілдері мешітке жиналған жамағатқа «Ауызбіршілік және дініміздің құндылықтары туралы» тақырыбында және деструктивті культтерден балаларды сақтандыру, жалған діни ұйымдарға кірмеудің жолдары, терроризм мен экстремизмнің қауіптілігі жайлы әңгімелеп, Қазақстан Республикасында тыйым салынған діни ұйымдардың тізімін жария етті. Уағызды арабшадан қазақшаға Екібастұз мешітінің бас имамы Ахметов Мәди Айдарханұлы аударып отырды.

Толығырақ

Үндінің ертегі әлемі

Екібастұз қаласындағы «Балалар әлемі» дүкенінде орын тепкен үнді жәрмеңкесі қалалықтар үшін құшағын айқара ашты. Үнді көрмесі екібастұздықтар үшін таңсық емес. Әйтсе де, әрбір келген сайын жәрмеңкеге жұрт аз жиналмайды. Жәрмеңкені ұйымдастырушы Икбал Асиф үнді көрмесінің Қазақстан қалаларын 2 жылдан бері аралап келе жатқанын айтады. Мұнда сауда жасаушылар Үндістанның Агра, Дели, Калькутта сияқты ірі қалаларынан келіпті.…

Толығырақ